Докторнатураға түсу емтиханының бағдарламасы


ХҮІІІ ғ. - ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті



Pdf көрінісі
бет13/44
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#67376
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
Байланысты:
6D011400 – Тарих каз

ХҮІІІ ғ. - ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті. ХҮІІІ ғ. Қазақстандағы Ресей 
экспедициясы. Қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Тәттіқара, Үмбетай 
Тілеуұлы, Шал Күлекеұлы. Ревалюцияға дейінгі қазақ музыка өнерінің өкілдері Құрманғазы, 
Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Біржан Қожақұлы, Ақансері, Байжігіт және басқалар.
ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы ғылым, ағартушылық және 
реформаторлық бағыттар. Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің
маңызы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі. А.Құнанбаевтың қазақ мәдениетінің 
дамуына қосқан үлесі. А.И.Левшиннің, Семенов-Тянь-Шаньский, Затаевичтің қазақ тарихы, 
мәдениеті бойынша еңбектерінің маңызы.
1888-1902 жж. тұңғыш қазақ тіліндегі «Дала уәлаяты» мерзімді басылымның жарыққа 
шығуы. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті. Шығарушы редакторлары, идеялық бағыттары.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі – ХХ ғ. басы.). 
Қазақ ұлттық интеллигенциясының реформаторлық қозғалысының ерекшеліктері. І орыс 
революциясының Қазақстанның саяси дамуына ықпалы. Мемлекеттік дума. Столыпиннің 
агралық реформасы.  
Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық.  
Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына әсері. Қалалар мен өндіріс 
орындарындағы ереуілдер. Қазақстан облыстарында төтенше-әскери жағдайдың енгізілуі. 
М.Дулатовтың қазақ ұлтының өмір сүруінің проблемаға айналуы мәселесін көтеруі.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы. Қазақ қоғамының жарлыққа көзқарасы. 
Жетісу мен Сырдария облыстарындағы көтерілістер. Каспий және Орал облыстарындағы 
көтерілістер. Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы көтерілістер. Көтеріліс 
басшылары. Көтерілістің салдары.


Ақпан революциясы және Қазақстан. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-
демократиялық революциясы. Қос үкіметтің құрылуы. Қазақ интеллегенциясының өкілдері 
Уақытша өкіметтің басқару орындарының құрамында. Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, 
М.Тынышбаевтардың және басқалардың қызметі. Қазақ комитеттері – қазақ халқының 
мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі. Алаш ұлттық-саяси партиясының құрылуы. 
«Үш жүз» партиясының басшылары және олардың ұстанған саяси бағыты. Ақпаннан Қазанға 
дейінгі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Жастар ұйымдары. 
Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметтері құрылуының Қазақстан 
тарихындағы тарихи маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет