3. Балдық 4,0-3,67 , Әріппен А - А-В % жүйесімен 95-100 - 90-94 Берілген сұраққа толық, кеңейтілген жауап беруі тиіс. Пән бойынша теориялық-
методологиялық білімдерінің жиынтығын көрсетуі, негізігі тұжырымдар бойынша дәйекті
мәліметтер беріліп, жауап нақты жүйемен, логикалық бірізділікте қарастырылып отырған
мәселе бойынша негізгі түсініктерді, теориялық, хронологиялық білімдерін қамтуы тиіс. Пән
бойынша білімі сол ғылым саласы бойынша және пәнаралық байланыста және болашақ
мамандығы бойынша тәжірибеде пайдалана білуін көрсете білуі тиіс. Докторантураға
түсушілер сұрақ бойынша деректемелік және тарихнамалық терең білімін көрсетулері тиіс.
Балдық 3,33 -2,67, Әріппен В+В,В- ., % жүйемен 85-89.80-84,75-79 – «жақсы» – «4» Жауап,
пән
бойынша
негізгі
білімдерінің
тереңдігін,
жан-жақтылығын,
терминологиялық аппараттыты игергендігін көрсетеді; тарихи құбылыстар мен үдерістердің
мәнін түсіндіре білу біліктілігін, қорытынды және жалпылама жасай білуін; мысал келтіре
білуі, дәйекті жауап бере білуі, логикалық және бірізлікте берілуі тиіс. Пән бойынша
деректемелік және тарихнамалық білімін көрсетуі тиіс. Алайда, жауабында бір үлкен қателік
жасалған жағдайда қойылатын баға.
Балдық 2,33 -2,0,1,67-1,33,1,0., Әріппен С +,С, С-, D+, D, D-., В % 70-74,65-69,60- 64,55-59,50-54 Жауабы толық емес, жеткілікті деңгейде терең білім көрсете алмауы. Мәселені
мазмұндауда логика мен бірізділік бұзылса, түсініктер мен терминдерді дұрыс
қолданбау.докторнтураға түсуші оқу курсының теориялық-методологиялық негіздерін
игермеген, себеп-салдарлық байланысты және маңызды және маңызды емес мәселелерді өз
бетінше ажырата, жауаптарын қорытындылай алмайды. Жалпылама білімді аша алмауы,
жазбаша жұмыста грамматикалық және мазмұны бойынша қателіктерге жол берілген. Түзету
мен қателермен жұмыс істеу қажеттігі болғанда. Докторантураға түсушінің мәселе бойынша
деректемелік және тарихнамалық білімін көрсете алмауы.