Қола дәуірі (б.з.б. ХҮІІІ-ҮІІІ ғғ.). Дәуірдің ерекшеліктері. Қола дәуіріндегі Қазақстан
тайпаларының шаруашылығы мен тұрмысындағы өзгерістер. Металлургия мен мал
шаруашылығының дамуы. Бақташы мал шаруашылығы, жайылымдық жерлерді пайдалану,
көшпелі мал өсіру. Мүлік теңсіздігінің, жеке отбасының пайда болуы, тайпалык үстем топтың
бөлініп шығуы. Қазақстандағы қола дәуірінің хронологиялық шеңбері, кезеңдерге бөлінуі
және мәдениеттері. Андронов мәдениеті: алғаш табылған жері, таралу аймағы. Орталық
Қазақстандағы Андронов мәдениетінің даму кезеңдері. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Петроглифтер -Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас, ежелгі қалашық Арқайым т.б. Қола
дәуіріндің материалдық мәдениеті және оның Қазақстан аумағына тән ерекшеліктері. Қола
индустриясының дамуы. Дін. Жерлеу салты.
Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар. Сақтар (б.з.б. ҮІІ-ІІІ ғғ.). Ерте темір
дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығына жаппай көшу. Еуразия кеңістігінде сақ-скиф
қауымдастығының орналасуы. Қазақстан территориясындағы сақтар мен савроматтар.
Сақтардың тайпалық одақтарына қатысты жазба мәліметтер.
Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Бесшатыр, Тасмола мәдениеттері,
Шілікті обалары. «Алтын адам» табылған Есік қорғаны. Сақтардың аңдық стилі. Б.з.д. 1 м.ж.
Дала жолының функциясының ерекшеліктері. Сақтардың саяси тарихы. Көрші мемлекеттер:
Ассирия, Мидия, Парфия, Иранмен халықаралық қарым-қатынасы. Кир, Дариймен соғыстары.
А.Македонскийдің жаулап алушылық соғыстары.
Ғұндар және үйсіндер.Қытай деректері. Ғұндар мен үйсіндер туралы мәліметтер.
Ғұндардың саяси тарихы. Шаруашылығы. Қоғамдық құрылысы. Әскери өнері. Мәдениеті.
Үйсіндердыің шығу тегі туралы жазба деректер. Үйсін мемлекетнің құрылуы және
орналасу аймағы. Үйсін мемлекетінің қоғамдық-саяси құрылысы. Үйсіндердің саяси тарихы.
Тұрмысы. Мәдениеті.
Қаңлылар. Қаңлылар туралы деректер. «Кангюй» терминінің тарихи деректерде
алғаш айтылуы. Қаңлылардың орналасқан территориялық аймағы. Қаңлы мемлекетінің
құрылуы, орталығы, қоғамдық-саяси, әлеуметтік құрылымы. Саяси тарихы. Қалалары мен
қоныстары. Шаруашылығы. Қолөнері. Мәдениеті. Сауда. Басқа елдермен қарым-қатынасы.