Докторнатураға түсу емтиханының бағдарламасы


ҮІ-ХІІ ғғ. Түркі халықтарының мәдениеті



Pdf көрінісі
бет7/44
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#67376
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
6D011400 – Тарих каз

ҮІ-ХІІ ғғ. Түркі халықтарының мәдениеті. Түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген 
халықтар туралы жазба, археологиялық және этнографиялық деректер. Оңтүстік Қазақстан 
мен Жетісудағы қала мәдениеті. 
Материалдық мәдениет. Духовная культура тюркских народов в VI-XIII ғ. түрік 
халықтарының рухани мәдениеті. Діни сенім, салт-дәстүрлер. Тәңәршәлдәк. Ежелгі түрік 
руникалық жазба ескерткіштері. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары, авторы. Түріктерде 
ислам дінінің таралуы. ІХ-ХІІ ғ.түрік ғалымдары мен ойшылдары: әл-Фараби, Жүсіп 
Баласағұн, М.Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани және басқалары. 
Қазақстанның ортағасырлық мәдениетіндегі ғылыми еңбектердің рөлі. Кетбұға, Сыпыра 
жыраулар. 
Алтын Орда (1243 – ХҮ ғ. ортасы). Монғол тайпалары жөніндегі жазба деректер. Қазақстан 
территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енуі. Монғолдардың жаулап алған 
елдерді ұлыстарға бөлуі, ол ұлыстардың территориясы, этникалық құрамы. Қазақ жерлері 
монғол хандары құрған ұлыстар құрамында. Жошы, Шағатай,Үгедей ұлыстарының 
территориялық аймағы.
Алтын Орданың құрылуы (1243). Алтын Орданың Моңғол империясынан оқшаулануы. 
Алтын Орданың территориясы, құрамындағы халықтардың этникалық және басқа 
ерекшеліктері. Шаруашылығы, оның түрлері, діні, тілі, мәдениеті. Саяси құрылымы. Хандық 
билік. Басқару жүйесі. Алтын Орда тарихындағы 1312 жыл. 1321 жылғы Өзбек ханның 
жүргізген ақша реформасы. Мұрагерлік жол. Алтын Ордадағы салық жүйесі. Әскерінің 
құрылымы.
Өзбек және Жәнібек хандар тұсында Алтын Орданың күшеюі. ХІҮ ғ. 60-70 жж. 
«дүрбелең кезең». Куликова шайқасы. Тоқтамыс хан (1380-1395) тұсындағы Алтын Орда.
Алтын Орданың ыдырауы. Қазан, Қырым, Аштархан, Әбілхайыр хандықтарының, Ноғай 
Ордасының бөлініп шығуы.
Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері. Орда Ежен ұлысы, территориясы мен 
тайпалық құрамы. Ақ Орда хандарының ішкі-сыртқы саясаттары. Ақ Орданың Алтын 
Ордамен қатынасы. Алтын Ордадағы «дүрбелең кезең» және Ақ Орда. Ұрыс ханның тұсында 
Ақ Орданың Алтын Ордадан тәуелсіз хандық болып жариялануы. Барақ хан (1423-24-1428) 
тұсындағы Ақ Орда. Ақ Орданың күйреуі. Ақ Орда тарихының Қазақстан тарихында алатын 
орны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет