Докторнатураға түсу емтиханының бағдарламасы


Қазақстан территориясындағы ертеортағасырлық мемлекеттер



Pdf көрінісі
бет5/44
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#67376
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
6D011400 – Тарих каз

Қазақстан территориясындағы ертеортағасырлық мемлекеттер -ҮІ-ХІІ ғғ. түркі дәуірі)  
Түрік қағанаты (552-603 жж.). Еуразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түркілердің 
шығу тегі туралы деректер мен зерттеулер. «Түрік» этнонимі. Түркілер Жужань 
империясының құрамында. Бумын қаған және Түркі қағанатының құрылуы. ҮІІ ғ. Мұқан 
қағанның тұсында Түрік қағанатының Орталық Азияда саяси үстемдікке жетуі. Естеми қаған 
тұсында қағанаттың батыс бөлігінің күшеюі. Түрік қағанатының халықаралық байланыстары. 


Орталық Азия халықтары тарихында Түрік қағанатының алатын орны. Мәдениеті, діни 
сенімдері.
Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Территориясы, тайпалары. Саяси тарихы. 
Қағанаттың әлеуметтік-саяси құрылымы. Жегуй қаған тұсында қағанаттың күшеюі. 
Соғдылықтардың Батыс Түркі қағанатындағы орны мен рөлі. Ішкі қайшылықтар. Батыс Түрік 
қағанатының ыдырау себептері.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Түргеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған және 
түргештердің Батыс Түрік мемлекеттігін қайта қалпына келтіруі. Суяб қаласы қағанаттың 
саяси орталығы. Ішкі құрылымы: қара және сары түргештер, тұтықтарға бөлінуі. Қағанаттың 
Сақал тұсындағы нығаюы, оның жүргізген шаралары. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. 
Арабтармен, Тан империясымен күрес. Түргеш қағанатының құлауы.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларының шығу тегі туралы жазба 
деректер. Қарлұқ қағанатының құрылу. Қарлұқтардың этносаяси тарихы. Қарлұқ 
мемлекетінің сыртқы саясаты. Қарлұқтардың мұсылман дінін қабылдауы. Қарлұқтар мен 
қарахандар әулеті. Қарлұқтардың шаруашылығы, сауда-саттық қатынастары. Қалалар және 
Жібек жолы.
Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Қарахандықтар туралы тарихи деректер. Әулеттің 
этникалық негізін салудағы яғма, шігіл тайпаларының рөлі. Сатұқ Боғрахан – Қарахандар 
әулетінің негізін салушы. Қарахандар мемлекетінің астаналары. Қарахандықтардың саяси 
билігінің Мәуереннахрға таралуы. Селжұқтармен, хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси 
байланыстары. Феодалдық қатынастардың дамуы. Жер иеленудің сойырғал, уакф (вакф), 
коммендация түрлері. Исламнның Қарахан мемлекетіндегі рөлі. Әлеуметтік-саяси құрылымы. 
Феодалдық бытыраңқылық. Қарақытай шапқыншылығы, селжүктермен соғыс және Қарахан 
мемлекетінің құлауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет