Досанова м. М



бет24/36
Дата10.07.2023
өлшемі291,24 Kb.
#104161
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
ОФПД лекция жинағы

2.Еңбекке баулу
Педагогика ғылымы ретінде еңбекке баулу әдістемесінің зерттеу объектісі, міндеттері мен әдістері.
1. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу бойынша бағдарламалардың құрылымы.
2. Еңбекке баулу пәнінің ерекшелігі.
3. Пәннің басқа оқу пәндерімен байланысы (пәнаралық байланыс)
4. Бастауыш мектеп оқушыларын еңбекке баулу әдістері
5. Ұйымдастыру формалары мен құралдары

1. Оқуға сапалы қатынасты азамат болып қалыптастыруды жеке тұлғаның және интелектуалды дамуын дара білімнің даму тәрбиесі.


2. Еңбек сүйгіштікке, еңбектегі қажеттілігін, еңбек адамына құрметпен қарауға, табиғаттың байлығын ұқыпты қарауын тәрбиелеу.
3. Еңбек дағдыларын және техникалық, техникалық конструкторлық және экономикалық білімдерін қалыптастыру.
4. Поли техникалық көзқарастарын кеңейту.
5. Еңбек түріне байланысты жұмыста мамандарды қалыптастыру.

Жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарыныда еңбекке баулу сабағы Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандартына сүйеніп құралатын оқу бағдарламасы бойынша өтіледі. Еңбекке баулу сабағының мазмұнының құрылымы мынандай. Негізгі 4 блок бойынша оқытылады.


І Өзіне - өзі қызмет ету.
ІІ Ауылшаруашылық еңбек.
ІІІ Техникалық еңбек.
ІV Көркем еңбек.

Бұл блоктың бөлімдер мынандай еңбек түрлерінен қамтылған.


І. Өзіне - өзі қызмет ету


1. Киімді күту, жөндеу (жамау)
2. Бөлмені, сыныпты тазалау.

ІІ. Ауылшаруашылық еңбек.


1. Сыныпта атқарылатын жұмыстар.
2. Тәжірибе үлесімінде атқарылатын жұмыстар.
3. Тірі табиғат бұрышында атқарылатын жұмыстар.
4. Мектеп фермасында өткізілетін жұмыстар
ІІІ. Техникалық еңбек
1. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс.
2. Құрастыру, техникалық үлгілеу.
3. Ағашпен жұмыс.
4. Металлмен жұмыс.

ІҮ. Көркем еңбек


1. Ермексаз және сазбалшықпен жұмыс.
2. Матамен жұмыс.
3. Қолданбалы қолөнер.

Оқушылар 4 жыл ішінде бейнелеу пәнімен байланысты архитектура (сәулет өнері) мүсін, графика, техника, сәндік қолданбалы қолөнер шығармасымен танысады. Дизайндық білім негіздерімен танысадыӨзіне-өзі қызмет ету еңбегі барысында оқушылар күнделікті тұрмыста кездесетін жұмыстарды атқаруды үйренеді.Мысалы: Кластағы жұмыс орнын (парта үстін) таза ұстау, кітаптары мен дәптерлерін қанттай ұқыпты ұстай білу, киімдерін таза ұстау, тазарта білу, жамау, түйме қадау ілгек түрін қадай білуге үйренеді.


Ауылшаруашылық еңбегі қала және ауылдық мекендерде екі бағытта жүргізіледі.
Ауылшаруашылық жұмыстары көбінесе жергілікті жердің жағдайымен мектептің мүмкіндіктеріне қарай жоспарлануы тиіс.
Күнтізбелік тақырыптың оқу жоспарын тізген кезде бастауыш класс мұғалімдері өзгеріс, қосымша материалдар енгізе алады.
2002 жылы оқу жылынан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы жалпы бастауыш білімінің “Еңбекке баулу” пәні бойынша (І-ІҮ кластар үшін) 1998 жылы қабылданған білім стандартын қайта қарап еңбек бөлімдері қайтадан өзгертілді.
Жаңа нұсқада “Еңбекке баулу” пәнінің мақсаты – білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес еңбек іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру деп айқындалды. Осыған орай “Еңбекке баулу” пәнінің міндеттерінің желісі түзілді:
- оқушының жеке тұлғасын мотивтік саналарын дамыту.
- оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
- оқушының қарапайым құралдармен және әртүрлі материал-дармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру.
- пәндік практиканың дағдыларын қалыптастыру.
Стандартта “Еңбекке баулу” пәні оқушының технологиялық даярлығын жүзеге асыратын оқу пәні ретінде жаңа сипаттамаға ие болды:
- еңбек мәдениеті туралы алғашқы түсініктер.
- өмірдің әртүрлі саласында қолданылатын жалпы еңбек дағдылары.
- түрлі материалдармен және басқалармен ерекшеленеді.
- техникалық еңбек негіздері.
- көркем еңбек негіздері.
- тұрмыстық еңбек негіздері.
- дизайн негіздері.
Еңбекке баулу пәнінің базалық бағдарламасы мына бөлімдермен қамтылды:
1. Техникалық еңбек.
2. Көркем еңбек.
3. Дизайн.
4. Тұрмыстық еңбек.
Барлық оқу жүктемесінің көлемі 272 сағат көлемінде сақталды.
Ауылшаруашылық еңбек бөлімі “Дизайн” бөлімімен өзіне-өзі қызмет ету бөлімі тұрмыстық еңбек, еңбек бөлімімен өзгертілді. Дизайн бөлімінің мазмұны бұйымдарды көркемдеп өңдеу, оларды эстетикалық жүйеде безендіруге машықтандыру.
2. Еңбекке баулу ерекшелігі
Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі-балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу. Еңбекке баулу сабағында баланың ой-өрісінің дамуына түсініктерінің кеңейюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негіделуіне әсерін тигізу үшін біріншіден еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің өзінің саяси сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып, білім аясы терең әрі жан-жақты болуы шарт. Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып жатқан жас жеткіншектерге жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу. Еңбекке баулу пәнінің міндеті-осы мақсаттарды шешуді көздейді. Пәннің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін ,формаларын игеру. Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болмағанымен оқу материалының ауқымы көлемді. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені, сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттаған жасөспірімдердің бойына ерте бастан дарыта білу керек. Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда өтілетін барлық пәндердің ара саледі. Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі. Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың орныдайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Бұл жұмыстар алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылы бас кезінде әрбір жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс. Еңбек сабағының блоктық бөлімдеріндегі жұмыс түрлерін, тапсырмаларды орындауға ыңғайлы оқу кезеңдерінің жыл мезгілдеріне байланысты рет-ретімен жоспарлай білуі тиіс. Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімдері еңбекке баулу сабағының тақырыптарының негізгі оқу мақсатын, сабаққа қойылатын негізгі талаптарды орындай білуі керек. Екіншіден, күнделікті өтілетін әрбір сабақты сапалы әрі жауапты түрде өткізе білуі тиіс. Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт. Сабақтың жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. "Сабақ мұғалім, күнбе-күн оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан-жақты дамытатын оқу-тәрбие прлцесінің негізгі саласы", деген Сухомлинский. Сабақта мұғалімнің жеке басының үлгісі оқушылар үшін маңызды екені белгілі. Бұл туралы Сухомминский былай деп жазған : "Сабақ мұғалімнің жалпы педагогикалық мәдениетінің бет-бейнесі, оның зияттық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің , білімдарлығының көрсеткіші".
3. Пәннің басқа оқу пәндерімен байланысы (пәнаралық байланыс)
Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі екендігі жоғарыда айтылды. Пәнаралық байланыстың қажеттігі дүниенің бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін қалыптастыру міндеттерінен туындайды. Ол оқу пәндерінің топтары деңгейінде табиғаттың, қоғамның, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі жетекші және жалпылама қағидаларды қамтиды. Оқу пәндерінде қарастырылатын аталмыш қағидалар оларды білім беру мазмұнының біртұтас жүйесіне біріктіреді. Бұл жерде пәнаралық байланыстың дүниетанымдық қызметі маңызды рөл атқарады.
Пәнаралық байланыс негізінде білімдер жүйеге келтіріледі, олардың беріктігі қамтамасыз етіледі. Пәнаралық байланыс бірқатар оқу пәндеріне ортақ негізгі қағидалар, ұғымдар, деректер, ғылыми таным әдістері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында оқу материалының қайталанбауы, тиімді орналасуы, мұғалімдердің бірлесе жұмыс істеуі сияқты бірқатар педагогикалық ұйымдастыру мәселелері шешіледі.
Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнін оқытудағы пәнаралық байланыс, негізінен, бес пәннің байланысын қажет етеді. Ол пәндерге музыка, бейнелеу өнері, ана тілі, математика және дүниетану жатады. Бірақ сонымен бірге, алдыға қойылған мақсат-міндеттерге және оқушылардың ықылас, белсенділігіне қарай география, тарих, ботаника т. б. Пәндердің қарапайым элементтері қолданылып, байланыстырылу жолдары да кездеседі.
Еңбекке баулу пәні негізінен оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге бағытталады. Мектептерде еңбекке баулу мен музыка пәндерін, өнер саласының элементтерін пәнаралық байланыста оқыту оқу пәндерінің эстетикалық бағыттылығын жүзеге асыруға негізделеді.
Бұдан шығатын қорытынды - бастауыш сыныптарда еңбекке баулу сабақтарын музыка пәнімен мейлінше көбірек қабыстыру қажет. Әр сабақ сайын өтілетін тақырыпқа байланысты, сабақтың мақсатына қарай музыкалық шығармаларды молынан қолданған жөн. Бастауыш сыныптардың барлығында өтілетін еңбекке баулу пәнінің халықтық-сәндік қолөнер тақырыбындағы сабақтардың өтілу желісін қазақтың күйлерімен байланыстыру көп пайдасын тигізіп, оқу нәтижесінің жоғары болуына мол ықпал жасайды. Ұлттық күйлер әсіресе бастауыш сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктеріне байланысты сезіміне зор әсер етіп, қиялы мен ойлауына позитивті түрде ықпал етеді. Тек ескеретін жайт - күйді ырғағына қарай таңдап алып, дыбысын қатты етпей, сабаққа кедергі жасамайтындай етіп пайдалану.
Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. Оқыту процесінде пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай:
-пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;
-өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;
-байланыс компоненті немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының ерекшелігі;
-пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.
Сабақ беруде пәнаралық байлынысқа мән бермеу - оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
4. Бастауыш мектеп оқушыларын еңбекке баулу әдістері
Оқыту әдістері педагогикалық әдебиеттерде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсатына жетуге бағытталған, оқытушы мен оқушы қызметінің өзара байланыс тәсілі ретінде қарастырылады. Педагогика ғылымы мен мектептегі оқыту практикасында бай оқыту әдістері жинақталған. Оқыту әдістерінің әр түрлі классификациясы өмір сүреді.

Еңбекке және кәсіпке баулу үшін оқыту мен беруші қызметінің тәсілдері бойынша әдістерді жіктеу едеуір шешілді. Еңбекке және кәсіпке баулуда өз ара байланыс екі жақсы процесс оқытудың өз бетінше практикалық қызметі мен оқытудың басқару қызметі орын алады. Сондықтанеңбекке баулу әдістерін өз ара тығыз екі топқа бөлуге болады.


1. Оқытудың басшылығын оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау әдістері.
2. Оқыту әдістері.
Еңбекке және кәсіпке баулуда төмендегідей оқу әдістері кеңінен тараған.
1. Жаттығу (ақыл-ой қозғалыс, аралас)
2. Оқу эксперименті (лабораториялық, практикалық жұмыстар, ауылшаруашылық тәжірибе)
3. Оқу өндірістік жұмыстар.
4. Тапсырмаларды шешу. (техникалық, технологиялық, экономикалық)
5. Техникалық құжаттармен жұмыс жасау (оқу, схемалар сызбаларды, технологиялық карталарды оқу, құру, т.б)
6. Ғылыми техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау.
5. Ұйымдастыру формалары мен құралдары
Оқушылардың құралымен оқушылар іс-әрекеті қажеттілігімен және оларды мұғалім тарапынан басқару тәсілдерімен анықталады. Еңбекке және кәсіпке баулудағы негізгі ұйымдастыру формалары болып 1. Сабақ немесе оқу. 2. Практикум. 3. Экскурция. 4. Өндірістік жағдайларға ұйымдастырылған еңбек практикасы.

1. Оқу материалдарын түсіндіруде, ауызша мазмұндауда төмендегідей талаптар қойылады: дидактикалық принциптерде біркелкі және өз ара байланыста ұдайы сақтау.


2. Тірек білімдерді қолдану және нақтылау жолымен жаңа оқу материалдарымен меңгеру мен қабылдауға оқушыларды дайындау.
3. Тақырыпта немесе проблеманы, мақсат пен міндетті хабарлау.
4. Хабарланатын білім мен ептіліктер есебін оқу материалдарының мазмұнын іріктеу.
5. Логикалық ретіліктті сақтау.
6. Аргументтілігі, делелдеушілікті сақтау.
7. Оқу материалдарын меңгеруді ұдайы басшылыққа алу.
8. Оқу материалдарын жалпылау, қорытындылау, жүйелеу, қорытындыны жүргізу, игеруді түзету.
Оқу материалдарын ауызша баяндау және түсіндіру әдістерін қоданудың тиімділігі әдсітемелік тәсілдерді дұрыс пайдалануға байланысты.

Әдістемелік тәсілдер оқу тәрбие мақсатына жетуде бағаланған мұғалім мен оқушылардың жекеленген іс-әрекеті немесе әдістемелік құраушы элементтері мұғалімнің жұмыс істеу әдістерінде әр түрлі әдістемелік тәсілдер өмір сүреді немесе көрінеді.


Логикалық тәсілдер, оқушылардың ойлау қызметін қалыптастыру, тәсілдері, оған жататындар басты сын, маңызды сын бөлу, салыстыру, талдау, жинақтап қорыту және т.б. Техникалық тәсілдер мұғалім мен оқушы қызметінлегі құралдарды әр түрлі жабдықтарды, материалдарды, бейімдеу құралдарын, тиімді оқу құралдарын, техникалық оқу құралдарын тиімді пайдаланып қарастырады.
Дүниеге келген сәбидің адам болып, жеке тұлға ретінде дамуына себепкер - еңбек. Демек, еңбек тәрбиесі адам өмірі үшін ең қажет маңызды тәрбие. Сондықтан бала өміріне қажет тәрбиені және тәрбиеге қатысты маңызды мәселелерді бір ғана мақсатпен шешу мүмкін емес.
Оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу дің мақсаттары:
Баланың еңбекке қабілеттілігін дамытып, жетілдіру, еңбекті сүюге баулу.
Баланы еңбекке машықтандыру арқылы әске икемділігін, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.
Еңбекті шығармашылықпен, қызығушылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге үйрету.
Баланың ынта- ықыласын, икемділігін, талантын бағдарлап оны дамыту.
Баланың өзін-өзі тану қабілетін жетілдіру және оған ықпал жасау.
Баланың ұлтық санасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Білім және тәжірибе негізінде еңбекті сапалы, өнімді етіп жасауға және кәсіби еңбек түрі мен өнертануға баулу.
Ата мұраны қалыптастыру және дамыту.
Баланың білім деңгейін, іскерлік дағдыны игеру дәрежесін жақсарту, оқыту жүйесін жәтілдіру.
Балаға білім алуға оңтайлы жағдай жасау, жалқаулықтан сақтандыру.
Бала еңбегін талдау, ынталандыру, насихаттау, мұғалім мен оқушының ара қатынасында түсіністік пен сенім орнату.
Еңбектің нәтижелілігін арттыру.
Жұмыс орнының гигениялық тазалығыны сақтау.
2. Сабақ - еңбекке баулу бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі форма
1.Сабаққа қойылатын талаптар.
2. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу.
3. Сабақты әдістемелік талдау.
4. Әртүрлі еңбек түрі бойынша сабақтардың үзіндісін әзірлеу.

1. Сабаққа қойылатын талаптар.


Сабаққа дайындық оған қойылатын талаптарды іске асырады. Қазіргі педагогикалық еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру позициясына сай ол талаптар мыналар:
1. Сабақ динамикасы – бүтін, біртұтас жүйе. Жеке логикалық байланысты элементтерден құралады.
2. Әр бөлік оқу-танымдық, тәрбиелік міндетті іскеасырады.
3. Әр сабақ - сабақтар жүйесінің арнайы бөлігі.
4. Әр сабақ басқа пәндермен, тақырыптармен, өмірмен және практикамен байланысты.

2. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу.


Бастауыш мектеп жасындағы балалардың іс-әрекетінің бір түрі – еңбек. Еңбек әрекеттерінің мазмүны мен оған қойылатын талаптар балалардың жас шамасына қарай күрделене түседі. Ол жоғарыда бағдарламада айтылған. Мәселен, бастауыштың жоғары сыныптарындағы балаларға тәрбие беруде балалар еңбегін ұйымдастыруға төмендегідей міндеттер қойылады:
- үлкендер еңбегіне ынта-ықылас қойып қарау, анасының үйдегі, әкесінің даладағы еңбек нәтижелерінің әсемдігінен эстетикалық ләззат алу (техникалық қол еңбегіне, ауыл шаруашылық және гүл өсіру, өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі бойынша);
- асқа, шайға өздігінен дастархан әзірлеп, оның таза, ұқыпты болуына көңіл аудару (аспаздық жұмыстардың түрлері бойынша);
- қол еңбегі кабинетін, еңбек құралдарын, заттарын, тазалықта сақтау, заттарды, еңбек құралдарын үйлесімді, әдемі орналастыра білуге дағдылану;
- жеке басының тазалығы мен ұқыптылығына көңіл аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар еңбегін ұйымдастыруға қойылатын бағдарламалық талаптар.
- үлкендер еңбегімен бірге, ұжымдық еңбектің нәтижелеріне қуана білуге және оны бағалауға үйрету;
- аспаздық жұмыстар бойынша өздігінен дастархан әзірлеуге, оны жинауға, тазалық сақтауға дағдыландыру;
- қоғам пайдалы еңбекте мұғалімнің немесе үлкен сыныптың оқушылары көмегімен мектеп ауласын жинастырып, тазалауға қатысу, өз еңбегінің нәтижесін көріп қуануға, еңбекке қызығушылыққа тәрбиелеу.
Б.П.Есипов, Н.И.Болдырев, Г.И.Щукина, В.А.Онищук т.б. жасаған сабақ-тар жіктеуі мектептерде жиі қолданылуда. Ол негізгі дидактикалық міндеттер бойынша жасалған. Бұл жіктеуге сабақтардың әр түрлі типтері кіреді:

  • оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары

  • іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;

  • қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді қолдану сабақтары;

  • білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау – тексеру сабақтары;

  • аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.

Әдетте, мұғалім аралас сабақ типін мына үлгі бойынша жоспарлайды:
а) Ұйымдастыру кезеңі;
ә) үйге берілген тапсырманы сұрау;
б) жаңа материалды мұғалімнің баяндауы;
в) жаңа материалды бекіту;
д) үйге тапсырма беру.
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабағының құрылымы: жаңа мате-риалды баяндау, алғашқы бекіту, үй тапсырмасы. Мұндай сабақты әр түрлі вариантта өткізуге болады.
1. Мұғалім барлық оқу материалын баяндайды, оны оқушылар сыныпта ұғады және бекітеді.
Мұғалім тек қана кейбір басты мәселелерді баяндайды, ал оқушылар
барлық оқу материалын өз бетімен игеріп қабылдайды.
Жаңа материалды оқып білу үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен
орындауын ұйымдастырады және бағыт береді.
Қазіргі кезде сабақ құрылымы мынандай элементтерге де бөлінеді:
а) танымдық міндеттерді қою (не оқылуы керек);
ә) мотивация (нені оқу және білу керк);
б) таңдау және оқып білудің бір ізділігі;
в) тәсілдерді және құралдарды қолдану (бақылау, өзін-өзі тексеру, білімді, іскерлікті пайдалана отырып, қалай және ненің көмегімен нәтижеге жету керек).
Сабақтың мұндай жүйесі оны вариативті құруға мүмкіндік береді, балалар алдына оқу міндеттерін қояды, оларды проблемалық ситуациямен таныстырады, жауап іздеуге кіріседі.
Бірсыпыра зерттеушілердің айтуы бойынша жіктеу негізіне сабақтың ұйымдастыру мақсатын қою, ал, типтерін, оқыту әдістерін іске асыру формалары негізінде түрлерге бөлу. Мысалы: әңгіме – сабағы, өзбетінше жұмыс істеу – сабағы т.б.
Осыған сәйкес сабақтарды былай бөлуге болады:

1.Жаңа білім беру сабағы (лекция сабағы, әңгіме сабағы, киносабақ, ЭВМ және басқа техникалық қралдарды қолдану сабағы).


2.Білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабақтары (өзбетінше жмыс сабағы, лабораториялық және практикалық жмыстар, семинар т.б.).
3.Жинақтау және жүйелеу сабақтары (әңгіме сабағы, семинар сабағы т.б.).
4.Аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бл сабақта танымдық іс-әрекетінің барлық кезеңдері жүзеге асырылады.
5.Бақылау сабағы (барлық бақылау, срау-қайталау, сынақ, өзара және өзін-өзі бақылау жмыстары т.б.).
Соңғы жылдары, әсіресе 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан. Олар: интегралдық және ойын сабақтары, конференция және лекция сабақтары, сайыс және семинар сабақтары, индекс және жарыс сабақтары, лабораториялық зерттеу сабағы, жарнама сабағы т.б.
Әрине, әр түрлі сабақты ғылыми-әдістемелік негізде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларын еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңызы өте зор. мағы бірдей болып саналатындығы белгілі екенін ескерсек те дегенмен әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері әркелкі болып келеді. Еңбек сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды іздені паздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет