4. Тұлғалық дамуы .
Жеке тұлға өзіндік құндылық. Оның тұлғалық қасиетінің дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек.
Бұл жөнінде ежелден – ақ ұлы ойшылдарымыз Әл – Фараби, Ж. Баласағұн, Ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған Д. Кішібеков, Р.Н.Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы – қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.
Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым – қатынастардың куәсі болуы қажет. Жанұя мүшелері бір – бірімен тату – тәтті, өзара түсінікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің, көрінісі айқын сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір – біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірыңғай саяси көзқарасты ұстануымен, соған орай, ерлі – зайыптылық және ата – ананың сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.
Жанұя мен мектептің ынтымақтастығының негізгі міндеті – баланың тұлғасын қалыптастыруға, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттедің барлығы – негізінен жанұя мен мектепте, яғни жан иелерін тәрбиелеп шығаратын ортада дамып, қалыптасып нығаяды.
Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауға жанұя тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата – анаға және туған туыстарына деген сүйіспеншілік пен сыйластық, отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке леген құрмет тағы да сол сияқты тұлғалық қасиеттер баланың кішкентай кезінен жанұяда және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан, жанұядағы, мектептегі және айдаладағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды. Соңғы жылдары Азаров Ю.П, И.В Гребенников, А.И. Лихачев, Ю.П Петров, А.О Пинт және т.б жанұяда баланың тұлғасын қалыптастыру мәселелерін зерттеген ғалымда, ал Қазақстанда Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев және т.б жанұяның мектеппен ынтымақтастығы мәселелерін зерттеген.
Көрнекті педагогтар К.Д Ушинский, А.С Макаренко, В.А Сухомлинский, Ы Алтынсарин шығармаларында оқушы тұлғасын қалыптастырудың жолдары қарастырылса, оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыт-бағдар беруді ең алғаш тәрбие жұмысының мазмұнына енгізген белгілі педагог ғалым М Жұмабаев болды. Психологтар мен педагог ғалымдар Ж. Пиаже, Л.С. Выготский, Л.С Рубинштейн, Л.В. Зоньков, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, А.Г.Ковалевтің және Қазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, С.Қ. Қалиев, К.Ж. Қожахметовалар өз еңбектеріне жеке тұлғаны дамыту мәселелеріне теориялық және практикалық талдау жасаған.
Оқу-тәрбие процесінде баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту мәселесі Ш.А. Амонашвили, К.К. Платонов, В.С. Библер, Б.М. Теплов, А.Н. Лук, Б.Т. Ананьев, В.А. Крутецкий, В.И. Кириенко, Н.С. Лейтес, А.В. Петровский, В.Т. Пушкин, Д.Б. Богословский, В.Ш. Андреев, Г.А. Давыдова және т.б еңбектерінде қарастырылады. Қазақстанда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар М.Ә. Құдайқұлов, Е.Ө. Жұматаева, А.Б. Мырзабаев, Л.Т. Дирксен, К.К. Жұмадилова, және т.б. көптеген психологтар М. Мұханов, Қ.Жарықбаев, А.В. Петровский және т.б ғалымдардың айтуы бойынша бастауыш сынып кезеңі орта мектеп оқушыларының І – ІҮ сыныптарын және 6-11 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің негізгі психологиялық ерекшелігін оның өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер – оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ол кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл кезең «Көзі ашылмаған балалықтай» даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық негіздері бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады.
Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге талдау жасау барысында бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелерінің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығын көрсетеді. Бұл кезең оқушылардың жеке тұлға болып дамуының және қалыптасуының бастапқы кезеңі болып табылатындықтан, жанұя тарапынан берілетін тәрбиенің мәні аса маңызды. Алайда, жанұя тәрбиесінің педагогикалық маңыздылығы мектептен бірлесе отырып, жұмыс атқарса, онда жемісті болар еді. Сөйтіп, оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда оның педагогикалық мәселелерінің ғылыми-теориялық негізінің жоқтығы мен практикалық мұқтаждығының арасында қайшылық айқын байқалады. Осы қайшылықтың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын «Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері» -деп алуға мүмкіндік береді.
Қaзipгi кезде көптеген мектептер гимназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты балалардың интеллектуалдык кабылетін аныктау психологка жүктеледі. Сондыктан бұл мәселе де психолог міндеттеінің бip саласы болып табылады.