Жалпы білім беретін оқу орнының бастауыш сатысында «Оқу саласындағы драма» таңдау курсы оқытылады. Бұл курс әдебиеттік оқу пәнін тереңдетіп оқытуға негізделген. Таңдау курсы оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығуын қалыптастыру үшін, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады. Бастауыш сыныптың 1-4-сыныптарына арналған «Оқу саласындағы драма» арнайы курс бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың әдебиеттік оқу пәнінен алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескеріледі. Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы ертегілерді сахналау, кейіпкер болу, қызықты тапсырмалар. Драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы әңгімелеу, театр өнерінің қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді..
Мақсаты
Халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы өскелең ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; оқушылардың қабілеті мен дарынына әсер ету,балаларды сөз өнеріне тарту, балаларға драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы әңгімелеу, театр өнерінің өзіндік сипаттарымен таныстыру;
Міндеті
.Шығармашылықпен ойлай алатын,белсенді іс- әректке бейім тұлға тәрбиелеу;
Бағдарлама нәтижесінде оқушылардың бойында ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл- кеңесі, өсиеттері, ана тілі мен ұлттық мәдениеті қалыптасады.
Балалар қысқаша ертегілер мен әңгімелер,өлеңдер құрауға үйренеді. Оқушылар өмірдің мәні мен құндылықтарын түсіну,жалпы адамзаттық бағалы нәрселерді ұғыну,сөйлеу мәдениеті мен өзін ұстай білу әдебін, эстетикалық мәдениетке үйренеді. Сонымен бірге, аталған пән арқылы оқушылар артық ұялшақтықтан, қорқудан арылады, ашықтық, қоршаған ортаға қамқорлық,ұжым алдындағы жауапкершілік қасиеттерін меңгереді. Сондықтан материал бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал бола алады.