Дұрыс жауаптарды математика пәні мұғалімі Ахметова Динара Джарлыкабовнаның жеке электронды почтасына жібересіздер



бет1/3
Дата27.10.2022
өлшемі176,64 Kb.
#45687
  1   2   3
Байланысты:
1584517904427 (1)


БОС УАҚЫТ ЖОҒАЛТПАЙ –ПАЙДАЛЫ ІСПЕН АЙНАЛЫСАЙЫҚ!
Дұрыс жауаптарды математика пәні мұғалімі
Ахметова Динара Джарлыкабовнаның жеке электронды почтасына жібересіздер.
dikow2019@bk.ru



Математикалық сауаттылық тапсырмалары



  1. Жас.

Әкесі және баласының жасын бірге қосқанда – 30 жас, баласы мен атасының жасын бірге қосқанда – 60 жас, ал әкесі мен атасын бірге қосқанда – 84 жас.
Сұрақ. Сонда әкесі, баласы және атасының әрқайсысы неше жаста болғаны?
Жауабы: ___________.



  1. Ойыншықтар дүкенінде.

Ойыншықтар дүкеніндегі әр түрлі үстел үстіндегі ойын түрлерінің бағалары келесі 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте

Ойыншық түрлері



Бағалары (теңге)



А

1130

В

1500

С

1030

D

920

E

850

F

4100

G

3250

1-сұрақ. Бағасы 1500 теңгеден аспайтын ойыншық түрлері санын табыңдар.
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Әкесі кішкентай қызына екі әр түрлі ойындар сатып алды, оған ол 2500 теңгеден кем ақша жұмсады. Мұнда сауданың нұсқалары санын табыңдар. Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Егер үш ойыншық сатып алса, дүкенде барлық саудаға 20% жеңілдік беріледі. Әкесі қызына қандай үш ойыншықты сатып алуына болатынын жазыңдар.



  1. Билет бағасы.

Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін ересектер билетінің бағасы 1300 тг, ал балалар билетінің бағасы 600 тг тұрады.
1-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін бір ересек және бір балалар билетінің бағасы қандай? Жауабы: ________.
2-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін баруға және кері қайтуға үш ересек және бес балалар билетін алу үшін 13000 тг жеткілікті ме?
Жауабы: ________.
3-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін баруға және кері қайтуға екі ересек және төрт балалар билетін алу үшін қанша теңге қажет?
Жауабы: ________.



  1. Киім тігу.

Тігін шеберханасында көйлек тігуге 600 м матаның 420 м мата кеткен және одан 84 көйлек тігілген.
1-сұрақ: Барлық матаның қанша пайызы көйлек тігуге жұмсалды? Жауабы: __________
2-сұрақ: Осындай үш көйлек тігуге қанша метр мата жұмсалған? Жауабы: __________
3-сұрақ: 600 м матадан осындай қанша көйлек тігуге болады?
Жауабы: __________



  1. Мына комбинациядағы Х және У мәндерін табыңыз?





  1. Бұрыштар және олардың анықтамасы арасындағы сәйкестілікті анықтаңыз:


Жауабыңыз: 1____ , 2_____, 3____ .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет