Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне арналған «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық»



Дата27.05.2022
өлшемі20,3 Kb.
#35797
Байланысты:
Білім алушыларды білім жетістіктеріні мониторингіне арнал ан «


Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне арналған
«Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» бағыты бойынша (география) тест тапсырмалары І нұсқа

1. Тянь-Шань таулы жүйесі
Тянь-Шань немесе Тәңір таулары – әлемдегі ең ірі тау жүйелерінің бірі. Ол шығыстан батысқа қарай 2,5 мың шақырымға созылып жатыр. 30-дан астам шынның биіктігі 6000 метрден асады. Ең биік нүктесі – Жеңіс шыңы (7439 м). Екінші орында – Хан Тәңірі (7010 м), ол дүниежүзіндегі ең әдемі шыңдардың бірі болып саналады. Аймақтың фаунасы өте бай. Бұл жерде аю, қар барысы, орман қарақасы, борсық, елік, марал, ақтөс сусар, сілеусін және жойылып бара жатқан қар барысы мекен етеді. Жануарлардың көбісі Қызыл кітапқа енгізілген.
Іле Алатауының солтүстік беткейлерінен Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Есік, Шілік, Қаскелең өзендері, ал шығыс беткейлерінен Шарын өзені бастау алады. Таудың биік бөліктеріндегі мұздықтар өзендерді сумен толтырып, 4 мемлекетті тұщы сумен қамтамасыз етеді.

1.1. Тянь-Шаньнан бастау алатын өзен



  1. Нұра

  2. Сарысу

  3. Шарын

  4. Елек

  5. Сағыз

1.2. Тянь-Шань тауларының жанартаулық шығу тегін жоққа шығарып, ірі мұздықтарды ашқан ғалым

  1. Л.В. Немцов

  2. Ш.Ш. Уалиханов

  3. В.И. Беринг

  4. Н.А. Северцев

  5. П.П. Семенов

1.3. Тянь-Шань тауларының аумағында ұйымдастырылған қорық

  1. Наурызым

  2. Ақсу-Жабағылы

  3. Барсакелмес

  4. Қорғалжын

  5. Алакөл

1.4. Аумағында Тянь-Шань таулары орналасқан мемлекеттерді белгілеңіз

  1. Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан

  2. Қазақстан, Қытай, Түрікменстан, Өзбекстан

  3. Қазақстан, Қытай, Қырғызстан,Ауғанстан

  4. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан

  5. Қазақстан, Қытай, Қырғызстан,Ресей, Түрікменстан

2.Ертіс өзені
Ертіс өзені Қазақстан үшін тұщы судың маңызды көзі болып табылады, ол Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Семей, Павлодар, Екібастұз және Теміртау қалаларын сумен қамтамасыз етеді. Жалпы ауданы – 1643 мың км2. Ол Қытай (525 км), Қазақстан (1700 км) және Ресей (2010 км) аумағы арқылы ағып өтеді. Өзеннің көзі Моңғолия мен Қытай елдерінде, Алтай жотасының шығыс беткейінде орналасқан. Қазақстанға Қара Ертіс деген атпен еніп, Зайсан көліне құйылады. Көлден шыққан соң, қазақтың құрғақ даласы арқылы солтүстік-батысқа қарай бағыт алады. Ары қарай, Ресейдің аумағына өтіп, Обь өзеніне құйылады. Орталық Қазақстан пайдалы қазбаларға өте бай, бірақ бұл аймақта су өте аз. Жазда құрғап кететін бірнеше кішкентай өзендер, халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Сол себепті, 1974 жылы ұзындығы 458 км-дан асатын үлкен Ертіс-Қарағанды ​​каналы салынды. Арнаның екінші кезеңі Жезқазғанға дейін созылған. Ол Павлодар және Қарағанды ​​облыстарын сумен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, өзеннің алқабында орналасқан көптеген табиғи ескерткіштер, тарихи орындар, туристік маршруттар және археологиялық ескерткіштер, оның танымал демалыс орнына айналуына себеп болды
2.1. Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы

  1. 4248 км

  2. 3598 км

  3. 7328 км

  4. 6914 км

  5. 4821 км

2.2. Сол жақ саласы Ертіс өзені болып табылатын өзен

  1. Есіл

  2. Тобыл

  3. Объ

  4. Лена

  5. Еділ

2.3. Ертіс өзенінің сол жақ саласының бойында салынған қала

  1. Павлодар

  2. Өскемен

  3. Семей

  4. Нұр-Сұлтан

  5. Петропавл

2.4. Ертіс өзені бойындағы «Қаздың қайтуы» палеонтологиялық табиғи ескерткіші орналасқан облыс

  1. Шығыс Қазақстан облысы

  2. Павлодар облысы

  3. Солтүстік Қазақстан облысы

  4. Ақмола облысы

  5. Қарағанды облысы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет