Дуйсенова Нургуль Кенжегалиевна Педагог-психолог БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылы, «Б. Жаникешев атындағы жоббм»


Эмоциялық ахуалды өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгеру



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата06.01.2022
өлшемі432,15 Kb.
#11817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Эмоциялық ахуалды өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгеру 

Эмоциялық ахуалды өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгеруге тән бес негізгі белгілер тобын бөліп 

қарастыруға болады: 

1.  Физикалық  –  шаршау,  физикалық  қажу,  титықтау,  ұйқының  бұзылуы  және  ерекше 

соматикалық мәселелер. 

2.  Эмоциялық – ашушаңдық, үрей, торығу, кінәлілік сезімі, үмітсіздік түйсігі. 

3.  Мінез-құлықтық – агрессия, мейірімсіздік, шімірікпеушілік, психикалық белсенді заттарға 

тәуелділік. 

4.  Жұмыспен  байланысты  –  жұмысқа  келмеу,  сапасы  нашар  жұмыс,  кешігу,  жұмыс 

үзілістерін асыра пайдалану. 

5.  Жеке тұлға аралық қарым-қатынастағы белгілер – қарым-қатынастағы формалдылық. 

Соңғы кезде мұғалімнің психикалық саулығын сақтау мәселесі көкейтесті мәселеге айналып 

келеді.  Эмоциялық  күйреуде  жүрген  мұғалімдер  қатты  мазасыз,  агрессивті  болып  келеді. 

Нәтижесінде  мұғалімнің  жеке  тұлғасы  деформацияға  ұшырайды.  Ой  ұшқырлығы  кемиді, 

шамданушылық,  шектен  тыс  турашылдық  пен  көп  сөйлеу  (көбірек  түсіндіру  сияқты), 

авторитарлық  орын  алады.  Мұғалім  энциклопедия  сияқты  ол  не  керек  екендігін,  қашан  және 

неліктен керек және бұл немен аяқталатынын біледі. Бірақ ол абсолютті жабық және кез келген 

жаңашылдық пен үзілістерді қабылдамайтын болып шығады.  

Эмоциялық  жану  –  жеке  тұлғаның  қорғаныс  механизмі  болып  табылады  (эмоцияның 

психожарақаттайтын  әсерлерге  жауабы).  Мұғалім  жұмысындағы  эмоциялық  жануға  әкелетін 

факторлар:  жоғары  эмоциялық  жүктеме,  эмоциогенді  факторлардың  әртүрлілігі,  күн  сайынғы 

немесе сағат сайынғы уайымдар, баланың өміріне, денсаулығына деген жауапкершілік т.б. Бұған 

педагогикалық ұжымды қосыңыз (ұжым ішіндегі кикілжіңдер). Нәтижесінде мұғалім эмоциялық 

жану жағдайының, кәсіби және эмоциялық стереотиптердің  тұтқыны болып қалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет