Дуйсенова Нургуль Кенжегалиевна Педагог-психолог БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылы, «Б. Жаникешев атындағы жоббм»



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата06.01.2022
өлшемі432,15 Kb.
#11817
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дуйсенова Н. К.Мұғалім тұлғасының эмоциялық күйреуінің алдын алу

Қорытынды бөлім 


«Іштей баламен кездесу» медитациясы 

Босаңсудан  бастаймыз.  Ыңғайлы  қалыпта  болыңыз.  Сіздің  денеңіз  босаңсыған.  Көзіңіз 

жұмулы. Бірнеше рет терең тыныс алыңыз және тыныс шығарыңыз. 

Өзіңізді  тыныш,  жайлы  жердемін  деп  елестетіңіз.  Мүмкін  бұл  таңертеңгі  күннің 

жарығына  шомылған  тоғай  болар:  құстардың  қалай  сайрағанын  естисіз.  Мүмкін  бұл  теңіз 

жағасындағы  құм  төселген  жағажай  болар.  Небәрі  сіз  бұны  балалық  кезден  өзіңізге  жағымды, 

жайлы сезінетін орын деп есептеңіз. 

Енді бала кезіңізді есіңізге түсіріңіз, үш, төрт, бес жасыңызда қандай болдыңыз? Сол бала 

сіздің алдыңызда тұр деп ойлаңыз. Оның не сезініп тұрғанын түсінуге тырысыңыз. Ол қуанышты 

ма,  мұңайып  тұр  ма?  Мүмкін  ол  біреуге  ренжіп  тұрған  болар?  Мүмкін  ол  бірдеңеден  қорқып 

тұрған шығар? 

Баланың  басынан  сипаңыз,  оған  күлімдеңіз,  оны  құшақтаңыз.  Оны  жақсы  көретініңізді 

айтыңыз,  енді  онымен  үнемі  бірге  болатыныңызды, оны  қолдайтындығыңызды  айтыңыз.  Оған: 

«Мен сені жақсы көремін. Сен сондай тамаша баласың! Сенің бақытты болғаныңды қалаймын!» 

деп айтыңыз.  

Осыдан соң бала сізге күлімдеп, сізді қатты-қатты қысып құшақтайды. Оны сүйіңіз, оған 

деген  махаббатыңыздың  өзгермейтінін  айтыңыз.  «Мен  әрқашан  сенімен  біргемін.  Мен  сені 

жақсы көремін» деп айтыңыз. Енді баланы жіберіп, оған қолыңызды бұлғаңыз. 

Біртіндеп босаңсудан шығыңыз, терең тыныс алып, тыныс шығарыңыз, көзіңізді ашыңыз. 

Өзіңізге  айтыңыз:  «Мен  өзімді  толықтай  жақсы  көремін.  Мен  қуаныш  пен  махабатқа  толы  өз 

тамаша әлемімді жасадым». 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет