Дулати атындағы тараз


Дәріс 15 Азық-түлік өнімдер және экологиялық шешімсіз мәселелерді шешудегі қосымша



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата27.11.2023
өлшемі499,33 Kb.
#130129
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Дәріс 15
Азық-түлік өнімдер және экологиялық шешімсіз мәселелерді шешудегі қосымша
ресурстар
Азық-түлік өнімдерге байланысты шешімсіз мәселелерге байланысты
өсімдік шикізатынан алынатын қосымша ресурстардың рөлі. Тамақ
өндірісінде өсімдік тектес: ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар,
дәрумендер, тамақ талшықтары болатын құнды заттармен байытылған
қосымша шикізат көзін алу және пайдалану.
Микроорганизмдерді өсіруге арналған орталарды дайындау үшін, этил
спиртін, дәруменді, хош иісті заттарды, пектинді заттарды, бояғыш
заттарды, көмірсуларды алу үшін қосымша шикізат ресурстарын
пайдалану. 
Өсімдік қалдықтары: ақуыз амниқышқылы, дәрумендер, ферменттер,
минералды элементер және т.б. өнімдер алу. Қызылшадан, сәбізден, алма
сығындысынан, жүзімнен, дифузионды шырыннан алынған ортаны
наубайханалық және шарапқа арналған ашытқыларды өсіру үшін
пайдалану. Жемісті консерві өндірісінің, томат және картоптан қалған
қалдықтарды өңдеу. Қант және жеміс жидек өндірісінің қосымша
ресурстарынан этил спиртін алу. 
Адам өмір тіршілігіне қауіпсіз тамақ ресурстарын қанағаттандыруға және
ортаның тепе-теңдігін ұстап тұру мақсатында өндірістік ресурстарды
рационалды пайдалану және өсімдіктерден алынған шикізаттың кешенді
өңделуі.
Дүние жүзі елдерін түгелдей қамтыған қаржылық, экономикалық дағдарыс кезеңінде
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оны одан әрі тиімді
дамыту және елімізде азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың әлеуметтік-экономикалық және
саяси
мәні
зор
болып
отырғаны
белгілі.
Біздің еліміз дүние жүзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі 25 мемлекеттің
қатарына енеді және өзінің ресурстық әлеуеті жағынан қазіргі деңгейден 3-5 есе артық өнім
өндіруге мүмкіндігі бар екені белгілі. Сонымен қатар, сарапшылар аграрлық сектор есебінен
ІЖӨ-нің өсімі жаһандық дағдарыс салдарынан болып отырған кедейшілікті азайтуға басқа
секторлардың ІЖӨ-нің өсуіне әсер етуі жағынан 4 есе тиімді болатынын нақты жобалармен
айқындап беріп отыр. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның аграрлық секторында шешімін
күтіп тұрған күрделі әлеуметтік-эконо¬ми¬калық проблемалар да жоқ емес. 


Лекция конспектілері
Н3-1.1.39
08.08.2023
Елбасы өзінің 2009 жылдың 6 наурызындағы Жолдауында аталған саланы ұтымды түрде
дамытуға барын¬ша мән беріп, “Агроөнеркәсіптік ке¬шен туралы айрықша айтқым келеді,
оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті – азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз”, деп ерекше
атап көрсетті.
Әсіресе елімізде жетіспейтін өнім түр¬лері – майлы дақылдар, қант, көкөніс, же¬міс-жидек
өнімдерін одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлінді, яғни өсімдік шаруашылығын
әртараптандыру мақсатында аса қажетті дақылдардың егістіктерін ұлғайту жұмыстары
жүргізілді. Соның нәтижесінде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда майлы дақылдар егістігі –
35%, көкөніс, жеміс-жидек – 17%, қант қызылшасының егістігі 39% өсті. 
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында “Азық-түлік корпорациясы” АҚ
арқылы дәнді дақылдарды мемлекеттік қорға отандық тауар өндірушілерден нарықтық
баға¬мен сатып алу мақсатында бюджеттен 12,0 млрд. теңге қаражат бөлінді. 
БҰҰ-ның тағам және ауылшаруашылығы бойынша статистикалық дәрістері бойынша дүние
жүзіндегі халық санының артуынан, оларды қажетті тағаммен қамтамасыз ету маселесі
туындауда. Аталған ұйымның мәліметі бойынша жер шары халқының жартасынан астамы
толық құнды азықпен қамтамасыз етілмес, 500млн, аштық жағдайында, 2млрд.адам
жеткіліксіз мөлшерде және дұрыс тамақтанбайды екен.
Күнделікті тұтынатын тағам әртүрлі және құрамына ақуыздар, майлар, көміртекті заттар мен
дәрумендерге бай болып келуі қажет. Энергия көзі болып табылатын – майлар мен
көміртекті заттарын белгілі бір мөлшерде өзара немесе ақуызды заттармен алмастыруға
болатын болса, ақуыздың өзін басқа ештеңемен толықтыруға болмайды. Тағам мәселесінің
өзектілігі, сайып келгенде, ақуыз тапшылығынан туындайды. Қазіргі кезде аштыққа
шалдыққан аймақтардағы басты себеп – ақуызбан жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілмеуі
болып табылады. Ғалымдардың бойынша жер шары халықында ақуыз тапшылығы жылына
15 млн. тоннаны құрайды екен. Сондықтан қазіргі кезде ақуыздың негізгі көзі ретінде
құрамында 30 пайызға дейін ақуызы бар майлы дақылдардың дәндері – соя, зығыр дәні,
арахис және басқалары көптеп қолданыла бастады. Құрамындағы қайсібір
алмастырылмайтын амин қышқылдары бойынша мұндай өсімдіктер бидайдан басым тұрса,
балық пен жұмыртқа ақуыздарына жақындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет