Дво-21 Тыйым сөздердің мағынасы қандай, қалай түсіндіресіз? Тыйым сөздер: «Адамға сыртыңды беріп отырма»



бет7/8
Дата07.04.2023
өлшемі30,01 Kb.
#80426
1   2   3   4   5   6   7   8
Амангельдиева Диана
«Жерді сабама, жерді тепкілеме, күлді шашпа», депті бұрынғылар. Анаға теңейтін жердің киелі екенін, оны тепкілеуге болмайтынын, күлді шашу жақсылыққа апармайтынын, оның үстіне бұрқырап үстіңді шаңдататынын, тынысыңды тарылтатынын айтады. «Құдыққа түкірме, ыдысқа түкірме, көкке қарап түкірме, көк шөпті жұлма», деген де қағида бар. Құдық суын былғасаң, елге кесел келтіресің, ыдыс-ты былғайсың, көкке түкірсең түкірігің төбеңнен түседі, көк шөпті жұлу да көрегендік еместігін еске салады. Халық арасында «көктей жұлын» деген ауыр сөз бар.
Смагулова Жанар

«Көкті жұлма». Көк шөп-жердің әсем көркі болуымен бірге көптеген жан–жануарлардың жердегі ризығы, қорек-азығы. Құдай бірі үшін бірін жаратқан. Тіршілік көзі көбінесе төрт түлік малмен байланысты көшпенділер үшін өсімдік әлемінің маңызы зор болған. Күнделікті тұрмыс тәжірибесінің қорытындылары осындай тыйымды шығарған. Көк аспан астындағы қара жердің құтын сақтаудың бұл да-бір жолы. «Көк шөпті жұлма, көктей соласың» - деп бірінші жағынан адам өміріне қатысты айтылса, екінші жағынан табиғатты қорғауға негізделген. Туған жерге, табиғатқа, жан-жануарларға қатысты ырым-тыйымдар арқылы ұрпағына экологиялық білім мен тәрбие беріп отырған. Ол ырым-тыйымдарды халықтың дүниетанымы мен философиясына негіздей отырып, кейде көркем тілі арқылы мақал-мәтел, нақыл сөздер түрінде берсе, кейде «обал болады», «жаман болады» немесе «киесі ұрады» деп қорқыта-сақтандыру арқылы жеткізіп отырған.


«Нанның үгіндісін аяққа баспа» деген сөзде дәмге, оны дастарханға келтіретін еңбекке деген құрмет сезімінің ізі бар. Қазақта «ас атасы — нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені — нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Нан халқымызда ерекше бағаланып тамақ-ас ретінде бар ырыстың бастауы деп есептеледі. «Нанды жерге тастама», «Нанның үстіне зат қойма», «Нанды төңкерме», «Нанды бір қолмен үзбе» - деген сөздің барлығы — нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан шыққан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет