Дя-603 Қуанышбеков Гүласыл


-қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу



бет4/5
Дата12.05.2022
өлшемі24,39 Kb.
#34167
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дя-603 уанышбеков Г ласыл

4-қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.

Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру.



5-қызметі. Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдары мен өзара әрекет етуі.

Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай жиналыстар оқу жылының басында,әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.

«Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалық хатта былай делінген: «Ата-аналар жиналысында педагогикалық оқу-ағарту жұмыстарымен қатар, мектеп пен жанұяда бала тәрбиелеудің тәжірибесін алмасу жүзеге асырылады,ата-аналар қолданып жүрген тәрбие әдістерінің сәтті және сәтсіз жақтары талқыланады.Өз балаларының тәрбиелеудегі кемшіліктерін әрдайым ұжымда талқылаудың қажеті жоқ екені туралы тәжірибелі сынып жетекшілері қорытынды жасауда.Себебі,бұл жерден нақтылық жағдайды ескеріп,ата-аналардыңкемшіліктерін олардың өздерімен жеке әңгіме өткізгенде айтқаны дұрыс».

ынып жетекшілері тақырыптық жиналыстарды да жиі өткізеді олардың мақсаты-ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады.


Тәрбие беру тәжірибесін алмасу жөніндегі конференциялар. Конференцияда жанұя тәрбиесінің барлық мәселелері жөнінде емес, нақтылы тақырыптар бойынша әңгіме өткізген жөн. Мәселен, конференцияларды мынандай тақырыптарға өткізуге болады. «Балаларды еңбекке қалай баулу керек?», «Жақсы оқу үшін біз балаларға қалай көмектесеміз?», «Мектеп оқушысының режимі», «Мектеп оқушысының мінез-құлық мәдениеті», «Мектеп оқушысының өзін-өзі тәрбиелеуі», «Бейімділік және мамандық таңдау», «Балалардың жазғы демалысы» т.б

Конференциялар шамамен мынандай жоспар бойынша жүргізіледі:

Кіріспе сөз. Конференция өткізудің міндеттері мен тәртібі туралы сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.

Баяндама. Бала тәрбиесінің нақтылы мәселелері жөнінде ата-аналардың қысқаша баяндамалары.

Пікір айтушылар. Тақырып бойынша ата-аналар өз пікірлерін айтады.

Қорытынды. Мектеп директоры немесе сынып жетекшісінің конференция қорытындысын шығаруы.

Кейде конференцияға қатысушылар үшін тәрбие мәселелеріне арналған педагогикалық және көркем әдебиет көрмесі ұйымдастырылады, нұсқау материалдары баяндалады.

Ата-аналардың назарын қызу талқылауға аудару үшін конференцияға шақыру хатта талқыланатын негізгі мәселелерді атаған жөн.


Сабақ беру әдістеріне әрқашан да ерекше көңіл бөліп, оны жетілдіру күн тәртібінен түспейтін мәселе. Оқу жүйесінде білім беру мен тәрбиелеудің әр түрлі әдістері мен қалыптары болуға тиіс. Оқушылардың сабаққа ынтасын, шығармашылық белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана өткізудің де маңызы зор. Мұғалім – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Соның ішінен сабақ беруде басшылыққа алып, қолдануға ыңғайлысын келтіре кетейін.

1.Оқыту үрдісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеруге оқушының қызығуын тудыру.

2.Оқыту үрдісі оқушының өзіне берілген тапсырманы орындау барысында орындауға қабілеті, білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі керек.

3.Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының жеңістік жағдаятын алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз күштерімен орындай алатын тапсырмалар мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет