Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет115/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   294
Әдістердің 
жіктелуі 
(кӛрнекілік, 
сӛйлесу,  практикалық,  жарыстық, 
проблемалық, оқыту және тәрбие әдістері). Мектеп жасына дейінгі балалармен 
сабақ ӛткізу кезінде баланың психикалық және дене күштерін жұмсауға кететін 
уақыт  пен  бұдан  кейін  дем  алуға  кететін  уақыттың  дұрыс  қатынаста  болуы 
тәрбиешінің  басты  міндеті  болуы  тиіс.  Осыған  байланысты  үйрету  үстінде 
балада  қимыл-қозғалыс  туралы  едәуір  толық  және  нақты  ұғым  пайда  болуы 
үшін  қажетті  сезініп  қабылдау  мен  қимыл-қозғалыстық  түйсіктердің 
жарқындығын  қамтамасыз  ететін,  оның  сенсорлық  қабілеттерін  белсендіре 
түсетін  кӛрнекілік  әдістер;  балалардың  санасына  бағытталған,  оның  алдына 
қойылған  міндеттерді  ойластыруға  және  қимыл-қозғалыстық  жаттығуларды 
саналы  түрде  орындауға  кӛмектесетін,  жаттығулардың  мазмұны  мен 
құрылымын игеруде, оларды әртүрлі жағдайларда ӛз бетімен қолдану үлкен рӛл 
атқаратын  сӛйлесу  әдістері;  балалардың  практикалық  қимыл-қозғалыстық  іс-
әрекеттерімен  байланысты,  қимыл-қозғалыстарды  қабылдаудың  дұрыстығын 
ӛздерінің  бұлшық  еттік-қимылдық  түйсіктерінде  әрекетті  тексерілуін 
қамтамасыз ететін практикалық әдістер пайдаланылады.  
Практикалық  әдістер  толық  немесе  ішінара  уақыт  жӛнінен  шектелуімен, 
жаттығуларды  ойындық  түрде  (бейнелі)  ӛткізумен,  жарыс  элементтерін 
пайдаланумен  сипатталады.  Қимыл-қозғалыстық  әрекеттерді  немесе  олардың 
жеке  элементтерін кӛп  рет  қайталағанда  жаттығуларды  уақыт  жӛнінен  шектеу 
қажет.  Оған  қимыл-қозғалыстардың  бірізді  болуы,  жұмыс  пен  дем  алудың 


 
137 
нормалануы,  олардың  белгілі  бір  дәрежеде  кезектесіп  келуі  тән.  Практикалық 
әдістер  түрінің  бірі  -  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жетекші  іс-әрекетіне 
жақын, олармен атқарылатын жұмыспен етене және эмоциялық жағынан тиімді 
кӛрнекі-бейнелі  және  кӛрнекі-әрекетті  ойлау  элементтерін  ескеретін  ойындық 
әдіс  болып  табылады.    Ол  әртүрлі  қимыл-қозғалыстық  дағдыларды,  ӛзіндік 
әрекетті,  ӛзгеріп  жатқан  жағдайға  тез  жауап  реакцияны,  шығармашылық  ынта 
кӛрсетуді  бір  мерзімде  жетілдіруге  мүмкіндік  береді.  Ойын  әрекеттері 
процесінде  балаларда  моральдық-еріктік  қасиеттер  қалыптасады,  таным  күші 
жетіледі, ұжым әрекеті жағдайында тәртіп сақтау және бағдар табу тәжірибесі 
пайда болады.  
        Дене тәрбиесі процесінде спорттық және қозғалмалы ойындарды қолдану - 
ойын  әдісі  деп  аталады.  Ойын  әдісінің  мынадай  ӛзіндік  ерекшеліктері  мен 
белгілері бар:  
1.  Белгілі  бір  мақсатқа  (жеңіске)  жету  үшін  ойынның  жоспары  және  тәртібі 
арқылы  ойнаушыларды ұйымдастыру.  
2.  Ойын  әрекеттерінде  бәсекелестік,  жеңіске  деген  талас  пен  эмоциалдық 
сезім.  
3.  Ойын  барысында  ӛз  бетімен  қимыл-әрекетке  шешім  қабылдау  (ойынға 
қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын ӛзі тандайды).  
4.  Қимыл-әрекеттердің  алуан  түрлілігі,  олардың  ойын  барысында,  әртүрлі 
жаттығуларда кенеттен пайда болуы.  
5.Ойын  барысындағы  ойынға  қатысушылардың  әртүрлі  қарым-  катынастары. 
Ойын әдісінің кӛмегімен дене қуаты қасиеттерін (күш, тӛзімділік, шапшаңдық, 
ептілік)  кешенді  дамытуды,  бұрын  үйренген  қимылдарды  жетілдіру  және 
жаттығушылардың    ӛзіндік  қасиеттерін  тәрбиелеуді  (батылдық,  тапқырлық, 
ұйымдастырушылық, ӛз бетімен шешім қабылдаушылық) және бұдан басқа да 
кӛптеген  мақсаттарды  жүзеге  асыруға  болады.  Мысалы,  мектепке  дейінгі 
ұйымдардың  кішкентайлар  тобында  балаларды  қимыл-қозғалыстарға  үйрету 
кезінде қимыл-қозғалыс сипаты жайлы ұғымды эмоциялық-бейнелік жағынан 
жетілдіре  түсуге  кӛмектесетін  ойындық  тәсілдер  кең  қолданылады  (мысалы, 
«Tышқан  сияқты  аяқтарыңды  жеңіл  басып,  дыбыс  шығармай  жүгіресіңдер», 
«Қоянша  орғып  секіру  керек»).  Жаттығуларды  ойын  әдісімен  жүргізу 
балаларды  қызықтырып,  жақсы  әсер  қалдырады,  бір  қалыптылықтан 
құтқарады.    Ойын  әдісінің    бір  кемшілігі  күш  түсірудің  мӛлшерін  дәл  біле 
алмайтынымызда. 
  
Практикалық әдістерге жарыстық әдіс те жатады. Мектеп жасына дейінгі 
балаларды үйрету процесінде ол педагогикалық жетекшілік болатын жағдайда 
қолданылады. Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды 
жарыс  әдісі  дейміз.  Жарыс  әдісінің  ең  негізгі  белгісі  -  жеңіп  алу  үшін 
бәсекелесу.  Күрес  жағдайында  -  күш  сынасу  немесе  жоғары  кӛрсеткіштерге 
жету.  Бұл  әдіс  әртүрлі  мақсаттарды  орындауға  пайдаланылады.  Мысалы, 
адамгершілік,  жігерлілік,  дене  қуаты  қасиетін  тәрбиелеу,  күрделі  жағдайда 
қимылдың  ептілігі  мен  дағдысын  жетілдіру.  Бұл  әдістің  міндетті  бір  шарты: 


 
138 
бәсеке  жаттығуларына  балалар  мұқият  дайындықпен  келуі  керек,  әйпесе, 
олардың денсаулығына зиян келуі мүмкін. Бұл әдіс кӛбіне бұрын меңгерілген 
қимыл-қозғалыс  дағдыларында  пайдаланылады  (бірақ  бірінші  орын  үшін 
тартыс  болмайды).  Жарыстың  міндетті  түрдегі  шарты  -  оның  балалар 
шамасына  шақталуы,  моральдық-еріктік  қасиеттерді  тәрбиелеу,  сондай-ақ 
қойылатын  талапқа  саналы  қарау.  Жаттығулар  мазмұнын,  балалардың  жас 
мүмкіндіктері  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  тәрбиеші  бір  жағдайда 
үйретудің  бастапқы  кезінде  кӛрнекілікті  -  баланың  қимыл-қозғалыс  үлгісін 
түсіндірумен  үйлестіре  қабылдауын,  екінші  жағдайда  -  сӛзді,  жаттығулардың 
мазмұны мен құрылымын түсіндіруді пайдаланады. Дегенмен, екінші жағдайда 
педагог  балаларда  бұрыннан  бар  ӛмір  тәжірибесіне  және  қимыл-қозғалыс 
туралы нақты мағұлматына сүйенеді. Кӛрнекілік және сӛйлесу әдістерінің ізін 
баса 
балалардың 
практикалық 
әрекеттері 

қимыл-қозғалыстарды 
тәрбиешілердің жетекшілігімен, ӛз беттерімен орындауы керек. 
   
Балалардың дене тәрбиесі процесінде проблемалық оқыту және тәрбие 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет