Дєріс тезистері


Кӛрнекі  ықпал  ету  әдісі



Pdf көрінісі
бет117/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   294
Кӛрнекі  ықпал  ету  әдісі.  Бұл  әдістер  жиынтығы  кӛру,  есту  және  үйренетін 
жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа:  
а) кӛру кӛрнекілігі әдістеріне;  
ә) есту кӛрнекілігі әдістеріне;  
б) қимыл кӛрнекілігі әдістеріне бӛледі. 
Кӛру  кӛрнекілігі  әдістеріне  жататындар:  үйренетін  қозғалысты  баланың  
(немесе  педагогтың  тапсырмасымен)  кӛрсетуі.  Кӛрсету  кезінде  педагог 
мынадай әдістемелік талаптарды басшылыкқа алуы керек: 
1.Кӛрсетудің мазмұны сӛз қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс. 
2.Кӛрсетудің мазмұны, үйретудің мақсатына сәйкес келуі қажет: 
а)бірінші  рет  жаттығу  тәсілін  кӛрсеткенде  ол  стандартты  түрде,  балаларға 
түсінікті деңгейде толық орыңдалуы керек;  
ә)үйрету кезінде балалар қиын элементерді жақсы игеруі үшін қозғалыс толық 
немесе бӛлшектеліп, жай ӛз қарқынында немесе баяу қарқында кӛрсетіледі;  
б)жетілдіру кезеңінде  педагог жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт шеберлері 
орындағандай  кӛрсетуі  керек,  ол  балаларды  сол  деңгейде  орындауға 
ұмтылдырады. 
3.Педагог жаттығуды  кӛрсеткенде спорт залының, алаңның ең қолайлы, бәріне 
кӛрінетін, ӛзі де жаттығудың орыңдалуын бақылай алатын жерді таңдап алуы 
керек. 
4.Қарапайым,  жалпы  жетілдіру  жаттығуларын  кӛрсеткенде  "айна  тәсілін" 
қолданған жӛн. 
5.Педагог кӛрсетуді ӛзі орыңдай алмайтын жағдайларда:  
а)денсаулығына байланысты;  
ә) кӛрсету кезінде дене қалпы жаттығуды түсіндіруге ыңғайсыз болса
б)  жаттығуды  орыңдағанда  мүмкін  болатын  қателіктерді  баланың  ӛзі  арқылы 
кӛрсету  керек  болса,  кӛрсетуді  жақсы  дайындығы  бар  балаға  тапсыруына 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет