Дєріс тезистері


Білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдарын  орналастыруға



Pdf көрінісі
бет283/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   294
 
2.Білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдарын  орналастыруға 
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
 
4.Білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдары  (бұдан  әрі  –  ББМДҰ) 
магистральді  кӛшелерден,  коммуналдық  және  ӛнеркәсіптік  ұйымдардан 
алыстатылған  елді  мекендердің  тұрғын  аймағында:  оңашаланған  жер 
учаскелерінде,  жеке  үй  иелігінде,  үш  қабаттан  жоғары  емес  құрылған-
жапсарлас  үй-жайда,  сондай-ақ  кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйлердің  бірінші 
қабаттарында орналастырылады. 
Салынған  немесе  реконструкцияланған  ББМДҰ-ын  пайдалануға 
енгізуге,  сондай-ақ  жұмыс  істеп  тұрған  ББМДҰ-ның  қызметіне  халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық  салауаттылығы  саласындағы  нормативтік 
құқықтық  актілерге  және  гигиеналық  нормативтерге  сәйкестігі  туралы 
санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде рұқсат етіледі.  
5.Жалпы  типтегі  ББМДҰ-ның  жер  учаскелерінде  мыналар  кӛзделеді: 
топтық алаң аймағы, жалпы дене шынықтыру алаңы, шаруашылық аймағы. 


 
353 
 6.Жалпы типтегі ББМДҰ-ның ойын алаңдарының кӛлемі: сәби жастағы 
балалар  үшін  бір  орынға  7,5  м
2
;  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін  7,2  м
2
 
қабылдау керек.  
ББМДҰ-ның  топтық  бӛліктерінің  үй-жайлары  ауданы  мен  балалардың 
жас ерекшелігін есепке ала отырып,  топтардың жинақталуы  осы ережелерге 1-
қосымшаға сәйкес қабылданады. 
Әртүрлі  жастағы  (аралас)  топтардың  контингентін  іріктеуде  ұйымның 
ондағы  әрбір  жастағы  топтың  анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктеріне 
барынша сәйкес келетін күн тәртібі мүмкіндігін есепке алуы тиіс. 
Аз жиынды ББМДҰ-нда топтарды топтастыру кезінде мыналар: 
аралас (сәби, мектепке дейінгі) жастағы балалардың екі аралас тобы; 
аралас  жастағы  балалардың  екі  аралас  тобы  және  бір  дайындық  тобы 
тиімді болып табылады. 
7.Кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйлердің  бірінші  қабатында,  жеке  үй  иелігінде, 
құрылған-жапсарлас  үй-жайларда  орналастырылатын  ББМДҰ-ның  үй  жаны 
аумағында алаңы кемінде 60 м
2
 болатын жеке жер учаскесі болады.  
8.Кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйдің  бірінші  қабатында  орналастырылатын 
ББМДҰ-ның  тұрғын  үйдің  кіреберісімен  біріктірілмеген жеке  кіру  есігі болуы 
тиіс. 
9.Кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйлердің  бірінші  қабатында,  жеке  үй  иелігінде, 
құрылған-жапсарлас  үй-жайларда  орналастырылатын  ББМДҰ-ның  үй  жаны 
аумағында  ББМДҰ-нан  50  метрден  аспайтын  қашықтықта  және  ББМДҰ 
ғимаратының сыртқы қабырғасынан немесе кӛп пәтерлі тұрғын үйден кемінде 
10 метр қашықтықта тек ойын алаңын кӛздеуге жол беріледі. 
10.Жалпы  типтегі  ББМДҰ-ның ойын  алаңдарында  ғимараттағы  топтық 
бӛліктерге сәйкес келетін үй-жайдан шығу есігімен ыңғайлы байланыс болады. 
Сәби  жастағы  балаларға  арналған  алаңдар  осы  топтардың үй-жайлардан  шығу 
есігіне тікелей жақын орналасады. 
11.Ойын алаңдарындағы жабдық балалардың бойы мен жасына сәйкес,  
сенімді  және  берік  орнатылады.  Жабдықтың  беті  шығыңқысыз  және  кедір-
бұдырсыз, шығыңқы бұрандасыз, суға тӛзімді және оңай тазалануы тиіс.  
12.Әрбір  ойын  алаңында  кӛлеңке  бастырма  орнатылады.  Кӛлеңке 
бастырманың  едені  жылу  ӛткізгіш  материалдардан  (ағаш  және  басқа  да 
материалдар) дайындалады.  
13.Ойын  алаңдарының  жабыны  сәби  жастағы  балалар  үшін  шӛптен, 
мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін  шӛптен  және  тығыздалған  топырақтан 
болады.  
14.Мектепке  дейінгі  топтар  үшін  ортақ  жидек-бақшасын  жоспарлауға 
жол беріледі.  
15.Дене шынықтыру алаңы мыналарды: 
қозғалыс ойындарына арналған жабдықтары бар аймақты; 
гимнастикалық жабдық және спорт жабдығы бар аймақты
жүгіретін жолды; 


 
354 
секіру шұқырын; 
кедергі жолдарды қамтиды. 
Сыйымдылығы 150 орынға дейінгі ББМДҰ-ы кӛлемі кемінде           250 
метр
2
  болатын  бір  дене  шынықтыру  алаңымен,  сыйымдылығы                              150 
орыннан асқан кезде - кӛлемі кемінде 150 және 250 метр
2
 болатын екі алаңмен 
жабдықталады. 
Қозғалыс  ойындарына  арналған  жабдықтары  бар  аймақтың  беті  – 
шӛптен,  қалған  барлық  аймақтар  –  қатты  немесе  құм  себілген  немесе  ұсақ 
қиыршық  тастармен  нығыздалған  құм  жабынынан  болады.  Тротуар  плитаны 
қолдануға жол беріледі. 
Дене шынықтыру алаңының жанына ауыспалы тереңдігі 0,4 метрден 0,6 
метрге  (бұдан  әрі  –м)  дейін  және  ауданы  4х8  м  немесе  6х10  м  болатын  ашық 
жүзу  бассейндерін  орнатуға  жол  беріледі.  Бассейннің  іші  ені  1  м  аяқ 
ваннасымен жабдықталады. 
Жабық  (балаларды  жүзуге  үйрететін)  бассейндерді  күтіп-ұстау  және 
пайдалану  жүзу  бассейндерінің  құрылғысына,  пайдалануға  және  сапасына 
қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс. 
Ашық  жүзу  бассейндері  (Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік 
тіркеу  тізілімінде  №  6074  болып  тіркелген)  «Санитарлық-эпидемиологиялық 
ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық 
сақтау  министрі  міндетін  атқарушының  2004  жылғы  18  тамыздағы  №  632 
бұйрығына сәйкес үй-жайлардың толық жиыны кӛзделеді. 
16.Оқшауланған  шаруашылық  алаңы  ас  блогына  және  кір  жуатын 
орынға  жақын  орналасады,  қатты  жабыны  (асфальт,  бетон)  және  ӛз  алдына 
бӛлек кӛлік кіретін жолы болады. Аумақтағы шаруашылық алаңға кіретін жол 
топтық алаңдарға қатынайтын жаяу жүргіншілер жолдарымен қиылыспайды.  
Шаруашылық  алаңда  кӛлемі  кемінде  50  м
2
  болатын  кӛкӛніс  сақтау 
қоймасын орналастыруға жол беріледі. 
17.Қақпағы  бар  металл  қоқыссалғыштар  шаруашылық  аймақта  
бетондалған немесе асфальтталған алаңда орналастырылады.  
Кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйдің  бірінші  қабатында,  жеке  үй  иелігінде, 
құрылған-жапсарлас  үй-жайларда  орналастырылатын  ББМДҰ-ның  қоқысын 
жинау  үшін  тұрғын  үйдің  ортақ  қоқыссалғышын  немесе  контейнерлерді 
пайдалануға жол беріледі.  
18.Оңашаланған  учаскелерде  орналастырылатын  ББМДҰ-ның  жер 
учаскесінде кемінде 1,6 м биіктікте қоршауы болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет