Дєріс тезистері


 Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарындағы



Pdf көрінісі
бет285/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

4. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарындағы 
табиғи және жасанды жарығына қойылатын 
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар 
 
39.ББМДҰ-ның негізгі үй-жайларында табиғи жарық болады. 
Табиғи  жарықтандыру  коэффицентінің  шамасы  (бұдан  әрі  –  ТЖК) 
топтық, жатын, бӛлмелерінде, медициналық бӛлмеде, изолятор палаталарында, 
музыка және дене шынықтыру сабақтарына арналған үй-жайларда, компьютер 
класында - кемінде 1,5 %, шешінетін орында -  1,0% -дан тӛмен емес. 
Екінші  жарықпен  жарықтандыру  тек  дәретхана,  қабылдау  және 
шешінетін  үй-жайларда  ғана  жол  беріледі.  Персоналға  арналған  буфет,  қойма 
және дәретхана үй-жайларында табиғи емес жарық орнатуға жол беріледі. 
Топтық, ойын және жатын бӛлмелеріндегі жарық жақтаулары реттелетін 
күннен  қорғаныш  құрылғыларымен  жабдықталады.  Күннен  қорғаныш 
құрылғылары  (бұдан  әрі  –  КҚҚ)  ретінде  тек  тік  бағытталған  ішкі, 
сектольаралық  және  сыртқы  жалюзилер  пайдаланылады.  Реттелетін  бастапқы 
қалыптағы  КҚҚ  құрылымы  терезе  жақтауының  жарыққа  активті  ауданын 
азайтпауы және  ТЖК нормаланатын шамасын тӛмендетпеуі тиіс. Жалюзи үшін 
пайдаланылатын материал суға, жуу және дезинфекциялау құралдарына тӛзімді 
болуы тиіс. КҚҚ ретінде қабырға түсімен үйлесетін ашық түсті матадан тігілген 
перделерді  де  пайдаланады.  Жарық  ӛткізгіштік  деңгейі  жеткілікті  және 
жарықты жақсы тарататын қасиетке ие мақта-қағаз матадан (поплин, штапельді 
мата, репс және мата) тігілген перделерді пайдалануға жол беріледі.  
Топтық  үй-жайлардағы  терезелердің  перделері  табиғи  жарық  деңгейін 
тӛмендетпеуі  тиіс.  Жатын  үй-жайлардағы  терезелердің  пердесін  жабуға  тек 
балалар  ұйықтап  жатқанда  жол  беріледі,  ал  қалған  уақытта  үй-жайларға  күн 
сәулесінің түсуін қамтамасыз ете отырып, перделерді жылжытады. 
Бір  жақтан  түсетін  жарықпен  жарықтандыру  кезінде  топтық  үй-
жайлардың кеңдігі – 6 м аспайды. Үй-жайлардың іші кең болған кезде (қарама-


 
358 
қарсы  желдетуді  де  қамтамасыз  ететін)  терезелерді  екі  жақта  паралелл  немесе 
бұрышта орналастыру қажет. Терезелердің ағашы ұсақ тордан болмауы тиіс. 
Терезе  алдына  табиғи  жарықтың  деңгейін  азайтатын  үлкен  жапырақты 
гүлдерді  орналастырмау  керек.  Гүлдердің  биіктігі  терезе  алдынан  15 
сантиметрден (бұдан әрі – см) аспауы тиіс. Гүлдерді еденнен 65-70 см биіктікте 
аспалы  (қабырғада)  немесе  едендегі  гүл  ӛсіретін  ыдыста  және  табиғат 
бұрыштарында орналастыру ұсынылады. 
Табиғи  жарық  жеткіліксіз  жағдайларда  сабақ  жүргізу  кезінде  қосымша 
жасанды жарық қажет. 
40.Топтарға  арналған  үй-жайларда  жарық  тек  бір  жағынан  түскен 
жағдайда  бӛлменің  кеңдігі  6  метрден  аспай  кӛзделеді.  Үй-жайдың  іші  кең 
болған  кезде  терезелер  екі  жақтан  паралелл  немесе  бұрыштан  орналастыру 
кӛзделеді. 
41.Жасанды жарық кӛздері осы санитариялық ережелерге, 4-қосымшаға 
сәйкес  барлық  үй-жайларға  жеткілікті  және  тегіс  жарық  түсуін  қамтамасыз 
етеді. 
42.Үй-жайларда  бір  типтегі  шамдар  қолданылады:  қызу  немесе 
люминесцентті шамдар. Шамшырақтардың қорғаныш плафондары болуы тиіс.  
43.Шамшырақтардың  жарық  арматураларын  тазалау  жылына  кемінде 
екі  рет  жүргізілуі  және  істен  шыққан  шамдарды  уақтылы  ауыстыруы  қажет. 
Жарамсыз,  істен  шыққан  люминесцентті  шамдар  жиналады  және  ғимараттан 
құрамында  сынап  бар  шамдарды  кәдеге  жаратумен  айналысатын  ұйымдарға 
шығарылады. 
Шамдарды  сақтау  ББМДҰ-ның  жертӛлесінде  немесе  цокольдық 
қабатында  орналасқан  кілтпен  жабылатын  ББМДҰ-ның  жеке  үй-жайында 
сынбайтын ыдыста жүзеге асырылады. 
Ӛңделген  люминесцентті  шамдарды  қоқыс  салғыш  контейнерлерге 
тастауға  жол  берілмейді.  Ӛңделген  люминесцентті  шамдарды  сақтау  жауапты 
адамға жүктеледі.  
44.Балалар  тұрақты  болатын  үй-жайда  штепсельді  розеткалар  және 
еденнен  1,8  м  биіктікте  ажыратқыштар  орнатылады.  Жасанды  жарықты  жыл 
мезгіліне, табиғи жарық деңгейінің жағдайына сәйкес енгізу қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет