Гомеопатиялық тұнба мен қайнатпалар – бұл дәрілік өсімдік шикізатынан алынған сулы сығындылар. Оларды әртүрлі дәрілік түрде гомеопатиялық дәрілік препараттарды дайындау үшін қолданады. Кептірілген шикізаттармен олардың сұйылтуларынан алынған тұнба мен қайнатпаларды инъекцияға, көз тамшы, түйіршіктер, суппозиторияларға арналған гомеопатиялық ерітінділерді жасау үшін қолданады.
Жас дәрілік өсімдік шикізатынан және олардың сұйылтуларынан алынған тұнбалар инъекцияға арналған гомеопатиялық ерітінділерді дайындау үшін қолданады, ал қайнатпалармен олардың сұйылтуларын инъекциялық ерітінділер мен көз тамшыларын дайындау үшін қолданады.
Тұнба мен қайнатпалар жататын дәрілік түрдің жалпы және жеке фармакопеялық мақалаларда, дәрілік өсімдік шикізатының аты, экстракция режимі мен сұйылту (потенция) дәрежесі көрсетілу керек.
Тұнба мен қайнатпаларды дайындау үшін гомеопатияда рұқсат етілген және НҚ талаптарына сай келетін, жас және кептірілген дәрілік өсімдік шикізатын қолданады. Шикізатты тұндыру алдында НҚ бойынша бөлшектің өлшемі көрсетілмеген жағдайда оны ұсақтайды:
жапырақтары, гүлдері, шөптері – 4 мм – ден көп емес;
бүршіктері, қабықтары, тамырлары, тамырсабақтары, пиязшықтары – 3 мм – ден көп емес;
жемістері мен тұқымдары- 2 мм – ден көп емес.
Тұндыру үшін инфундирлі аппараттар, фарфорлы (инфундирка), шыны, эмальденген, таттанбайтын болаттан жасалған стакандар қолданылады. Фарфорлы инфундирлі аппаратқа шикізатты салар алдында 15 минут 90 0 С температурада аппаратты қыздырады. Экстракциялау процесі кезінде сулы сығындыларды жиі араластырады.
Ереже бойынша гомеопатиялық сулы сығындылармен оның сұйылтуларына консерванттар қосылмайды.
Әртүрлі дәрілік өсімдік шикізатынан алынған сулы сығындыларды дайындаудың ерекше жағдайында жеке НҚ-да көрсетіледі.
4.5. Гомеопатиялық ерітінділер мен сұйылтулар Гомеопатиялық ерітінділер мен сұйылтулар (потенция) – гомеопатиялық тритурациялар, түйіршіктер және т.б. дәрілік түрлерді дайындау үшін, ішке және сыртқа қолданатын дәрілік препарат ретінде пайдалануға болатын сұйық дәрілік түрлер.
Сұйылтуларды алады:
тритурациядан сәйкес келетін еріткіштермен потенцирлеп;
бастапқы тұндырмадан сұйылту және потенцирлеу арқылы.
Гомеопатиялық ерітінді мен сұйылтулар сәйкес келетін еріткіште сұйық біркелкі жүйе болып табылады. Еріткіш ретінде пайдаланылады: тазартылған және инъекцияға арналған су, әртүрлі концентрациядағы этанол, глицирин.
Егер жеке мақалада көрсетімесе ерітінділерді қыздырмау қажет.
Ерітінділердің концентрациясы (1:10) ондық (D1) – жүздік (С1) қатынаста, яғни дәрілік заттың 1 бөлігі 10 немесе 100 мас. бөлікте ерітінді көрсетіледі. Гомеопатиялық сұйылтулар дайындау кезінде санитарлық режим бойынша ереже сақтау керек.
Сұйылтуды дайындау процесінің мәні - негізгі субстанция мен сулы – этанолды ерітіндінің кезекті ретімен ондық немесе жүздік сұйылту қатынасын әр сұйылту соңында шайқап- сілкуінде. Сұйылту барлық негізгі (бастапқа ) заттар ортадан бөлінген дәрежеге дейін жалғасады, бірақ бұл кезде дәрілік белсенділік жақсы байқалады. Сұйылтудың 2 тәсілі пайдаланады.
1. С.Ганеман тәсілі (көп сыйымдылықта дайындау) .Кезекті пробиркалармен қажеттіеріткіш (ең басты 43 % этанол) 9 г (ондық) немесе 99 г (жүздік) мөлшерін дайындайды. Міндетті түрде пробиркалар тығынына сұйылтуларды көрсетеді. Бірінші пробиркаға 1 г дәрілік зат салынады. D2 (С2) белгісі көрсетілген құтыға D1 (С1) ерітіндісінен 1 г сұйылтуы немесе бастапқы тұндырма құйылады. Сосын таза пипеткамен 1 г алдынғы сұйылтудан алып келесі пробиркаға құяды, әр флакондағы тамшыны келесі флаконға ауыстыру алдында көп рет (10-30 рет, 1 минут бойы) сілкиді.
Ганеман тәсілі бойынша сұйылту үшін ара қашықтық потенция көбінесе қолданбаса да, әр потенцияға жеке ыдыс қажет.
2. С.Н. Корсаков тәсілі (бір сыйымдылықта дайындай). Дала жағдайында жасалатын сұйылтуларды бір флаконда дайындау тәсілін өңдеп, ұсынған. Бұл тәсілде дәрілік зат ерітіндісін флоконнан жылдам құйып алады. Флаконда 1 тамшы қалады деп жорамалдаған. Сосын қажетті еріткіш көлемі қосылады (9 немесе 99 тамшы). Егер шынының адгезивті қасиетіне және сұйықтың беттік керілуіне жөндеу жасаса, бұл тәсілдің дәлдігі төмен.
Корсаков тәсілі бойынша сұйылту кезінде флакон «К» әріпімен белгіленуі керек. Ганеман әдісі бойынша сұйылту кезінде 43 % этанол қолданылады; Корсаков әдісі бойынша – 62 % этанол қолданылады. Массасы 3 г -нан төмен сұйық сұйылту дайындау кезінде тамшылармен жұмыс істелінеді. Улы және күшті әсер ететін заттары бар сұйылтулар мен ерітінділерді тамшымен дозалау үшін тек стандартты каплемер қолдану қажет. Флакон көлемі 1/3 – 1/2 есе сұйылтатын сұйықтықтан көп болуы керек.
Препарат пен сұйылтудың аты тығында және құтыда (С немесе D) көрсетіледі.
Флакон – тамшылатқыштың престелінген шыны тығынында стандартты өлшемде этикетка жапсырылады:
Ерітілген заттың атауы
х г – 1 тамшы
1,0 г – у тамшы
Сұйылтуларды күн сәулесінен қорғалған бөлмелерде дайындайды. Әрбір сұйылтуды 10 – реттен кем емес үстіден астыға қарай сілкиді.
Сулы ерітінді дайындау үшін ФМ сәйкес 1 масса бөлігінде дәрілік зат алады, 9 немесе 99 массалық бөлікте тазаланған сумен потенцирлей отырып ерітеді және ерітіндіні сүзеді. Осындай жолмен дайындалған ерітінділер келесі потенциялар алуға пайдаланатын С1 немесе D1 сұйылтуларға сәйкес келеді.