Э. А. Абдыкеримова



Pdf көрінісі
бет49/85
Дата03.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#65038
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
Есептің қойылымы. Математикалық моделін тҧрғызу. Алгоритмін қҧру. 
Есепті компьютерде шешу. Проектіні тексеру. 
ЭЕМ-ң кӛмегімен есептерді шешуге дайындау процесінде бірнеше кезеңді 
ерекшелеуге болады: 
1. Математикалық модель қҧруды қамтитын есептің қойылуы (есептің 
математикалық қойылуы). 
2. Есепті шешудің алгоритмін жазу. 
3. Прорамманы қҧрастыру. 
4. Программаны жӛндеу. 
5. ЭЕМ-де есепті шешу және нәтижелерді талдау. 
Алғашқы деректердің, есеп шарттарының және оны шешу мақсаттарының 
дәл сипатталуы есептің математикалық қойылуы деп аталады. 
Есеп қойылғанда алғашқы және қажетті деректерді анықтап, атап ӛту 
керек, қандай нәтижелер және қандай жағдайда алу қажет екенін айқын тҥсіну 
керек. Зерттеу объектісі математикалық терминдерде сипатталады, алғашқы 
деректер мен қажетті нәтижелер арасындағы байланыс белгіленеді (кӛбіне 
формулалардың кӛмегімен), бҧл нақты объектіні зерттеу математикалық 
зерттеуде тҥйістіреді. 
Егер есеп математикалық болса, формулалары, шешу әдісі, математикалық 
қойылуы айқын болса, бҧл кезеңнің орындалуы қажет болмауы да мҥмкін. Іс 
жҥзінде ЭЕМ айтарлықтай кҥрделі есептерді шешу ҥшін жиі қолданылады, 
сондықтан есептердің қойылу кезеңі едәуір кҥш салуды, уақытты талап етуі 
мҥмкін. Мҧндай есептердің мысалы оқу кестесін қҧрастыру, ӛнеркәсіп 
ӛндірісінің дамуы нәтижесінде ауа райы ӛзгеруін болжау, табиғи ресурстарды 
тиімді пайдалану, экология мәселелері бола алады. Бҧл жерде математикалық 
символиканы барлық уақытта пайдалану шарт емес, бірақ ойды математикаға 
тән қатаңдықпен жеткізу қажет. Есептің дәл және нақты қойылуы – есепті 
жартылай шешу деген сӛз. 
 
10.1 Бағдарлама қҧрылымы 
 
Turbo Pascal тілінде бағдарлама екі бӛліктен тҧрады: 
1) мәліметтерді сипаттау (бейнелеу); 
2) алгоритмдік амалдарды сипаттау немесе операторлық бӛлік. 
Мәліметтер сипаттау арқылы жазылса, амалдар оператор арқылы 
жазылады. 
Синтаксистік жағынан Turbo Pascal тілінде жазылған бағдарламаны екі 
бӛлікке бӛлуге болады: 


78 
а) бағдарлама тақырыбы; 
ә) блок. 
Бағдарламаның тақырыбында: бағдарламаның аты және пайдаланылатын 
стандартты файлдардың аттары беріледі. Блокта: бейнелеулер және 
операторлар беріледі. 
Бағдарламаның тақырыбын кӛрсету ҥшін PROGRAM қызмет сӛзі 
пайдаланылады. Бағдарламаның тақырыбы жалпы тҥрде былай жазылады: 
PROGRAM <программаның аты>; 
Бағдарламаның тақырыбын ―;‖ символымен аяқтайды. 
Бағдарламаға (операторларға) тҥсініктеме беру ҥшін тҥсініктемені ―(*‖ 
және―*)‖ белгілерінің арасына кез келген жолдан, немесе кез келген қадамнан 
бастап жазуға болады. Мысалы: (*ҥшбҧрыштың ауданы*) 
Блок: 1. Белгілерді сипаттау бӛлігі. 
2. Тҧрақтыларды сипаттау бӛлігі. 
3. Типтерді анықтау бӛлігі. 
4. Айнымалыларды сипаттау бӛлігі. 
5. Функцияларды және процедураларды сипаттау бӛлігі. 
6. Операторлар бӛлігі. 
Turbo Pascal тілінде бағдарламаның жалпы қҧрылымын былай кӛрсетуге 
болады:
PROGRAM аты (пайдаланатын файлдар аттарының тізімі); 
сипаттау бӛлігі 
BEGІN 
оператор бӛлігі
END. 
Сонымен, Turbo Pascal-да жазылған бағдарламаның жалпы қҧрылымы: 
PROGRAM ... ; {бағдарлама тақырыбы} 
Uses ... ; {стандартты және пайдаланушылар модульдерін қосу} 
Label ... ; {белгілерді сипаттау бӛлімі} 
Const ... ; {тҧрақтыларды сипаттау бӛлімі} 
Type ... ; {жаңа типтерді сипаттау бӛлімі }
Var ... ; {айнымалыларды сипаттау бӛлімі } 
Procedure ... ; {процедураларды сипаттау бӛлімі} 
Functіon ... ; {функцияларды сипаттау бӛлімі } 
BEGІN {негізгі бағдарлама басы} 
1 - оператор; 
2 - оператор; 
................. 
n – оператор 
END. 
Бҧл бӛлімдер бір-бірінен нҥктелі ҥтір арқылы ажыратылады. Бағдарламада 
бҧл кӛрсетілген бӛліктердің бәрі бірдей бар болуы шарт емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет