Сабақтың тақырыбы: Мұхаметжан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына, І. Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайына саяхат



Дата13.12.2023
өлшемі1,66 Mb.
#137889
түріСабақ


Бекітілді __________________
Павлодар облысы білім беру
басқармасының «Жас дарын»
мамандандырылған мектеп-лицейінің басшысы Г.С.Жанғазы

«Жас дарын» мамандандырылған мектеп – лицейінің
«Менің қалам – тарихқа тұңған қала»

ЖОБАСЫ
Сабақтың тақырыбы: Мұхаметжан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына, І.Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайына саяхат
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға тарихи-өлкетану мұражайы (музейі) жайлы және тарихшы-өлкетанушы Мұхаметжан Тынышпаев туралы түсінік беру; І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру; Дамытушылық: оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; Тәрбиелік: оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Оқушының ойлау қабілетін арттыру;
2. Ана тілінде сөйлеп, жаза білуге жаттықтыру;
4. Көрген – білгенін шығарма жұмысына пайдалана алу;
5. Сауатты жазуы, келген ойды дәл бере білуге үйрету;
6. Оймен жұмыс істей отырып, оны басқара білу;
7. Келген ой толқынын іркіп, келесі ойға жол бере білу


Жобаның төлқұжаты
Жетекші: Базарбай Б.Т
Жұмыс өтілі: 4 жыл
Оқыту тілі: қазақ
Мерзімі: ұзақ мерзімді (1 оқу жылы).
Кіріктіру кезеңі: 2023-2024 оқу жылы, (қараша – маусым)
Қолдану аясы: сыныпішілік (эссе).
Таратылуы: мектеп бойынша
Жобаға қатысушылардың шеңбері: 5 б сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекші.
Ұйымдастырушы орган: Жоба жетекшісі, ата-аналар, оқушылар.
Маңыздылығы: Ағылшын сөздерін мүмкіндігінше ерте дұрыс айтуға үйрену. Тілді тәжірибелеу, үнемі жетілуінен, жүйелі түрде жүргізуден кейін нәтиже күтуге болады.
Күтілетін нәтиже:

  • Ағылшын тілі мектеп оқушылары мен отбасы арасында кеңінен таратылады;

  • оқушылардың танымдық қабілетіне, мінез-құлқына ойынның пайдасы,тиімділігі кеңінен зерттеледі;




  1. Мұхаметжан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхат

Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т.б.), көркемөнер музей (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. музейлер), ‘‘жаратылыстану музейі’’ (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық музейлер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), ‘‘кешенді музейлер’’ (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейлері), мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музейлер). Музей ісінің негізгі бағыттары – музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін жетілдіру. Музей жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, музейлік басылымдар шығару, т.б. жатады.



  1. І.Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайына саяхат

І.Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайы 1984 жылдың мамыр айында, Талдықорған қаласында ақынның 90-жылдығына орай ашылған. Мұражай қоры 673 экспонатты құрайды, олардың 600 түпгұсқалық болып табылады. Қорды жинау мен насихаттау ісіне Алтын Бақыраденова үлкен үлес қосты. 1983 жылы Жоғары оқу орындарының Республикалық байқауында Ілияс Жансүгіровтың әдеби-мемориалдық мұражайы республикадағы үздік мұражай болып табылады. 1983 жылы І.Жансүгіровтың 90-жылдығына орай жиналған қорды тегін түрде ашылып жатқан облыстық Ілияс Жансүгіровтың мұражай үйіне сый ретінде берілуі жайында шешім қабылданған. Қазіргі кезде мұражайда алты залда орналасқан 6000 астам экспонат бар, олардың жалпы ауданы 268 шаршы метрді құрайды. Осында жазушының жеке заттары, баспа станогы, үстел шамы, оның сүйікті музыкалық аспабы – Молықбай қобызы, көзі тірісінде шығарған кітаптар басылымдары, патефон, таяғы, сонымен қатар контрреволюциялық ұлттық ұйымның 1938 жылғы 26 ақпан айындағы өлім жазасы жайындағы үкім туралы құжат көрсетілген.




  1. Талдықорған көркемөнер галереясына саяхат

Талдықорған көркемөнер галереясы 1950 жылдары салынған екен. 2002 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, сәулетшілер жобасымен жөнделген. Галерея ғимараты композиция бойынша ықшамды және сындырлы болып, қаланың сәулет кеңестігіндегі ерекше әсем құрылысқа айналған. 3 қабатты 10 экспозициялық залдан тұратын бұл галереяға 245 туынды қойылған екен.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет