3.1.2.9 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану
3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану
3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау
3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану
Күтілетін нәтижелер
Барлық оқушылар үшін:
Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлу тәсілдерін орындау.
Бірқатар оқушылар үшін:
Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлу тәсілдерін түсіндіру.
Кейбір оқушылар үшін: 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдануды түсіндіру
Ынталандыру. Архитектуралық ескерткіштердің ішінде көптеген ерекше көпірлер бар.
№1-ші тапсырманы орында. Өрнектердің мәнін тап, сол кезде мына атақты көпірлер қай жерде орналасқанын білетін боласың.
4–6
Өзектендіру. Мақсатты ойлау түрінде көбейту мен бөлу кестесін бекітуге ойындар ойнату: «Компьютер», «Қай қатар мықты?»,«Математикалық волейбол», «Қандай ұшақпен ұшатыныңды біліп ал» деген жаңа ойындар ойнауға болады. Ойынның мақсаты: көбейту мен кестесі бойынша алған білімдерін бекіту.
Ойынға мына жауап сандар жазылған ұшақтардың суреттері керек болады: 61, 25, 70, 18, 63, 60, 900, 50, 36, 35, 49, 28, 6, 42.
Мұғалім үлестірмелі қима қағаздардағы мысал есептерді шығарып, оқушыларға кім қай ұшақпен ұшуға тура келетінін білуді ұсынады:
7 · 10 – 9; 6 · 3 + 7; 90 : 9 · 7; 54: 6 + 9; 900 : 100 · 7; 24: 4 · 10; 81 : 9 · 100; 35 : 7 · 10; 63 :7 · 4; 28 : 4 · 5; 42 : 6 · 7; 700 : 100 · 4; 540 : 10 : 9; 380 : 10 + 4.