Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Мұғалім оқулықтағы 2-тапсырманы – практикалық жұмысты топпен орындауды ұсынады. Оқушылар толық жүздікпен, ондықпен, бірлікпен үлестірмелі қима қағаздарды дайындап, ұсынылған сандарды алдыңғы және кейінгі сандарды атай отырып, құрайды, сұрақтарға жауап береді:
– Алдыңғы сан қаншаға кем?
– Кейінгі сан қаншаға артық?
Жаңаны ашу. Ары қарай үлестірмелі қима қағаздармен жұмысты жалғастырып, мұғалім әр оқушыға сандардың бірін таңдап (жауып, ары жылжытып), бірлік (ондық, жүздік) санын білдіретін шыққан санды табуды ұсынады.
Мысалы, 532 санынан 2-ні алып тастаса 530 қалады.
- Ал егер 2 (20, 200) санын қосу керек болса ше?
Балалар ойларын айтады.
Осыдан кейін 532 мен 124 санын үлестірмелі қима қағазды пайдаланып қалай қосуға болатынын түсіндіреді.
Мұғалім 3-тапсырманы орындауды ұсынады, оқушылар орындалған іс-әрекетті түсіндіреді, мұғалімнің көмегімен үш таңбалы сандарды қосу мен азайту ережелерін құрастырады.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқулықтағы 4-тапсырма орындалады. Оқушылар кезекпен бірінші бағандағы орындалған тапсырманы түсіндіріп береді, осы бойынша екінші бағандағы өрнектің мәнін табады.
Оқулық, жазылған үлестірме карталар, маркерлер, қағаздар, дәптер, жаттықтырғыш.
30-36
Өзіндік жұмыс Мұғалім дәптерден жеке және жұппен орындалатын тапсырма береді, артынан тексереді.
Қалыптастырушы бағалау жүргізу үшін баланың қабілеттілігін талап ететін тапсырма беріледі:
-үш таңбалы сандардың ондық құрамын ата;
-1000 көлеміндегі сандарды ондық құрамы негізінде орналастыру;
-1000 көлеміндегі сандарды ондық құрамы негізінде азайту.
Өткенді қолдану.
Оқулықтан 5-тапсырманы орындауды ұсынады.
Оқулық, дәптер.
37-40
Рефлексия. Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелі қима қағаздар таратады, оқушылар жалғасын жазады:
Мен… үйрендім.
… менің қолымнан келді.
Мен … жасай алдым.