3.1.1.1. 1000 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіну; 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
3.1.1.2. Үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды, натурал сандар қатарындағы орнын анықтауды білетін болады.
Кейбір оқушылар:
1000 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіруді білетін болады.
Көпшілік оқушылар:
Сандар сәулесінде қарапайым теңсіздіктің көптеген шешімдерін табады.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту: 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі.
Пәндік лексика және терминология: 1000 көлемінде тура және кері санау, оқу, жазу, салыстыру,
теңсіздік, көптеген теңсіздіктердің шешімі, сандар сәулесі.
Диалог/жазу үшін қолданылатын тіл. Талқылау:
Разряд деген не?
Санды разрядты қосылғыштар қосындысы түріндегі байқау.
Жазылым:
Үш таңбалы сандарды жазу, сандар сәулесін сызу, теңсіздіктің шешімі болып табылатын аумақты қиғаш сызықпен көрсету.
Тірек білім, білік, дағдылар
Үш таңбалы сандардың нумерациясы.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Қоры
0-3
Ынталандыру. Мұғалім балалармен жанды және жансыз табиғат туралы не білетіндері жөнінде әңгіме жүргізеді.
4-6
Өзектендіру. Өзектендіруді ойын түрінде ұйымдастыруға болады. Тақтада сандар жазылған бұлт: 9, 0, 1; жауын тамшыларын 2, 6, 7 сандарымен; қарларды 4, 8, 3 сандарымен белгілеу. Балалардан бар сандардан қалай әртүрлі сан құруға болатынын сұрайды?
– Бүгін біз үш таңбалы санмен жұмыс жасаймыз. Олар туралы білетініміздің барлығын есімізге түсіреміз.
– Бұлттағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз. (109, 901, 910, 190) (сандар магнитті тақтаға жабыстырылады).
Осы сандарда «0» қандай мағына береді? (Бір разрядтың жоқ екенін береді) Ең кіші санды атаңыз.
(109)
Осы санның разрядтық құрамын атаңыз. (1 жүздік, 0 ондық, 9 бірлік)
Оның алдындағы санды атаңыз. (108) Келесі сан. (110)
Ең үлкен санды атаңыз. (910) Бұл сандағы 0-дің орны қандай?
Тамшылардағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз. (267, 276, 627, 672, 726, 762). (Сандар магнитті тақтада құрастырылады.)
Қарлардағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз (483, 438, 348, 384, 834, 843).
Сандарды өсу ретімен қойыңыздар.
Ең кіші санды атаңыз. (348)
Сіз құраған сандардың ұқсастығын табыңыз? (Олар үш таңбалы.)
Олар неге бұлай аталады? (Олар үш таңбадан тұратын сан.)
Үш таңбалы сан қандай разрядтардан тұратынын атаңыз. (жүздік, ондық, бірліктен).
Тексергеннен кейін мұғалім балалардың қайсысы қиындыққа тап болғанын, кім қай тапсырмада қателескенін анықтайды.
Қар, тамшылар және бұлт түріндегі қима қағаздардағы сандар.