Ә. Бөкейхановтың туғанына -140 жыл



жүктеу 1.18 Mb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата15.03.2017
өлшемі1.18 Mb.
1   2   3

(Жалғасы бар).

Ә.Бөкейхановтың туғанына - 140 жыл

(Басы өткен сандарда.

Мамам бұдан соң: «Әлекеңді көрмегелі

сегіз жылды артқа салыппыз, жолығуға асы-

ғып келемін, өзіміздің қадірменді топтан қал-

ған кісі іштегі мұң-сырымды ақтаратын, бәрін

білетін де, түсінетін де сезімтал жанашыры-

мыз, көшбасшы - көсеміміз Әлекеңді көруге

аңсап келемін. Поезд бәсеңдей бергенде

вокзалдың перронында тұрған Әлекеңді те-

резеден байқап қалдым. Қуанғанымнан

жүрегім дүрсіл қағып шыдамым әзер жетіп

тұр, поезд тоқтағанша тағат таппадым. Ва-

гонға кіріп келген Шәменге амандаса сала

жүгімді оған тапсырдым да Әлтайдың қолы-

нан ұстап асыға басып Әлекеңе де жеттім-

ау. Мені төсіне құша маңдайымнан иіскеді

(әдеті сүймей, тек иіскейтін), Әлтайды

көтеріп алып:«мына товарищ Әлібекте үлкен

жігіт болып қалыпты ғой», деп оны аймапа-

ды. Жұрттың бәрінің атына «товарищын» айту

Әлекеңнің әдеті болатын. Әлекеңнің зор

денесі. бұрынғыдан сәл еңкіш тартқандай

кәрінді маған, самай шаштары қырау шал-

ғандай ағарыпты, бірақ жүріс-тұрысы ширақ,

баяғыдай гүрілдеп сөйлейтін жуан дауысы-

мен қарқылдап қатты күлетіні сол қалпында,

құлаққа бұрынғыдай жылы естіледі. Лиза ба-

ласы Кене (Ескендір) екеуі бізді үйінде күтіп

алды, екеуіміз Смағұлды еске түсіріп, жоқтап

көрістік, көңіл айттым. Смағұлдың соңында

қалған Кене әкесіне тартқан бойшаң, сом

денелі, өзінің қатарындағы балалардан ере-

сектеу көрінді. Атасының ермегі де сол,

әңгіме Кененің төңірегінде болып отырды.

Немерөсінің мектепте үздік оқитынын, кітап-

тарды балалар кітапханасынан алып оқиты-

нын, екеуінің қосылып таңертеңгілік гимнас-

тика жасайтынын айтып отырды. Кене мен

Әлтай көшеге самакат теппекші болып шы-

ғып бара жатқанда, «екеуің абайлап жүрің-

дер» дел ескертті. Әлекең Лизаның шығып

кеткенін күткендей бір сәт үндемей отырып

қалды да сөйлеп кетті. «Кене екеуміздің кеш-

ке таман қыдыруға көшеге шығатын әдетіміз

бар-тын, жуырда келе жатып аңғармай, жол-

дың ортасына шығып кетіппін, көшенің айнал-

масынан ызғытып шыға келген машинаның

астына түсе жаздадым, шофер тоқтай салып:

«Сен үшін сотталатын жайым жоқ» деп, оны-

мен қоймай неше түрлі былапыт сөздерін қоса

айтып сөккені бар. Әлгінің сөздері онсыз да

күйіп жүрген жаныма батқаны сонша, сол жер-

де «мені басып бір жолата неге жоқ қылып

өлтіріп кетпеді деп қапаландым. Басқаларға

керегім болмаса да мына Кенені жеткізуім ке-

рек екені ойыма түсіп тәубеге келдім». Әлгіні

естігенімде, «олай демеңіз Ағеке, сіз жалғыз

Кенеге ғана керекпін демеңіз, сіз бүкіл қазақ-

тың атасы екеніңізді ұмытпаңыз, бізді кімге

тастайсыз?» дедім.

Әлекең 1922 жылы түрмеден босатылып,

Мәскеуге келгеннен бері тұратын пәтері

(Больше Кисловский переулок, 9-да) 2

бөлмелі, ас үйлері ортақ (коммуналка) екен.

Смағұл 1933 жылы қайтыс болғаннан бері

Лиза, Ескендір үшеуі бірге тұратын. Әлекең-

нің кішірек келген жазу столы тап-тұйнақтай

жиналған, бір шетінде қабаттасып қойылған

кітат ар, столдыңорта шенінде екі сия сауыт,

бірінде қызыл, екіншісінде көк сия құйылған,

сол жақта жасыл абажурлы электр шамы, қол

астында ұзынынан қиылған бір топ ақ қағаз

жатыр. Үй ішінде екі төсек орын, бір диван,

тамақ ішетін стол мен орындақтар қойылған,

бөтен жиһаздар жоқ. Қабырға тұсында ілін-

ген Смағұлдың, өздерінің жеке-жеке түскен

суреттері бар. Әлекең ұсталып кеткендердің

үй-іштерін менен сұрастырды. Түрмеден, ай-

даудан босатылып келген Мағжан менен Ел-

дестен хабар болмай тұрғанын, Ахметтің

әйелімен Сібірден оралғанынан хабардар

екенін, Жақаңнан үзбей хат алатынын айтып

отырды. Елдегі болып жатқан ашаршылық-

тың бет алысын толық сұрастырды, елден

шұбырып келген қазақтар Мәскеуде де ұшы-

расып жүргендерін әңгімеледі.

Екі күннен кейін біз сапарымызға жүр-

мекші болдық. Станция Сосновецке - Жақаңа

бару үшін Ленинград арқылы Мурманск (қазір

Киров атында) теміржолымен сапар шегіледі.

Үйден шығарымда Әлекең «товарищ Гая, мы-

наны Міржақып шырағыма барған соң

қажеттеріңе жұмсарсыңдар»,-деп қолыма

қалындау келген конвертті ұстатты. Әлекеңе

қарсылық көрсетуге болмайтынын білген-

діктен, үндемей сумкама салдым. Жақаңды

әуел бастан «шырақ» деп қосып айтатын. Ма-

ған тапсырғаны: қайтарда міндетті түрде со-

ғуымды жөн көрді. «Көп нәрсені хатқа жаза

бермегендіктен, Міржақып шырақтың сәле-

мін, көрген-білгеніңді маған жеткізерсің» де-

генді тапсырып, Кене екеуі поезға отырғызып,

шығарып салған-ды. Мәскеуден шыққаннан

бері мазам кете бастады: «қалай жетемін,

қолымда ауыр жүк, жас балам бар, қарсы алу-

ға Жақаңның мүмкіндігі бола ма, жоқ па?

Осындайда сары уайым мазамды кетіріп ты-

ныштық беруші ме еді. Бірақ ондай жағдайға

кездеспедім. Жайғасып отырғаннан соң жо-

лаушылар бір-бірімізбен сөйлесе келе, кімге-

қайда баратынымызды білген соң, ешкімді

жатырқамайтын орыс халқы емес пе, қолда-

рынан келетін көмек көрсетуге даяр екендерін

білдірді, содан соң барып көңілім жай тапты.

Әли ағасының телеграммасын алған Жа-

қаң станцияда күтіп түр екен. Алғашқы көрі-

суіміздегі қуанышымызды айтып жеткізу қиын,

бір-бірімізді қайта-қайта құшып сүйеміз,

өзімді-өзім берік ұстамақ болсам да көзіме

үйірілген қуаныш жасын жасыра алмадым.

Папасын көргенде Әлтай жатырқап тұрып

қалды, содан соңмойнына оралып «папапап»

сөйлеп кетті. Пәтер жалдап қойыпты. Жұмыр

бөренелерден қиыстырып соғылған жеке

меншік үйі көрмекке әжептәуір, өзім білетін Ом-

бының үйлеріне ұқсайтын үй екен. Мерзімі бір

ай тұруға бәрімізге пропуск беріліпті. Түскен

үйіміздің әйелі бізді жайдары жүзбен қарсы

апды, «жолдан шаршап келдіңіз ғой, деп сама-

урын қойып, төсек-орын, ыдыс-аяқ табыстап

кетті, Жуынып-шайынып, үйден әкелген сәлем-

сауқатты Жақаңның алдына тостым...» -Гүлнар

апайдың ұзақ та болса бұл әңгімесін келтірудегі

мақсат - естелік астарындағы ішкі иірімді

аңғарту бір керек болса, екінші алаш зиялыла-

рының бір-біріне деген ыстық ықыласты сый-

ластығы мен бірлігін сездіру де оқушыға қажет

жайт. Тар жерде сыйласа білу - адамдықтың

үлгісі. Соны біздің Арыстарымыз мықты ұстан-

ған, бағалағаны қай ұрпаққа да өнеге. Енді

Ә.Бөкейхановтың өзіне үңілелік.

Коғабай СӘРСЕКЕЕВ

АЛАШТЫҢ

ӘЛИХАНЫ

(Филологиялық эссе)

«19-шы декабрьде Семейде Евгений Пет-

рович Михаэлис өлді. Михаэлис біздің Семей-

ге айдалып келіп, сонан бері біздің қазақ жерін-

де қалған еді. Қазақтың жалғызы, ақыны Абай-

ды тура жолға салған осы Михаэлис еді. Абай

өле өлгенше «менің көзімді ашқан, маған жаны

ашырлық қылған Михаэлис еді»- деп айтып

отырушы еді.

Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?

Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?

Махаббат ғадауатпен майдандасқан

Қайран! Менің жүрегім мұз болмай ма?

Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?

Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?

Асау жүрек аяғын шалыс басқан,-

деген Абай өлеңі Михаэлиске дәл-ау!». Қазақ

жазба әдебиеті тарихында Абайды өз жұрты-

мен тәу, алғаш таныстыру Әлихан Бөкейханов

үлесіне тисе, осы ұлы іске ұмтылудың себебі

тым әріде жатыр екен. Әлекең және бір кітап

-ұсынады. «Бұл кітап Евгений Петрович Михаэ-

лиске арналған. Михаэлис - Абай ұстазы.

Мұны 44-ші нөмір «Қазақстан» (газет) қара.

Михаэлис 1871-ші жылдан 1913-ші жылға

шейін біздің қазақ жерінде тұрып, ел ішін көп

аралап, қазақ ресімхалін ізденіп жиып, «Қазақ

билігі» атты кітап жазған кісі»,- дей келіп, Әле-

кең «Қырда жоғалатын қазақ алтыны Абайды

тапқан Михаэлис»,-депті. Бұдан әрі автор:

-Неше жыл Михаэлис Семейде тұрғанда

Абай әрқашан декабрьден мартқа шейін қала-

да жатып, кеш сайын Михаэлис Пушкин, Лер-

монтов, Толстой өнері жолына сілтеген. Мұны

біліп, қымбат бағалап, Абай да Михаэлиске

өлгенше риза болып кетті. Мұндай жүйрік топ-

та бел көрсетпей жоғала ма? Михаэлис әуел

баста жұртқа көз, көсем болуға туған. Айдалып,

Сібір кетпесе, ғылым жолында Михаэлис екінші

Менделеев болар еді. Бұл көпірткен емес, Ми-

хаэлис өнері осы. Амал бар ма, алмас Михаэ-

лис ұстайтын қол таппады. Мұхит жүзетін зор

кеме қазақ шөлінде қайраңдады,- дейді.

-Уай! Сен дүниеде аз күн қонақ,

Жас мезгіл екі айналмас, мойнын бұрмас.

-Бұл сөздерді де Әлекең жазып отыр. Жыр

жолдарын Сәбит Дөнентаевтан алған.

«Жұмыс ет, оқтай зырлап, қардай борап»,-

деп, Әлихан Бөкейханов үндесе кім үшін, не үшін

айтқан. Әлекең Михаэлисті әуел баста «жұртқа

көз, көсем болуға туған» деп таныстырады. Егер

ол айдалып Сібір кетпесе «ғылым жолында Ми-

хаэлис екінші Менделеев болар еді»,-дейді

және. «Мұхит жүзетін зор кеме қазақ шөлінде

қайраңдады» дегенде елең етесің. Бұдан әрі

Әлихан Бөкейханов тіптен тың сөз айтады ғой -

«Қырда жоғалатын қазақ алтыны Абайды тапқан

Михаэлис!» деп Әлихан Бөкейханов 1906 жылы

«Семипалатинские областные ведомостидің»

бетінде «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» деген ат-

пен орыс тілінде мақала жазса, бұл мақаланың

дайындығы Әлекең көкірегінде ерте піскені

көрініп тұр. Бұл Абайды, оның төңірегін әбден

зерттеген кісінің сөзі! Абайға деген ынтызарлық,

оның жазу-сызу өнерінің түп-тамырын түсіну

Әлихан Бөкейханов үшін басты нышан. Осы рет-

тен де ол Абай ұстазын дәріптеп кеткен. Ми-

хэлисті қалай айтады. «Мұхит жүзетін зор кеме

қазақ шөлінде қайраңдады»,-деп бұрын кім айт-

қан. Мұндай сөзді Михаэлис бұрын қайдан

естіпті? Әлихан Бөкейхановтай қазақ Абайдай

данасының жолын ашқаны үшін әлгіндей сөзін

қиған. Әлекеңнің Абай туралы мақаласын қазақ

топырағында абайтанудың басы десек, осындай

біліктен айтамыз. Бөкейханов Құнанбайұлын

білген, білгесін жазған. Абайды тану қазаққа бір

бақыт болса, сол бақыт Әлихан Бөкейхановқа

тиесілі екені және анық, ұлыны ұлы таниды. Та-

ниды дегеннен шығады, Әлекең Шоқан мен

Ыбырайды да жақсы таныған. Шоқан, Ыбырай,

Абай -қазақтың үш Төресі -теңі жоқ Төресі! Осы-

ны кәміл ұққан Ә.Бөкейханов «Қазақ» газетінің

бетінде үшеуін бөлмей, қатар насихаттаған. Жол-

дастарына айтып, арнайы тапсырыспен олар

туралы мақала жаздырады. Ахмет Абайды, Шо-

қан жайлы Міржақып жазды. Ахметке және қолқа

сап Ыбырайды жаздырды. Осылайша үш Алып-

тың басын бір байлап алғасын, басқа сөзге

ауысады. Соның ішінен бертінде Әлекеңе Смағ-

ұлдың бір жазғаны қатты ұнады. Сол Смағұл

Сәдуақасұлы қазақ халқының ұлттық санасының

ояну дәуірінің басында мәдениетті Европамен

байланыста болған оқыған қазақтардың ішінен

Шоқан мен Ыбырайды айрықша бөліп алып,

олардың өмірінің соңғы күндерін талдапты.

«Өткен ғасырдың екінші жартысында Алтынса-

рин деген қазақ өмір сүрген. Ол қазақтардың

арасынан бірінші болып орыс мәденитімен жа-

қындасты және славян дінінің миссионерлеріне

жан-тәнімен қызмет істеді. Орыс-қырғыз

мектептерін ашуға бірінші болып ат салысқан да

осы кісі, қазақтарға орыс әрпімен жазуды ұсын-

ған да сол. Ол атақты миссионер ғалым Ильмин-

скийдің досы және сенімді серігі болды.

Міне, Аптынсарин өлерінің алдында өзіне

бірде-бір орыс тіпті, ең жақын достарын кел-

тірмеуге жарлық берген. Тірі кезінде діннен

безген осы кісі жаназасында 99 молда шақы-

рылсын деген өсиет қалдырыпты. Бұл оқыған

қазақтың трагедиясы болатын. Бізге оның бұл

қимылы қазір түсініксіздеу болар, бірақ көп

жылдар бойы орыстармен қоян-қолтық арала-

сып жүріп, ең ақырында миссионерлердің

қазақ халқына зәредей де жақсылық ойламай-

тынын түсінген болу керек. Мүмкін оның қазақ

деп соққан жүрегі соңғы минуттарында өзінің

қылмысына төзе алмаған шығар, сондықтан да

ол көп жыл бірге қызмет істеген достарын

көргісі келмеген болар.

Бізде Алтынсариннен білімі де, атағы да бір

кем емес тағы бір қазақ болған, ол - Шоқан

Уәлиханов. Шоқан орыстың Шығыстағы отар-

лау саясатын жүргізуге шын көңілімен аралас-

ты. Уәлиханов патша өкіметінің әскери-соғыс

министрлігі үшін мәлімет жинау мақсатымен

жасырынып Қашқарияға барып қайтқан. Ол

Түркістанды бағындырған атақты генерал

Черняевтің отрядына офицер болып қызмет

істеген, Осы Уәлихановтың өмірі қалай бітті

дейсіздер ғой - оның өмірі де Алтынсарин

өміріне ұқсас. Өмірден қайтар алдында Уәли-

ханов өзінің орыс достарының бәрінен бас

тартты. Орыс армиясының сырбаз офицері

болған Уәлиханов әскери киімін тастап, қазақ-

тың кең қолтық шекпенін, саптама етігін киіп,

алыстағы қазақ аулында дүниеден өтті.

Сібір ғалымдарының басшысы Ядринцев:

«Шоқан Уәлихановтың қайғылы өлімі европа-

лықтар үшін ызбарлы ескерту болуға тиіс»,-

деп жазды Шоқанға арналған некрологта. Ол:

«Орыс адамдары бұл жерде қатты ойлану ке-

рек», - деп жазған.

Әлекең осы жолдарды оқиды, оқиды да да

ойға кетеді. Смағұл сөзінде шындық бар ма

қалай? Өмірінің соңына қарай Ыбырай өзінің

орыс достарынан неге безді, тіптен реті жоқ.

Қызметі алдында, омырауы орденге толы,

статский советник-генерал дәрежесіндегі Ал-

тынсарин емес пе? Ал, орыс армиясының

офицері Шоқан неліктен әскери киімін тастауға

дейін барды. Шоқанның өзінің туған жеріне

жетпей алыстағы қазақ ауылында дүниеден

өтуі де жұмбақ. Ядринцевтің Шоқанға жазған

некрологында «Уәлихановтың қайғылы өлімі

европалықтар үшін ызбарлы ескерту»

деуінде не гәп бар? Немесе «Орыс адамда-

ры бұл жерде қатты ойлану керек», дегеннің

астарында қандай сыр жатыр? Иә, бұратана

халыққа орыс шенеуніктері кеше де, бүгін де

сақ. Өткен ғасырда да солай болған, бүгін де

өзгергені шамалы, Кеңестің бүгінгі қырағы-

лығы ескі Ротссияның екі шоқып, бір қарай-

тын бұрынғы жымысқы әдісімен алмасқанын

кім білмейді. Ендеше Смағұл сөзі астарлы.

Смағұл дегеннен шығады, қазір ел іші сер-

гек, қоғамдаса бастапты. Азаматтар жұмы-

лып, іс қылудың қамына кіріскен. Бұл - жақ-

сы нышан. Қазақ автономиялы республика-

сы құрылғаннан кейін ұлт зиялыларының бәрі

де жаңа құрылған үкімет маңайына топтал-

ды. Әлекең мұны қызғанбайды, шет жүрсе де

тілектес көңілде үн қосады. Тірліктің түп

қазығы - бірлік! Өнегесіз өсу жоқ. Өзі "жақ-

сыдан үйрену шам емес, жаманнан жирену

шам емес", дейтін қазақ. Деген бар - жұға-

ды мінез достан, ауру - астан. Қоғамдасу -

бірліктің басы. Ә.Бөкейханов осыған қуана-

ды, қазақтың ел болғанын көру тірлігінің бас-

ты мұраты. Енді елінің қолы теңдікке жетті, өз

тізгіні өз қолына тиді деп мәз болып, тапсы-

рылған жұмыстарына құлшына кірісіп жатқан

ел тірлігіне неге қуанбасын! Үкімет екі клас-

тық, одан жоғары білімі бар қазақтардың

бәрін міндетті түрде (мобилизация) жұмысқа

шақырса - бұл жақсы белгі. Республика бас-

шылығында С.Меңдешев, М.Мырзағалиев,

Н.Нұрмақов, С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов,

Ә.Әлібеков, Ә.Жангелдин, К.Тоқтыбаев,

Ә.Әйтиев, М.Атаниязов, М.Саматов, Ә.Асыл-

беков пен және де басқа жігіттердің жүрге-

ніне қарсы емес, көбі гимназия, семинария

бітірген жастар. Бұлар Ахмет, Міржақып,

Мағжан, Жүсіпбек, Елдес Омаров, Телжан

Шонанов, Сейдазым Кәдірбаев, Нұрсұлтан

Бекетов, Мұхтар Мурзин, Молдағапи Жолды-

баев, Мәжит Шомбалов, Кенжеғали Ғабдул-

лин, Жұмабай Оразалин, тағы басқа да ар-

дақты азаматтар алдынан әр кездерде дәріс

алды. Ендігі тілек -жастар бұзылмаса екен

дейді. Үкімет маңайынан табылып жатқандар

ақ, қызыл деп қазақ арасын бөлмей, ұлт

ішінен жау іздеп қарақтамай-ақ ұстанған

большевиктік жолдарымен жүре берсе жа-

рар еді. Өзге халық қазақ сияқты бірін-бірі

түртпей-ақ жаңа жолға түсіп кетті. Көрші ел-

дерде сатқындық жоқ, тоғытып бірін-бірі түр-

меге тығуды олар қазақтардан көріп, сынақ-

тан басқаның бәрі жұғады, деп бөтен ағайын

бізге енді теріс қарайтынды шығарды. Иә,

қазақ арасында нақақ жетеді, не боп барады

бұл заман? Біздің адасқан надан жұртқа

мұрындық болып, көз болып, бостандық,

теңдік, туысқандық жолын ұғындыру зор бо-

рыш. Бостандық, теңдік, туысқандықты олжа

делік. Басқа жұртқа теңдікті әперген орыстар,

олар көп күрескен халық. Осының негізін ұғу

керек. Қалай десек те, күресті күндер артта

қалды. Жеңіс кімге де оңайлықпен келмеген.

16-17 жылдарда Түркістанда ашаршылық бо-

лып, жұрт малынан айырылып, адамы босты,

Сырдария қазақтары шыбындай қырылды.

21-23 жылдың беті жаман, Торғай уезінің

малы қырылды, ел күйзелді. Қарқаралы

уезінде шаруа жүдеді, тұрмыс азды. Темір

уезі жұтқа кезікті. Бөкей қазақтары томар-

шыққа қарап қалды. Ырғыз уезінің қазақтары

саршұнақ жеп күнелтті. Бастан бәрі өтті. Ха-

лық - теңіз... 1925 жылы Қазақстанға саяси

жетекші яғни өлкелік партия комитетінің хат-

шысы болып бұрыннан аты шулы, Екатерин-

бургте екінші Николай патшасын бала-шаға-

сымен атуға қатынасқан, содан кейін Таш-

кентте Түрккомиссияда партия жұмысымен

шұғылданған Ф.Голощекин келді. Ол келген

бойдан қатты келіп, өзіне қарсы шыққан, ай-

дауына жүрмеген қызметкерлерді шетке

ығыстыра бастамады ма, Голощекинмен

істесе алмаған С.Ходжанов, С.Садуақасов,

Н.Нұрмақов, Ә.Әлібеков және басқалары

Қазақстаннан шеттетілді. Орталық атком

председателі Жалау Мыңбаев қуылды. Оның

орнына екі кісі ұсынылған-ды, біреуі Қарсақ-

байдың шахтері- Хасен Сексенбаев деген

жұмысшы да, екіншісі Шымкент маңында бо-

лыстық комитетінің хатшысы болған Елтай

Ерназаров. Голощекин бұл екі адамды ша-

қыртып алып көргеннен кейін момын шаруа

Ерназаровты ұнатса керек. Елтайдың бұрын-

ғы фамилиясы Тышқанбаев екен, Қазатком

төрағасына ондай фамилия лайық емес деп

Голощекин Елтайдың фамилиясын Ерна-

заровқа өзгертіпті. Сорақы! Жүре берсең көре

бересің, ести бересің деген осы шығар...

Үйде отырса да бәрін біліп отырған Әлихан

Бөкейханов: «Голощекин енді бір жыл тұрғанда

қазақ халқы қалып жарымас та еді»,-деп топ-

шылайтын. Тілек қабыл, не сол кездердегі Бат-

паққара, Созақ, Қарақұм және басқа да жер-

лердегі халық көтерілісі себеп болды ма, әйтеуір

құдай оңдап 1933 жылдың бас кезінде Голо-

щекин кетіп, орнына Л.Мирзоян келді.

Әлихан Бөкейханов есіне қай-қайдағы

түседі. Өткен өмірінің жақсы жағы да, жаман

жағы да бар. Адам - пенде. Енді соның бәрі

өткен шақ. Әйтеуір еліне риза. Москваға жер

аударады деген сөз шыққанда жұрты жиы-

лып келіп қаумаламады ма, жасырайық деді,

тығып жүреміз деді. Оған көнбеді. Не де бол-

са тәуекел, өз басы үшін ертең халқы азап

шексе, ел ішінде тінту жүрсе күйіктің үлкені

сонда болар, жеке басын қорғау азамат-

тыққа жатпайды 1905 жылы Мәскеуде өткен

«Қалалық және жергілікті жер қайраткерлерін

съезінде сөйлепті: «Я являюс представите-

лем 4-х миллионного киргизского народа,

занимающего огромную территорию от Ура-

ла до Алтая, от линии Сибирской железной

дороги до Омска.



(Жалғасы бар).

Ә.Бөкейхановтың туғанына -140 жыл

(Басы өткен сандарда).

Когда я слушал все, что рассказывает

здесь поляки, малороссы, латыши и другие,

я точно читаю старую книгу. У нас тоже пре-

следуютря школы с киргизском языком, нас

тоже давит цензура. Вот уже 13 месяцев я,

например, не могу добиться от цензуры раз-

решөния на изданиө киргизского перевода

46 басен И.Крылова. Крестьянские началь-

ники «большой частью бывшие ротмистры)

недопускают при рассмотрении дел киргиз-

ского языка. После указа 18 февраля пред-

ставтители киргизов собрались и изложили

свои нужды в петиции. Но почта отказалась

принять нашу петицию для посылки в Петер-

бург, пакет с петицией повезли вближайший

город (за 400 верст), там повторилось тоже,

только еще в следующем городе (за 760

верст) почта, наконец, смилостивилась и

приняла пакет. Ближайщей нуждой кирги-

зов является свобода в употрөблении род-

ного языка, особенно необходимая в виду

предстоящей выборной агитации, и я при-

соединяюсь к предложению тех товарищей,

которые просили съезд высказаться за не-

медленную отмену всех ограничений в пра-

вах местных языков...» деген. Жұрт елең

етсін. Бәрі есті сөз десті. Бірақ содан не өңді,

ештеңе де, қайта соңына цензура түсті. Ба-

қылауға алынды. Өткен өмірін саралау

Әлекеңнің бұл күндері дағдысына айналған.

Дағды. Дағды жүйеге айналса тәуір.

Шүкір, еске алуға жарарлық өмір сабақта-

лыпты-ау, жалғыз өз өмірі емес, маңайы,

төңірегі... Төңірек деп отырғаны - өзі, өзінің

соңынан ерген өзектестері - Ахмет, Мір-

жақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Жүсіпбек,..

бұлары әсте көп, өткенді бір ойша саралап

көріп еді, саны - 50, 60 қаралы, тіпті одан да

көп пе... Жә, санамай-ақ қояйын - алаш аза-

маттары көп-ақ болсын, қайран қайыспас

қандастары! Бүгін Әлекеңнің ойынан Мадия-

ры-Міржақып шықпай отыр. Өзі бір от! Жаз-

ғандары жанды боп кетеді - нағыз көсем сөз!

Шырақ «Оян, Қазақ!» деді. Өмірі қазағын

оятып әлек, Мадиярдың қазақ зиялыларына

арнаған сөзі бар, оқи бергің, көңіліңе тоқи

бергің келеді, әр сөзі жалын! Кеше айтқан

сөзі бүгінге, бүгін айтқаны ертеңге жарайтын

Міржақыптың бұл сөзін және бір оқығысы

келіп, қолына «Ақ жол» газетін алды.

«Газетке қай нәрсе жазғысы келіп, не ту-

ралы жазсам екен деп ойлағанда, қалам

ұстаушының қиялына түрлі мәселелер тізіледі.

Солардың қатарында «қазақ зиялылары» да

келіп елестей қалады. Мұнан кейін жазушы ақ

қағаздың бетіне қара бояумен ойына келген

қошқар мүйізін салады. Орынды-орынсыз

сөздер жазылады. Дәлелді-дәлелсіз жалалар

жабылады. Біреулерді жатқанынан тұрғысыз

қылады. Біреулерді өз дәрежесінен артық

жоғары көтереді. Қайсыбір жазушылар қазақ-

қырғыз зиялыларын бірлікке шақырады.

Бірігудің жолдарын көрсетеді. Бірікпей

жүрулерінің себептерін тексереді. Әрине,

мұнан шығатын пайда көп: сөзден сөз шыға-

ды, ойдан ой туады. Бірақ, қазақ зиялылары-

ның бұрын-соңды қалпы олардың әлеумет

ісінде, саясат жүзінде қолданған пікірлерін

тексергенде, мәселені тігінен қарап, әділдік

таразысына салып өлшемесе, бейтараптық

қылмаса, бірбеткейлік бола бермек. Қайсыбір

ортақшыл жолдастар партияға кірмей жүр-

гендер туралы оларды «ұлтшыл, бұрынғы

көсемдердің соңына ерушілер... соларды пір

тұтқан ... коммунист болуға қоянша қорқып

жүрексініп жүргендер...» деп, алдын ала «шар-

бақ» қойып қояды.

Ұлтшылдық бір кесел болса, бұрынғы

«көсемдер» кесірлі болса, партияға кірмей

жүргендер қоян жүрек қорқақ болса, бұлар-

дан коммунист болғанда не шықпақшы?

Бұларды коммунист тобына шақырудың не

керегі бар? Қайта, мұндай адамдар партияға

байқаусызда кіріп кеткен болса, шақырумен

орнына қуу керек емес пе? «Партияны тазар-

ту» дегеннің мақсаты - партияда шын ком-

мунистер болсын, игі жүзді алдамшы, жеп

кетерлер болмасын деген емес пе? Содыр,

сотқарларды, қоян жүрек қорқақтарды бүгін

шақырып алып, ертең құтыла алмай жүруде

не мағына бар? Мұның түбі - бір теңге беріп

жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алма-

ған болмай ма?

Біздің қазақ-қырғыздың оқығандары са-

наулы. Партияда бары да, жоғы да бәрімізге

белгілі. Бізден коммунистер шыға бастаға-

нына әлі екі-үш жылдан асқан жоқ. Өзге

жұрттағылар секілді, біздің қазақта да өтірік

коммунистер, партияны ластап жүргендер

арасында шын жұртшыл, еңбекшіл тапқа

шын жаны ашитын, кеңес үкіметіне ынта

көңілімен қызмет етіп жүргендер де жоқ

емес. Олай болса, қазақ-қырғыз зиялыларын

сөз қылғанда, бұларды партияда бар, жоқ

демей, жамыратып жіберіп тексеру керек.

Шынын айтқанда, күні кеше бәріміз де

ұлтшыл емес пе едік? Қазақ оқығандарының

ең әуелгі тобы ұлтшылдар емес пе еді? Фев-

раль төңкерісіне шейін Еуропаның саяси

партиясына кірген қазақ болса, қане, айт-

сыншы! «Мен әлімсақтан бері коммунист

едім... мен 1905 жылдан бері партияда

едім...» деушілердің ертегісі біздің құла-

ғымызға кіріп те шықпайды. Ат сыры иесіне

мәлім. Біз білмейтін қазақтың сыры жоқ?

Ал ұлтшылдарымыз қанша еді?

Шын ұлтшылдың өзі аз еді. Ұлтшыл

еместердің көбі өзімшіл, дәрежеқүмар, па-

рашыл, шағымшыл, зорлықшыл еді. Ол за-

манда қазақ оқығандары неге ұлтшыл бол-

ды, неге өзге, оңды-солды, Еуропаның сая-

си партияларына кірмеді, оның себептері та-

лай сөйленіп, талай жазылған. Бұл арада тағы

да Қаратаудың басын ауыртпалық.

Енді бүгін Кеңес үкіметі дәуірлеп, комму-

нист партиясы жолбасшылық қылып отыр

екен; қазақ-қырғыз секілді, езілген елдерге

бостандық, теңдік күні туған екен; коммунист

партиясынан жағымды партия жоқ екен, бұрын

өзгелердің соңында жүргендер адасып жүрген

екен, сол үшін бізге коммунист болу керек

екен - бұған түсіндік, көзіміз жетті. Партияға

кіргендеріміз де бар. Партияға кіргендер

кірмегендерді шақырып та отыр. Бірақ бізге

енді шешетін мәселе қайсы? Біздің қазір ор-

тақшыл болып отырғандарымыз кімдер?

Мұнан кейін де болса бола алатындар кімдер?

Бұл сұрауларға берілетін жауап әркімге-ақ

анық-ау деймін: бізден қазір шын коммунист

болдым деп отырғандар - кешегі ұлтшылдар.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет