Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет204/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

көрсетуді жоспарлайсыз?

қалай тексеруді




Қабілеті жоғары

жоспарлайсыз?




оқушыларға қандай







міндет қоюды жоспарлап







отырсыз?







Топтау бойынша саралау:

  • Ынтасы жоғары оқушыларға өрт кезінде не істеуге болмайтыны туралы өз ойларын айтуды ұсыну.

Тапсырмалар бойынша саралау:

  • Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың əр түрін ескеру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

  • мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

  • мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

  • оқушылардың жауаптарына, іс-əрекеттеріне бақылау жүргізіп, белгілеп алу арқылы бағалау;

  • «Өз жұмысыңды бағала».

  • сергіту жаттығуын орындау;

  • əрекеттерді үнемі ауыстыру;

  • қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Табиғатты қорғаймын


САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 75-сабақ.

Табыс септік



МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 4

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.2.6.1 – белгілі бір тақырыпта берілген мəтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Сөйлемдерден табыс септіктегі сөздерді табады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Мəтіндегі кейіпкердің əрекетіне өз пікірін білдіреді.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Табыс септігін біледі.

Табыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын ажыратады.



ТІЛДІК МАҚСАТ:

Тыңдаған мəтіндегі кейіпкердің əрекетіне өз пікірін айта алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Жаратылыстану, көркем еңбек.

АКТ ҚОЛДАНУ

ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Барыс септігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

  1. минут




  1. минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір- бірлеріне сəттілік тілейді.

Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн болсын. Бүгінгі күн біз үшін Сəттілікке толсын!

Топқа бірігу.

«Түстер ассоциациясы» стратегиясы бойынша топқа бірігу.


  1. топ – көк түс. Көк түсті көргенде қандай ассоциация болады? (мөлдір су).

  2. топ – сары түс (күн, жарық, шөл дала).

  3. топ – ақ түс (тазалықтың белгісі, адалдық).

Оқушылар топ болып орындарына отырып, топ ережелерін құрастырады.

Көңілді əуен

қосып қою


Бағдаршам түстерінің қималары

Сабақтың ортасы

5 минут



  1. жаттығу. (Ұ) Мəтінді тыңдау.

Тыңдалған мəтін бойынша кейіпкердің əрекетіне өз пікірін білдіру. Сұрақтар:

    • Мəтін не туралы?

    • Мəтіннің бірінші бөлігінде не айтылған?

    • Қармаққа не ілініп қалды?

    • Аққу қармақтан қалай босады?

    • Мəтіннің авторы кім?

Мəтіндегі кейіпкердің əрекеті дұрыс болды ма? Неге?

Оқулықпен жұмыс

5 минут

52-жаттығу. (Ө) Сөйлемдерді көшіріп жазу. Табыс септіктегі сөздерді табу. Каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасын жетілдіру.

№3 дəптермен жұмыс

№3 дəптермен жұмыс



http://balapan.

aztrk.kz


№3 дəптермен жұмыс

3 минут

Жаңа ақпарат.

Табыс септіктегі зат есімдер кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға жауап береді.

Табыс септігі атау септіктегі сөзге -ны, -ні, -ды, -ді,

-ты, -ті жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды табыс септік жалғаулары деп атайды.


4 минут

53-жаттығу. (Т; Ұ) Сөздерді топтау.

Сөздерді белгісіне қарай топтау. Топтардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру. Бұл тапсырмада оқушылардың жиынға байланысты білімдері қолданылады.



4 минут

54-жаттығу. (Ө; Қ) Сөйлем құрап жазу.

Берілген сөздерді табыс септігіне қойып, сөйлемдер құрап жазу. Табыс септіктегі сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.



1 минут

Ой сергек!

Бейнежазба əуенімен қимылдау.



4 минут

55-жаттығу. (Ж; Қ) Мақалдарды оқып, табыс септіктегі сөздерді жазу.

Табыс септігіндегі сөз сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын жұптасып анықтау.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.


4 минут

(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.

«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, оқушылардың топтық жұмысы туралы өз көзқарасын білдіреді.

Тақырыптың ашылуы, тірек сөздерді орынды қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.



Сабақтың соңы

3 минут


(Ө; Қ) Шығармашылық тапсырма.

Дұрыс жауапты белгілеу. Тест сұрақтарын шешу.



№3 дəптермен жұмыс

2 минут

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.



№3 дəптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар



Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет