Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет305/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

Білім еліне саяхат


САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 133-сабақ.

Күрделі сөздер



МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 4

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.2.4.1 – мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтау жəне ондағы негізгі ойды тұжырымдау.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Күрделі сөз түрлерін ажыратады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Оқыған мəтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Күрделі сөз түрлерін ажыратады.

ТІЛДІК МАҚСАТ:

Берілген тақырып бойынша мəтін мазмұнын айта алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Жаратылыстану.

АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Сөздер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

  1. минут




  1. минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлеріне сəттілік тілейді.

Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн болсын. Бүгінгі күн біз үшін Сəттілікке толсын!
Топқа бірігу.

«Түстер ассоциациясы» стратегиясы бойынша топқа бірігу.



  1. топ – көк түс. Көк түсті көргенде қандай ассоциация болады? (мөлдір су)

  2. топ – сары түс (күн, жарық, шөл дала)

  3. топ – ақ түс (тазалықтың белгісі, адалдық) Оқушылар топ болып орындарына отырып, топ ережелерін құрастырады.

Көңілді əуен қосып қою
Бағдаршам түстерінің қималары

Сабақтың ортасы

4 минут



69-жаттығу. (Ұ) Мəтінді оқу.

Мəтінді мұқият тыңдау.



Оқулықпен жұмыс

4 минут

(Ж; Т) Мəтіннің негізгі тұстарын белгілеп алып, соған сəйкес мəтіннің мазмұнын айту.

Мəтіннің атауын оның мазмұнына сəйкестігін анықтау. Атаудың негізігі атау мен қысқаша атауы екендігін анықтау.

Мəтіндегі негізгі ойды тұжырымдау. Мəтін мазмұнына сəйкес мақал-мəтел айту.

№4 дəптермен жұмыс

Т кестесі сызылған парақ
http://balapan. Aztrk.kz

№4 дəптермен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

№4 дəптермен жұмыс



3 минут

70-жаттығу. (Ө; Ж) Мақалдарды көшіріп жазу. Мақалдардың мағынасын талдап, оларды көркем жазу. Каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіру.

3 минут

(МК; Ж) Жұптық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, орындаған тапсырмаға рефлексия жасау.

«Дəптер алмасу» ойыны арқылы оқушылар бір-бірінің дəптерлерін алмастырып, тексереді.



4 минут

71-жаттығу. (Ө; Ж; Қ) Топтастыру.

«Т критерийі» əдісі арқылы сөз тіркестерін бір бөлек, күрделі сөздерді бір бөлек топтастыру. Олардың өзгешеліктерін түсіндіру.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір- бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.


1 минут

Ой сергек!

Бейнежазба əуенімен қимылдау.



4 минут

72-жаттығу. (Ө; Қ) Күрделі сөздерді түрлеріне қарай топтастырып, көшіріп жазу.

Берілген сөздердің неліктен күрделі екендігін анықтау. Олардың мағынасын түсіндіру. Кейбіреулерін қатыстырып сөйлем құрау.



4 минут

73-жаттығу. (Ж) Шығармашылық үзіліс.

«Ойлан, тап» ойыны. Мақпалдың сөйлемін жазып, ондағы күрделі сөздің астын сызу.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір- бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.


3 минут

(МК; Ұ) Жұптық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.

«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, оқушылардың топтық жұмысы туралы өз көзқарасын білдіреді.

Тақырыптың ашылуы, тірек сөздерді орынды қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.



Сабақтың соңы

3 минут


(Ө; Қ) Бүгінгі сабақта өтілген тақырыпты меңгергеніне қаншалықты сенімді болғанын анықтау.

№4 дəптермен жұмыс

2 минут

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған

«шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.


№4 дəптермен жұмыс Түрлі түсті қарындаштар

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек

Бағалау – оқушылардың

Денсаулық пен

қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

материалды меңгеру деңгейін

қауіпсіздік

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай

қалай тексеруді

техникасының

міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

жоспарлайсыз?

сақталуы

Топтау бойынша саралау:

  • Ынтасы жоғары оқушыларға берілген ақпарат бойынша қызықты тапсырмаларды құрастыруды тапсыру. Тапсырмалар бойынша саралау:

  • Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың əр түрін ескеру.

  • Оқушылардың ақпаратты қабылдау деңгейіне байланысты бірнеше тапсырма ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

  • мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

  • өзара бағалау: смайликтер бойынша бағалау;

  • мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

  • оқушылардың жауаптарына, іс- əрекеттеріне бақылау жүргізіп, белгілеп алу арқылы бағалау;

  • «Өз жұмысыңды бағала».

  • сергіту жаттығуын орындау;

  • əрекеттерді жиі ауыстыру;

  • қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Білім еліне саяхат


САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 134-сабақ.

Сөз таптары



МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 4

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.1.1.1 – тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын белгілеп алу жəне солардың негізінде мəтіннің мазмұнын айту.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Тыңдаған мəтіннің негізгі тұстарын белгілейді, соған сүйеніп оның мазмұнын айтады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Мəтіннен сөз таптарын тауып, оларды ажыратады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Сөз таптарын біледі.

ТІЛДІК МАҚСАТ:

Берілген тақырып бойынша мəтін мазмұнын айта алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Жаратылыстану.

АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Сөз таптары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір- бірлеріне сəттілік тілейді.

Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн болсын. Бүгінгі күн біз үшін Сəттілікке толсын!


Көңілді əуен қосып қою

3 минут

(Ұ) «Бағдаршам» əдісі бойынша оқушыларды топтарға біріктіру.

Бағдаршамның түстеріне байланысты оқушыларды топтарға біріктіру.

Оқушылардың сыныптағы топтық жұмыстарын орындау басында «5-Т» ережесі стратегиясы қолданылады.

«5-Т» ережесін еске түсіру: «Талап. Тəртіп. Тыныштық. Татулық. Тазалық».


Бағдаршам түстері

Сабақтың ортасы

3 минут



74-жаттығу. (Ұ) Мəтінді тыңдау.

Мəтінді мұқият тыңдау.



Оқулықпен жұмыс

4 минут

(Ж) Мəтіннің негізгі тұстарын белгілеп алып, соған сəйкес мəтіннің мазмұнын айту.

Мəтіннің негізгі тұстарын белгілеп алып, мазмұнын айту. Мəтінге ат қойып, ондағы сөз таптарын талдау. Кестеге түсіру ұсынылады.



№4 дəптермен жұмыс

3 минут

75-жаттығу. (Ө; Ж) Мəтінді оқу.

Мəтінді оқып, жіктелген зат есімдерді бір бөлек, септеліп тұрған зат есімдерді бір бөлек теріп жазу. Каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасын жетілдіру.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.


№4 дəптермен жұмыс

2 минут

(МК; Ж) Жұптық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, орындаған тапсырмаға рефлексия жасау.

«Дəптер алмасу» ойыны арқылы оқушылар бір-бірінің дəптерлерін алмастырып, тексереді.






5 минут

76-жаттығу. (Ө; Ж; Қ) Сөздерді оқып, артығын табу.

Əр қатарда берілген бес сөздің артығын анықтау. Етістіктерге сұрақ қойып, қай шақта тұрғанын анықтау.



Оқулықпен жұмыс

1 минут

Ой сергек!

Жаздық, жаздық өзіміз, Талды əбден көзіміз.

Əуенімен əндердің Əдемі қимыл жасаймыз.

Түрлі түсті қаламдар, парақтар


Микрофон


4 минут

77-жаттығу. (Ө; Қ) Шығармашылық үзіліс.

Жағдаяттан шығу.

Əли мен робот арасында қандай əңгіме болуын болжау. Диалог құрастырып, жағдаяттан шығып көру. Етістіктердің қай жақта жəне қай шақта тұрғанын анықтау.

Болашақ роботтарының сұлбасын салу.



3 минут

(Ө; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау.

Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында



«Бағдаршам» əдісі арқылы ұжыммен жұмыс ұйымдастырылады.

Əрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сəйкес карточкалар таратылады.

Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, бағдаршам түстеріне сəйкес карточкаларды көрсету арқылы бағалайды.

«Жасыл» түс – негізгі ойды түсініп, мазмұнын толық ашқан.

«Қызыл» түс – мазмұнын ашқан. Əңгіме жүйелі құрылмаған.

«Сары» түс – мазмұнын толық ашпаған. Тақырыптан ауытқыған.



3 минут

78-жаттығу. (Ж) Жұмбақталған сөз табын анықтау.

«Микрофон» əдісі арқылы жұмбақталған сөз табын анықтау. Оған «Иə, жоқ» жауаптарын айту ұсынылады.



2 минут

(МК; Ұ) Жұптық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.

«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, оқушылардың топтық жұмысы туралы өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы, тірек сөздерді орынды қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

Сабақтың соңы

3 минут


(Ө; Қ) «Табыс ағашы».

Сабақтағы өз іс-əрекетіне кері байланыс жасап, тапсырмаларды орындау мүмкіндігіне

қарай табыс ағашын тиісті жапырақтың түсімен бояу.


№4 дəптермен жұмыс

2 минут

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған

«көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.


№4 дəптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар



Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтау бойынша саралау:

  • Ынтасы жоғары оқушыларға берілген ақпарат бойынша қызықты тапсырмаларды құрастыруды тапсыру.

Тапсырмалар бойынша саралау:

  • Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың əр түрін ескеру.

  • Оқушылардың ақпаратты қабылдау деңгейіне байланысты бірнеше тапсырма ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

  • мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

  • өзара бағалау: смайликтер бойынша бағалау;

  • мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

  • оқушылардың жауаптарына, іс- əрекеттеріне бақылау жүргізіп, белгілеп алу арқылы бағалау;

  • «Өз жұмысыңды бағала».

  • сергіту жаттығуын орындау;

  • əрекеттерді жиі ауыстыру;

  • қауіпсіздік ережелерін сақтау.



135–136-сабақтар. Бақылау диктанты

МАЗМҰНЫ

Оқулықтың 1-бөліміне түсініктеме 3

1-бөлім бойынша оқулықта берілген материалдардың күнтізбелік үлгі жоспары 10

Ұзақмерзімді жоспар 12

Ортамерзімді жоспар 14


  1. бөлім. Менің Отаным – Қазақстан 14

  2. бөлім. Құндылықтар 27

  3. бөлім. Мəдени мұра 39

  4. бөлім. Мамандықтар əлемі 55

Қысқамерзімді сабақ жоспарының үлгісі 72

  1. бөлім. Менің Отаным – Қазақстан 72

  2. бөлім. Құндылықтар 118

  3. бөлім. Мəдени мұра 168

  4. бөлім. Мамандықтар əлемі 207

Оқулықтың 2-бөліміне түсініктеме 246

2-бөлім бойынша оқулықта берілген материалдардың күнтізбелік үлгі жоспары 249

Ұзақмерзімді жоспар 251

Ортамерзімді жоспар 253



  1. бөлім. Табиғат құбылыстары 253

  2. бөлім. Қоршаған ортаны қорғау 274

  3. бөлім. Ғарышқа саяхат 287

  4. бөлім. Болашаққа саяхат 298

Қысқамерзімді сабақ жоспарының үлгісі 319

  1. бөлім. Табиғат құбылыстары 319

  2. бөлім. Қоршаған ортаны қорғау 360

  3. бөлім. Ғарышқа саяхат 400

  4. бөлім. Болашаққа саяхат 430

О қ у - ə д і с т е м е л і к б а с ы л ы м


Жұмабаева Əзия Елеупанқызы Оспанбекова Мейіргүл Несіпбекқызы Данабаева Маржан Айқынқызы
ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ
Жалпы білім беретін мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған

Редакторы Ж. Қайранбай

Əдіскері Л. Мүлкібекова

Көркемдеушi редакторы А. Бекқожанова Техникалық редакторы Ұ. Рысалиева Корректоры Б. Жанпейісова

Компьютерде беттеген И. Жарболова, Г. Есімбекова
ИБ №009
Теруге 12.02.2019 берiлдi. Басуға 23.06.2019 қол қойылды. Пiшiмi 60×841/8. Офсеттiк қағаз. Офсеттiк басылыс.

Əрiп түрi «мектептiк». Шартты баспа табағы 54,4. Есептiк баспа табағы 32,42.

Таралымы 4000 дана. Тапсырыс № 4398.
«Атамұра» корпорациясы» ЖШC, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 75.

Қазақстан Республикасы «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нiң Полиграфкомбинаты.



050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесi, 41.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет