Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет2/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

Тіл жəне сөйлеу. Алдыңғы сыныптарда «Тіл жəне сөйлеуден» берілген сөйлеудің ауызекі жəне жазбаша түрге бөлінетіні туралы білімдері мен түсініктері еске түсіріліп, одан əрі кеңейтіле түседі. Ауызекі жəне жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері меңгертіледі. Ауызекі сөйлеу кезіндегі дауыс ырғағы мен дауыс екпінінің сөйлеу жағдайларына байланысты өзгеріп отыратыны түрлі ортадағы сөйлесу үлгілерін беру жолымен түсіндіріледі. Тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып монолог құрау жүзеге асырылады.

Сөйлеу мəдениеті. Оқушы зейінінің тұрақтала бастауы, оқиға мен құбылыстардан өзіндік қорытынды жасауға ұмтылуы секілді қасиеттерді де дер кезінде дамытуға қажетті материалдар, бір жағынан, баланың оқуға қызығушылығын арттырса, екінші жағынан, саналы əрекет ету дағдысын дамытады. Сондықтан да ол тек кейіпкерлердің əрекетін сол қалпында қайталамай, өзгертілген не жаңа жағдаяттарда қажетті шешім қабылдауға үйренеді. Осы бағытта балаларға күнделікті əлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынастағы сөйлеу мəдениеті нормаларын, этикеттік орамдарды қолдануға үйрету керек. «Сөйлеу мəдениеті» тақырыбындағы материалдарды оқытуда осы айтылғандар басшылыққа алынады. Əсіресе, сөйлеу мақсаты мен ортасына сəйкес белгілі бір тақырып аясында диалог құрауға машықтандырудың оқушы сөйлеу мəдениетін қалыптастыруда атқаратын рөлі зор. Оқулықтың 11-бетіндегі 15-жаттығу осы мақсатта беріліп отыр.

«Сөйлеу мəдениеті» тақырыбындағы сабақтарда алдыңғы сыныптарда берілген ұғымдар кеңейтіледі. Бірінші сабақта түрлі жағдаяттарда сыпайы сөздерді қолдану машықтарына төселдіру материалдарын оқыту көзделген. Жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылардың өз ойын айтуын мүмкін ететін «Балалардың əрекеті дұрыс па? Олардың



орнында сен болсаң не істер едің?» проблемалық сұрақтары берілген. Екінші сабақ материалдары оқушылардың «Ана тілі дегенді қалай түсінесің?» тақырыбы аясында тілдік нормаларды сақтап əңгімелесуге машықтандырады. 23–24-жаттығуларды орындау арқылы оқушылардың сөйлеу көрсеткішін талдауға жəне сауалнамаға жауап беру арқылы өз сөйлеу деңгейлерін анықтай алады.

Мəтін. Алдыңғы сыныптардағы сияқты бұл сыныпта да мəтінмен жұмыс оқу мақсаттарына сəйкес оқулықтың өн бойында жүргізіледі. «Құндылықтар» лексикалық тақырыбы аясында мəтін тақырыбы арнайы қарастырылады. Мəтінге тəн белгілер еске түсіріліп, дұрыс құрастырылмаған мəтінді өңдей алу машықтарына дағдыланады. Оқушылардың мəтін түрлері туралы түсініктері біртіндеп тереңдетіліп, берілген тақырыпта əңгімелеу, сипаттау, пайымдау элементтері бар мəтін құрап жазады. Оқулықта пайымдау мəтінінің мазмұндық жəне құрылымдық ерекшеліктері түсіндіріледі. Мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының сəйкестігін анықтау жəне ондағы негізгі ойды тұжырымдау жұмыс түрлері ұсынылады. Сонымен бірге мəтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мəтінді қайта құрастырып жазу, мəтін бөліктерін анықтау, мəтіндерге салыстырмалы талдау жасау, ұқсас тақырыпта берілген мəтін түрлерін, стилін салыстыру, мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру, оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жəне тірек сөздерді қолданып эссе жазу, түрлі стильде мəтін құрастыру, қабырға газетіне мақала, жаңалық жазу жұмыстары жүргізілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет