Берілген жұмбақтан зат есімді тауып, қай септікте тұрғанын айту.
5 минут
76-жаттығу. (Ө) Сөз тіркестерін жазу.
Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жазу. Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
№3 дəптермен жұмыс
3 минут
77-жаттығу. (Ө; Ж) Мақалды оқып, жатқа жазу. Көмектес септіктегі сөздердің жалғауына назар аудару. Мақалдың мағынасын түсіндіру.
№3 дəптермен жұмыс
1 минут
Ой сергек!
Көп отырып шаршадық, Қозғалуды аңсадық.
Жүгіргіміз келеді, Əдемілеп əн салып.
5 минут
78-жаттығу. (Ж) Өлеңді қалпына келтіру.
Берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді қалпына келтіру. Бір-бірін тыңдау.
Оқулықпен жұмыс
№3 дəптермен жұмыс
4 минут
79-жаттығу. (Ө) Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.
№3 дəптермен жұмыс
3 минут
80-жаттығу. (Т) Табиғатты қорғауға байланысты өз ойларын қорытындылау.
Оқушылар өз ойларын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.
1 минут
(Ө; Ұ; Қ) Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.
Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін
«Смайликтер» əдісі арқылы өз іс-əрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.
Сабақтың соңы
3 минут
(Ө; Қ) Шығармашылық тапсырма.
«Өзіңді бағала». Оқушылар үш түрлі бағыт бойынша сабаққа кері байланыс жасайды.
№3 дəптермен жұмыс
2 минут
(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.
Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған
«көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.