Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 114-сабақ



бет273/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 114-сабақ.

Сан есім


МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 4

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.2.3.1 – мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Сан есімдерді таба алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады жəне жауап береді.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Сан есімдерді табады.

Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады.



ТІЛДІК МАҚСАТ:

Берілген тақырып бойынша мəтін мазмұнын айта алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Жаратылыстану.

АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Сөз таптары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

«Сəлемдесу» ойыны. Бір-біріне жақсы тілектер тілеп, ынтымақтастық атмосферасын құру. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, бір-бірімен тез-тез көзбен, қолмен, иықпен амандасу керек.

Көңілді əуен қосып қою

3 минут

(Ұ) «Бағдаршам» əдісі бойынша оқушыларды топтарға біріктіру.

Бағдаршамның түстеріне байланысты оқушыларды топтарға біріктіру.

Оқушылардың сыныптағы топтық жұмыстарын орындау барысында «5-Т» ережесі стратегиясы қолданылады. «5-Т» ережесін еске түсіру: «Талап. Тəртіп. Тыныштық. Татулық. Тазалық».


Бағдаршам түстерінің қималары

Сабақтың ортасы

2 минут



49-жаттығу. (Ұ) Мəтінді оқу.

Мəтінді мұқият тыңдау.



Оқулықпен жұмыс

3 минут

(Т) Сұрақтар құрастыру.

Неге? Неліктен? сұрақтарымен шешім табуға бағытталған сұрақтарды құрастыру. Топпен ортақ сұрақ дайындау.




5 минут

50-жаттығу. (Ө) Сөйлем құрау.

Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрау. Құраған сөйлемдерде олардың қандай мүше болып тұрғанын анықтау.






3 минут

51-жаттығу. (Т; Ұ) Мəтінді көшіріп жазу.

Мəтінді көшіріп жазып, сан есімдердің астын сызу.

Сан есімдерге сұрақ қою арқылы реттік, есептік сан есім екендігін дəлелдеу.

Реттік сан есімдерді сөз құрамына талдау.



№4 дəптермен жұмыс

1 минут

Ой сергек!

Бейнежазба əуенімен қимылдау.



https://www.youtub e.com/watch?v=fY 0N407XXj0&list= Plyv3wPdSdAyAn Tf b3HqZSNEQ7 O4GRNX

3 минут

52-жаттығу. (Ө; Қ) Мəтінді оқу.

Берілген мəтінді қатесіз оқу.






2 минут

(Т; Ұ) Мəтінге сүйеніп, сөйлемдердің ақиқат не жалған екендігін анықтау.

Оқулықта берілген мəтінге сүйеніп, төмендегі сөйлемдердің ақиқат не жалған екендігін анықтау жəне ойларын дəлелдеу.



Оқулықпен жұмыс

1 минут

53-жаттығу. (Т; Қ) Ребусты шешу.

Шешуіндегі сөзге əңгіме құрау.



№4 дəптермен жұмыс

3 минут

(Ө; Т) Əңгімені жоспарлау жəне көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу.

Ғарыш суреттері бар журналдар,







Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сыни ойлау жəне коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында «Коллаж əңгіме» стратегиясы топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады.

Сипаттамасы: Мұғалім оқушыларға ғарыштың суреттері бар журналдар береді. Олар журналдардан «Ғарыш» тақырыбына сəйкес суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып, əңгіме құрастырады.

Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:



суреттер

5 минут

(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.

Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.



Орындық

2 минут

(Ө; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау.

Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында

«Бағдаршам» əдісі арқылы ұжыммен жұмыс ұйымдастырылады.

Əрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сəйкес карточкалар таратылады.

Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, бағдаршам түстеріне сəйкес карточкаларды көрсету арқылы бағалайды.

«Жасыл» түс – негізгі ойды түсініп, мазмұнын толық ашқан.

«Қызыл» түс – мазмұнын ашқан. Əңгіме жүйелі құрылмаған.

«Сары» түс – мазмұнын толық ашпаған. Тақырыптан ауытқыған.



Түрлі түсті карточкалар

Сабақтың соңы

3 минут




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет