4.2.4.1 – мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтау жəне ондағы негізгі ойды тұжырымдау;
4.3.5.1 – стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтау.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Барлық оқушылар жасай алады:
Еліктеу сөздерін біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Еліктеуіш жəне бейнелеуіш сөздерді ажыратады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:
Еліктеу сөздерді ажыратады.
Мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтайды.
ТІЛДІК МАҚСАТ:
Берілген тақырып бойынша мəтін мазмұнын айта алады.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.
ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:
Жаратылыстану.
АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:
Компьютерді қолдану.
АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:
Одағай.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Дереккөздер
Сабақтың басы минут
минут
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
«Алтын жіп» ойыны арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Тоқыма жіпті оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы береді. Барлық балалар тілек айтып болған соң, жіпті жоғары көтеріп, өрнекке назар аударады.
(Ұ) «Атом-молекула» əдісі бойынша оқушыларды жұптастыру.
«Атом» дегенде, 2 оқушы бірігеді, «молекула» дегенде, оқушылар жалғыз-жалғыздан жүреді. Осы əрекет бірнеше рет қайталанады.
(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.
«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, жұмысқа өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы, тілдік нормаларды дұрыс қолдана алуына талдау жасайды.
Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.