Ең
жақсы сыйлық
Біреуді мейраммен немесе туған күнімен құттықтағың келгенде, кітап сыйлағаның дұрыс-ақ. Өйткені кітап — өң жақсы сыйлық. Рас, қажет кітапты мұқият таңдап ала білуің керек. Өзің мазмұнын білмейтін, кез келген кітапты бере салғаның дұрыс емес.
Тағы бір ескертетін нәрсе – құттықтау сөзіңді кітапқа жазуға болмайды. Кітапты біреуге жазып беру тек оның авторына ғана жарасады. Ал сенің құттықтау сөзді ашық хатқа жазып, кітаптың ішіне салып бергенің мақұл.
Дұрыс жауапты белгіле.
1.Біреуге қандай сыйлық жасаған дұрыс?
A. Алтын алқа
B. Кітап
C. Альбом
2.Кітап – қандай сыйлық?
A. Арзан сыйлық
B.
Ең жақсы
C. Жақсы емес
3.Кітапты қалай таңдау керек?
A. Мұқият таңдау
B. Кез келген
C. Мұқабасы әдемі
4.Құтықтау сөзді қайда жазу керек?
A. Кітапқа
B. Ашық хатқа
C.
Ақ параққа
5.Кітапқа кім құтықтау сөз жазады?
A. Әкесі
B. Кітап авторы
C. Ақын
6.Сен сыйлыққа кітап берсің бе?
A. Жоқ
B. Кейде
C. Енді сыйлайтын боламын
Наурыз
Наурыз — Ұлыстың ұлы күні, мейрам.
Наурыз тойын тойлаудың дәстүрі бар. Бұл күні наурыз көже пісіріледі. Қазақ халқы наурыз мейрамында ән шырқайды, күй тартады, балуан күрестіреді, ойын-сауық өткізеді.
Бұл мереке қазақ халқының өмірінде ерекше орын алады. Қар ериді, көк шығады, күн мен түн теңеледі де, күн жылынады. Жаңа жылды адамдар қуанышпен қарсы алады.
А дамдар «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!», «Ұлыс береке берсін!», «Ұлыс бақытты болсын!»
деп біріне бірі тілек айтып, құттықтайды.
Наурыз - халықтық мейрам.
Дұрыс жауапты белгіле.
1.Наурыз қандай мейрам?
A. Туған күн
B. Ұлыстың ұлы күні
C. Көктем мейрамы
2.Наурыз тойында қандай дәстүр бар?
A. Шарлар ілінеді.
B. Наурыз көже пісіреді.
C. Қонаққа барады.
3.Наурыз тойын қалай тойлайды?
A. Ән шырқап, күй тартып, ойындар ойнайды.
B. Жүгіріп жарысады
C. Армандап, қуанады.
4.Наурыз неге ерекше тойланады?
A. Күн жылып, күн мен түн теңеледі
B. Қарлығаштар келеді
C.
Бәйшешек шығады
5.Наурыз мейрамы:
A. Жаңа жыл
B. Ескі жыл
C. Жыл ортасы
6.Наурызда қандай тілектер айтылады?
A. Қуанышың құтты болсын!
B. Ақ мол болсын!
C. Бақытты бол!
Пайдалы құрттар
Бау-бақшаға пайда келтіретін құрттар да бар. Жауыннан кейін қарасаңдар, қып-қызыл құрттарды көресіңдер. Жылан сияқты иреңдеп жатады. Мұндай құрттар күндіз інінде болады. Сыртқа тек жауыннан кейін немесе түнде шығады. Сондықтан оны жауын құрты деп атайды. Жауын құрты жерге түскен жапырақтарды жейді. Жапырақты індеріне тасиды. Сөйтіп, ол топырақты жақсартады. Топырақ жақсарса, өсімдік жақсы өседі. Ін қазғанда, жерді қопсытып босатады. Ондай топыраққа
ауа мен су оңай енеді
Дұрыс жауапты белгіле.
1.Құрттардың барлығы зиянды ма?
A. Ия
B. Жоқ
C. Пайдалысы да бар
2.Жауыннан кейін қандай құрттар шығады?
A. Қоңыр масаға ұқсаған
B. Қызыл ирелеңдеген.
C. Қара өрмекшіге ұқсаған
3. Жауын құрты қай кезде сыртқа шығады?
A. Жауыннан кейін немесе түнде
B. Көктемде, қар ерігенде
C. Ыстық күндері
4.Жауын құрты немен қоректенеді?
A. Жәндіктермен
B. Жапырақтармен
C. Ағаштармен
5.Жауын құрты қандай пайда келтіреді?
A.
Топырақты қопсытады
B. Топырақты таптайды
C. Масаны жейді.
Түйеқұс
Түйеқұс - ең үлкен, ең күшті құс. Оның бойы үш метрге дейін
барады. Ауырлып-сексен килограмм шамасында болады.
Түйеқұс ұшпайды, себебі оның қанаты қысқа болады. Бірақ өте
жылдам жүреді. Сағатына қырық километр жер жүре алады.
Түйеқұс Африканың ыстық даласын мекен етеді.
Түрлі дән, жеміс және қоңыздар мен кесірткелерді жеп күнелтеді.
Оның жұмыртқасының ауырлығы бір килограмм
шамасындай болады. Түйеқұс жұмыртқасын түнде ғана
басады, күндіз күннің кезіне ашық тастап кетеді.
Дұрыс жауапты белгіле.
1 .Түйеқұс қандай құс?
A. Түйеге ұқсас B. Ең үлкен, күшті
C. Тау құсы
2.Түйе құстың салмағы:
A. Елу килограмм B. Жүз килограмм
C.
Сексен килограмм
3.Түйеқұс неге ұшпайды?
A. Қанаты қысқа B. Басы үлкен
C. Семіздіктен
4.Түйеқұс сағатына неше км жүреді?
A. 60 км B. 40 км
C. 55 км
5.Түйеқұс қайда мекендейді?
A. Қазақстанда B. Африкада
C. Европада
6.Немен қоректенеді?
A. Жеміс, дән, қоңыз, кесіретке
B. Жануарларың қалдығымен
C. Ағаш басындағы жапырақтармен
7.Жұмыртқасының салмағы қандай?
A. Екі килограмм B.
Бір килограмм
C. Бес килограмм
8.Түйеқұс жұмыртқасын қай кезде басады?
A. Түнде басады B. Күндіз басады
C. Таңертең басады.