ҚОРЫТЫНДЫ
Поэзиялық шығармаларды мектепте оқытудың танымдық, тәрбиелік және эстетикалық мәні зор.
Әдебиет — өнер, әдебиет — ұлттық қазына, асыл мұра.
Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан поэзиялық шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа
ендіруде төмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:
а) Өлеңді әуенімен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға, ерекше көңіл бөлу;
ә) Өлеңдегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аудару;
б) Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, көрнекілікті үйлесімді, тиімді
пайдалану.
в) Тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу, жағымды ахуал жасау.
г) Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында шығармашылық сипаттағы әдістерді
пайдалану.
Поэзиялық шығарманы оқытудың басты мақсаттарының бірі — оқушыларды поэзияны сүюге баулу болып
табылады. Мұндай жұмыс оқушыларды өз беттерімен өлеңдерді талдауға да дағдыландырады. Міне, осы
жүйелі байланысты өз тәжірибемде қалай іске асырып жатқандығымды көрсету үшін, поэзиялық шығарманы
оқытудың қағидаларында кездесетін кейбір қиыншылықты шешудің тиімді жолдарын көрсету мақсатында
«Поэзиялық шығармаларды оқыту» атты тақырыпты таңдап алдым.
Поэзия — әлем құбылыстарының жиынтығы. Поэзияны әр оқырман өзінің жанының сүзгісінен
өткізуі керек. Ақынның өз өлеңіндегі әуезі, үні, барлық поэзияға құмартушылардың әуезіне, үніне
айналмақ. Ақын мен өлеңді мәнерлеп орындаушының үндесігі лирикаға жан бітіреді. Бала қиялының
еркіндігі, оның ортаға қатысы, әлем кереметтерін түсінуге құлшынуы өлең құдіретін пайымдау
арқылы жүзеге асады. Өлеңді жатқа оқу, оның маңызы мен мұратын ұғу – тек отбасы тәрбиесі мен
ұстаздың үздіксіз ізденістің нәтижесінде болатын үрдіс.
Поэзия — өнердің түрі, оның бойында сурет пен үн тоғысы болады. Егер бала өлеңді оқып отырып
суретті көре алмаса, поэзия сұлулығына тұшына алмайды; ал егер өлеңдегі музыканы сезбесе,
баланың жаны тебіренбейді. Поэзия да өнердің басқа түрлері сияқты адамды рухани жағынан
толықтырады, терең толғанысқа түсіреді, сезімін күшейтеді. Өмірге қызығушылығын арттырып,
рухани байытатын және оқушыны жас кезінен жеке тұлға болып қалыптасуына, шығармадағы
кейіпкер тағдырына қайғырып, қуанып, ортақтасуға әсері болады.
Курстық жұмысында қарастырылған поэзиялық шығармаларды оқытудың әдістері мен сабақ түрлерін
мұғалімдердің өз жұмысында қолдануына болады. Біздің алға қойған мақсатымыз мұғалімге ой
туғызу, сөйтіп өз іс тәжірибесімен қабыстыра отырып, әр сабақтың тиімділігін арттырып отыру болып
табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Тәжібаев.Ә Өмір және поэзия Алматы, 1960, 110 б.
2. Әуезов М. Уақыт және әдебиет, Алматы, 1962, 426 б.
3. Нарымбетов.O. Қазіргі поэзиядағы дәстүр тұтастығы, Алматы, 1981, 316 б.
4. https://multiurok.ru
Достарыңызбен бөлісу: |