«Е. Жүністің Менің атым Тәуелсіздік өлеңін оқыту» Opындaғaн: Д. Мәулен Тeкcepгeн: Н. К. Cмaгyлoвa


Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата26.12.2023
өлшемі2,27 Mb.
#143648
1   2   3   4   5
Байланысты:
Динара слайд

 Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі,
ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы
практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға
көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы
жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген
жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік
оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып,
тереңірек ойланады. Сондай – ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің
нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан
пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға
талпындырады.
Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды.Адам
жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса
ғана әдебиет деген өнер пайда болады. Ғылыми тұжырымда әдебиет
«адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы», - делінген.
Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық,
эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту
үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті
шығармаларын аудармасыз қазақ тілінде оқу, түсіну, баяндап айту
деңгейіне жету, Қазақстандық патриотизм идеяларын болашақ қоғам
иелерінің санасына дарыту.


Поэзиялық шығарманы оқытудың басты мақсаттарының бірі -
оқушыларды поэзияны сүюге баулу болып табылады. Мұндай жұмыс
оқушыларды өз беттерімен өлеңдерді талдауға да дағдыландырады.
Поэзиялық шығарманы оқыту міндеттері: оқушының:
- поэзиялық шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын
ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге
негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып
сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой –
пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.


Поэзия - әлем құбылыстарының жиынтығы. Поэзияны әр
оқырман өзінің жанының сүзгісінен өткізуі керек. Ақынның
өз өлеңіндегі әуезі, үні, барлық поэзияға
құмартушылардың әуезіне, үніне айналмақ. Ақын мен
өлеңді мәнерлеп орындаушының үндесігі лирикаға жан
бітіреді. Бала қиялының еркіндігі, оның ортаға қатысы, әлем
кереметтерін түсінуге құлшынуы өлең құдіретін пайымдау
арқылы жүзеге асады. Өлеңді жатқа оқу, оның маңызы мен
мұратын ұғу – тек отбасы тәрбиесі мен ұстаздың үздіксіз
ізденістің нәтижесінде болатын үрдіс.
Поэзия - өнердің түрі, оның бойында сурет пен үн тоғысы
болады. Егер бала өлеңді оқып отырып суретті көре алмаса,
поэзия сұлулығына тұшына алмайды; ал егер өлеңдегі
музыканы сезбесе, баланың жаны тебіренбейді. Поэзия да
өнердің басқа түрлері сияқты адамды рухани жағынан
толықтырады, терең толғанысқа түсіреді, сезімін күшейтеді.
Өмірге қызығушылығын арттырып, рухани байытатын және
оқушыны жас кезінен жеке тұлға болып қалыптасуына,
шығармадағы кейіпкер тағдырына қайғырып, қуанып,
ортақтасуға әсері болады.


Поэзиялық шығарманы оқытудағы қажеттіліктер:
1. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы;
2. Оқушылардың шумақпен, сонан соң түгелімен
мәнерлеп оқуы;
3. Сөздікпен жұмыс, орысша аудармасына көңіл
аударту;
4. Әдебиет теориясымен жұмыс істеу;
5. Сызба арқылы өлеңнің мазмұнын ашу;
6.Өлең мазмұнын жазбаша жаздыру;
7. Өлең мазмұнын ауызша айтқызу.
Поэзиялық шығарманы оқытқан кезде төмендегідей
деңгейлік жұмыстарды жүргізуді кешенді бағдар:
І деңгей– өлең ішіндегі негізгі ойларды бөліп алып, соны
шағындап өз сөзімен жазуға дағдыландыру.
ІІ 
деңгей– 
тірек 
сызбалары 
арқылы 
поэзиялық
шығарманың негізгі мазмұнын ашқызу.
ІІІ деңгей - поэзиялық шығарма бойынша бейнесөз,
сөзжұмбақ құрастырту (өздері түсінген сөздер бойынша).


 Лирика – дара ойдың нәтижесі, ондағы ой шексіз кең.
Лирика ақын жүрегінің тереңінен шыққан сезім ой-
көрініс екенін аңғарту лириканың табиғаты, сипаты,
түрлері жайында айтылған төмендегідей пікірлердің
мән-мағынасын ашу. «Поэзия – өнердің асыл тегі,
өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорытқан жамбысы», - (В.
Белинский).[2, 426].
«Лирика – поэзияның жаны лирика мылқау түйсікке
тіл бітіріп, образ жасайды», (Ә.Тәжібаев) «Лирика –
өмір құбылысына ақынның көзқарасы, түсінуі, сезімі,
күйініші, сүйініші, онда адам өмірінің асқақтығы да ,
кейде қоңыр күйі де көрінеді»(Қ.Жұмалиев) «Лирика –
нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры, Лирикадағы бас
қаһарман ақынның өзі . Лириканың күші әсерлілігінде»
- (З. Қабдолов) «Поэзияда қорытындылау, жинақтау
мен даралау, ортақ сипаттар ұштасып, ұласып жатады.
Осы екі жағы тұтасып, бірігіп келгенде ғана көркем
бейне туып, өмірдің көркем суреті жасалады»
(З.Ахметов).


 Лирикалық шығармаларда эмоция, сезім басымболады.
Лирика – дара ойдың жемісі, ол шабытты жыр.
Оқырманның жан дүниесіне әсер ете алмаған өлең нағыз
өнер бола алмайтынын оқушылардың түсінуі үшін
оқытушы тарапынан жуйелі түрде жүргізілетін әр түрлі іс-
әрекеттер қажет. Лирикадағы ерекше компоненттердің
бірісаналатын сөз сырын оқушыларға жеткізуде оған
эстетикалық талдау барысындағы әр түрлі дайындық
жаттығулары керек. Оқушы назарынақын өлеңіндегі
эмоциялық және логикалық бірлікті тануға, шығарманың
бөлімі мен бөліктерін байланыстыра қарап, ақынның айтар
ойын, мазмұн мен форма бірлігін анықтауға аударып
отыру керек.
Сондай-ақ шығарманың әсем сазы, ақынның сөз
қолданысы оқушыны ой құшағына бөлейтіндей, мәнерлеп
оқу, проблемалы оқу, т.б. арқылы бар ынта-ықыласын
туындыға аудару барысында арнайы әдеби тапсырмаларды
орындатқан дұрыс.


6 сынып оқулығында берілген Ерлан Жүністің «Менің атым Тәуелсіздік» өлеңі
патриоттық сезімді оятатын, оқушыларды рухтандыратын өлең болып табылады.
Оқулықта ең алдымен автордың өмірбаяны берілген. Өмірбаяннан соң 2 тапсырма
берілген. Содан соң барып өлең берілген. Өлең 39 тармақтан тұрады. Өлеңнен соң
Лирика және Лирикалық образ ұғымдарына анықтама берілген. Теориялық
ұғымдардан соң өлеңге байланысты жалпы саны 8 тапсырма берілген.
Ақтанова А.С., Жүндібаева А., Жұмекенова Л. «Менің атым Тәуелсіздік» өлеңін
oқытy. 
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Е.Жүніс «Менің атым Тәуелсіздік» өлеңі
Оқу мақсаттары: Т/Ж3 Әдеби туындыдағы типтерін тек тұрғысынан сипаттау; 
А/И2 Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Ерлан Жүністің өлеңіндегі типтерін тек тұрғысынан сипаттайды;
Сабақтың нәтижесі: Өлеңнің мәнін ашу нәтижесінде сыни ойлауға үйренеді, әдеби-
теориялық білімдері тереңдейді, топпен жұмыс істеу арқылы бір-бірін сыйлауды
үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет