Э. М. Самекбаева тіл біліміне кіріспе электронды құрал «Тіл біліміне кіріспе»



Pdf көрінісі
бет35/35
Дата30.09.2022
өлшемі0,84 Mb.
#40940
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
 
 
 


Бақылау түрлері 
Тест тапсырмалары 
1. Бір тілден екінші тілге сөз ауысудың қандай түрі бар? 
А.тікелей, тура. Б.Тікелей, жанама В.Жанама, тура Г.Ескі, жаңа
Д.Жаңа,ежелгі
2.Фразеологиялық бірлікті табыңыз 
А.Тілі қышу Б.Құмырсқа бел В. Ата жау Г. Қол қусырып қалу Д.Ит өлген 
жер. 
3.Дыбыстардың жасалуында айрықша қызмет атқаратын не? 
А. Дыбыс Б. Рензонанс В. Фонология Г. Синоним Д.аппарат 
4. Фонема туралы ілімнің негізін салушы ғалым кім? 
А.Бодуэн де Куртэне Б. Н.А. Баскаков В. Н.Я Марр Г. Д.Н. Ушаков 
Д.Ж.Марузо 
5. Дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін арнайы жазу қалай аталады? 
А.Морзе әліппесі Б.Кириллица В. Жасанды тіл Г. Эксперанто тілі Д. 
Транскрипция 
6. Ызың дауыссыздар терминмен қалай аталады? 
А.Эксплозия Б. Фрикатив В. Резонанс Г. Билабиаль Д. Африкат 
7. Фузия құбылысы басым тілдер қайсысы ? 
А. Аглютинативті тілдер Б. Флективті тілдер В. Дара тілдер Г. Түркі тілдер
Д.Моңғол тілдер 
8.Сөз түрлендіруші формалар қалай аталады? 
А. Релятив Б. Дескриптив В. Каузатив Г. синтагма Д.Инверсия
9.Декорреляцияға берілген мысалды табыңыз? 
А.Сенің Б. Сарғай В. Аралас Г. Бірге Д.Әнші 
10.А.Н Кононов сын есімдердің күшейткіш формасын қалай атайды? 
А. Жартылай редуплекация Б. Бірігу В. Инверсия Г.Толық ассимиляция
Д. Жартылай декорреляция 
11.Аналитикалық формаларды табыңыз 
А.Балалық Б. Тоң майын В. Бара жатыр Г. Күрек тіл Д. Аяқ жол
12. Сан – мөлшерлер категориясы дегеніміз не? 
А. Даралық ұғым мен көптік ұғымды ажырату Б.Сөздердің қатысы
В. Іс - әрекет Г. Модальдылық мағына Д. Етіс 
13.Консонантты дыбыстық таңбалар алғаш рет қай жазуда пайда болды? 
А. Шумер Б. Арамей В. Сына жазуы Г. Египет Д. Морфемалық 
14. Сөздікке енгізіліп, мағынасы түсіндірілетін сөз тіл білімінде қай терминмен
айтылатты? 
А. Диалект Б. Реестр сөз В. Ассимиляция Г. дара сөз Д. Эпитеза 
15. «Еңбек айқайы» деп аталатын теорияны қай ғалым ұсынды? 
А. Л. Нуаре Б. Августин В. Ж.Руссо Г. А.Шлейхер Д. Фердианд де Соссюр
16.Иероглиф немесе символ ұстанымы дегеніміз не? 
А. Сөздің түбірін сақтау Б. Буын жазуы В. Біркелкі дыбыстарды, 
омонимдердіескеру 
Г. сөйлеу аппараты Д. Дыбыс ырғағы 
17. Сөздің морфологиялық вариантына берілген мысалды табыңыз


А. Редис – редиска Б. Ноль – нуль В. Көмек – жәрдем Г. Ырза – риза Д. Қате 
– қата 
18. Сөз түбірдің бір аффикстен соң екінші бір аффикстің бірінен соң екіншісінің 
тіркесе жалғасуы 
А. Редупликация Б. Аглютинация В. Детерминация Г. Инферсия Д. Постфикс
19. Лексика – грамматикалық омонимдерді анықта 
А. Ер – егер Б. Рельс – рельса В. Жирен Г. құс – құм Д. Бас – тас 
20. Басқа сөз табының сын есімге айналуы қалай аталады? 
А. Прономилдану Б. Адъективтену В. Вербалдану Г. адвербиалдану
Д. Субсттантивтену
21.Генеологиялық классификация бойынша тіл білімінде тілдер неше топқа 
бөлінеді ? 
А. 8 Б.7 В.9 Г. 6 Д.4 
22. Сөздің морфемалық жігінің күңгіртеніп морфемаларға мүшеленуі қандай 
құбылыс деп аталады? 
А. Жылысу Б. Дифузия В. Конвергенция Г. бөліну Д. Сіңісу 
23. Басқа сөз табының зат есімге айналуы не деп аталады? 
А. Адьективтену Б. Вербалдану В. Субстантивтену Г. Адвербиалдану
Д. Прономилдану 
24. Флективті тілдерге қандай тілдер жатады? 
А. Неміс , грек, араб Б. Коряк, чукот В. Қытай, бирма, тибет
Г. орыс, украин, ағылшын Д. Жапон, корей, иран 
25. Жалаң сөз тіркесін табыңыз 
А. Көмірді қораға тасу Б. Көзін шел басу В. Анаңды сыйла Г. Түн Д. 
Сөзбұйдаламай тез айт 
26. «Резонанс» сөзінің білдіретін мағынасы 
А. Жаңғырық Б. Жоғары топ В. Естілу Г. Біркелкі дыбыс Д. Қатты дыбыс 
27. Бодэн де Куртэнэнің фонема туралы ілімнің дамытқан қай ғалым? 
А. А. Трубецкой Б. Щерба В. А. Кононов Г. Н. А. Баскаков Д. А. Шлейхер 
28. Аффикстердің жалғануынан түбірдің дыбыстық құрамының өзгеру құбылысы 
не деп аталады? 
А. Агглютинация Б. Фузия В. Декорреляция Г. Флекция Д. Аффикс 
29. «Тіл - биологиялық құбылыс» деген ғалым кім? 
А. А. Шлейхер Б. Кортунэ В. Соссюр Г. Щерба Д. Гумбольд 
30. Тілдің номинативті қызметі 
А. Қатынас құралы болуы Б.Атауыштық В. Хабарлау Г. Эстетика Д. Дейктивті 
31. Грамматикалық тәсілге жатпайды 
А. Аффикстік Б.флекция В. Қосарлану Г. интонация Д. Жіктеу тәсілдері 
32.Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынан топтастыру қалай аталады? 
А.Типологиялық 
Б. Генеологиялық В. Эволюциялық Г. Генетикалық
Д. морфологиялық
33.Байымдауға тән белгілер қайсысы? 
А. Мақұлдау не теріске шығару Б. Құптау В. Айырма, қосалқы Г. Дәлдік, 
нақтылық
Д. Жауап жоқ 
34. Сіңісу құбылысына берілген мысал қайсысы? 


А. Әкел, алпыс Б. Бар, ал. В. Соның, Г. Сарығ Д. Жауап жоқ 
35. Сөзге тән белгілер қайсысы? 
А. Ұғымды білдірмейді Б. Құрылымдық В. Байымдау жоқ Г. Вариантары бар
Д. Жауабы жоқ 
36. Үндіеуропа тілдер тобына қайсысы жатады? 
А. Қытай Б. Якут В. Бурат Г. Чуваш Д. Кельт 
37. Қай байланысу түрі предикативті байланыс деп аталады? 
А. Матасу Б. Қиысу В. Меңгеру Г. Қабысу Д. Жанасу
38. Полисинтетикалық тілдерге қайсысы жатады? 
А. Вветнам Б. Чукот В. Грек Г. Моңғол Д. Угро – фин 
39. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы қалай аталады? 
А. Реляциялық Б. Грамматикалық В. Деривациялық Г. Лесикалық Д. Қосымша 
мағыналар 
40. Грамматикалық тәсілдер нешеу? 
А. 7 Б.4 В. 8 Г. 6 Д. 3 
41. Дыбысқа еліктеу теориясының өкілі кім? 
А. Ж.Ж. Руссо Б. Д.Н. Курявский В. Г. Лейбниц Г. Л. Нуаре Д. Н. Щерба 
42.Адам баласы қай заманда және қалай сөйлеп үйренді деген сұраққа қай ғылым 
жауап береді? 
А. Психология Б. Философия В. Тарих Г. Лингвистика Д. Антропология 
43. Жазудың неше түрі бар? 
А. 4 Б.3 В.6 Г.2 Д.1 
44. Сөз табына топтастырудың басты белгісі 
А. 3 Б.4 В. 16 Г.2 Д.1 
45. Етістіктер тобына тән мағынаны аймақты анықта
А. Заттық Б. Атрибутив В. Сапалық Г. Номинатив Д. Процессуалдық 
46. Лабиальдық сингорманызм ол - ... 
А. Дауыссыз дыбыстардың үндесуі Б. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың 
үндесуі 
В. Дауыссыз дыбыстардың жартылай үндесуі Г. Ерін дауыссыздардың үндесуі
Д. Дыбыстардың түсіп қалуы 
47. Роман тобына енетін тілдерді көрсетіңіз 
А. Араб, иврит тілі Б. Авар,шешен тілі В. Вешр Г. француз, испан тілі Д. 
Мажар тілі 
48. Түркі тілдеріне тән екпін - ... 
А. Динамикалық екпін Б. Тоникалық екпін В.Силлабикалық екпін Г. 
Жылжымалы екпін Д. Квантативті екпін 
49. Модальдық грамматикалық тәсілмен берілгенде қандай категория жасалады? 
А. Есімше Б. Жақ В. Рай Г. Етіс Д. Есім 
50. Транскрипцияның неше түрі бар? 
А. 4 Б.5 В.3 Г.6 Д.2 
51. Сөздің лексикалық мағыналарының классификациясын жасаған ғалым кім? 
А. В.В. Виноградов Б. Ф. Фортунатов В. Л.В. Щерба Г. Н. Гумбольд Д. Н. 
Кононов 
52. Біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын 
сөздер қалай аталады? 


А.Омофондар Б. Омоформалар В. Аралас омонимдер Г. Каламбур Г. 
Омографтар 
53. Сөздердің морфемалық құрамы өзгермей , сипаты мен мағынасының өзгеру 
үрдісі қалай аталады? 
А. Күрделену Б. Жылысу В. Декорреляция Г. Сіңісу Д. Тоғысу 
54. Қимыл, іс - әрекеттің объектіге немесе субъектіге бағытталғандығын 
білдіретін категория 
А. Шақ категориясы Б. Рай категориясы В. Жақ категориясы Г. Етіс категориясы
Д. Болымдық категориясы 
55. Түркі тілдерінің шығыс хун бутағына қайсысы жатады? 
А. Ұйғыр – оғыз Б. Халха – моңғол В. Қытай - тибет Г. Булгар – чуваш
Д. Жауабы жоқ 
56. Тілдер типологиялық тұрғыдан неше типке бөлінеді? 
А. 2 Б.5 В.6 Г.3 Д.4 
57. Тілдердің туыстық байланысы қай тілдерге тән? 
А. Етістік Б. Шылау В. Есімдік Г. Сан есім Д. Рай
58. Аналитизм құбылысы әсіресе қай тілдерге тән? 
А. Араб, грек Б. Угро – фин В. Ағылшын , француз Д. Қытай , Тибет 
59.Артикуляциялық жағынан салдыр дауыссыздардың бөлінуі 
А.Фрикатив, денталь Б. Эксплозив, лабиаль В. Шұғыл, ызың Г. Денталь, 
альвеоляр 
Д. Фригаль, фрикатив 
60. Тілдерге типологиялық немесе морфологиялық классификация жасау 
қашаннан басталады? 
А. ХV Б.XIX В. XX Г.IX Д. Жауабы жоқ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет