Алғы сөз
«Тіл біліміне кіріспе» пәні – жоғары оқу орындарының филология
мамандығында өтілетін теориялық пән. Тіл білімінің
зерттеу нысаны мен тілдің
анықтамасы, тіл білімінің басқа қоғамдық, жаратылыстану және техникалық
ғылымдар
ішінде алатын орнын, олармен байланысын айқындау, тілдің шығуы
мен дамуы,
тіл мен ойлау, тілдің құрылымдық, жүйелілік сипаты, тілдің
қызиеттері,
тілдердің жіктелуі, жазудың шығуы мен дамуы қарастырылады.
«Тіл біліміне кіріспе» пәнінде білім алушыларға тіл білімінің негізгі ұғымдар
жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық, жүйелік,
танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру және білім алушыларды
тілдік талдау дағдысымен қаруландыру.
Курста қамтылуға тиісті негізгі мәселелер:
1. Тілдің
өзіндік табиғаты мен мәні, сөйлеумен, ойлаумен,
қоғаммен
байланысы, атқаратын қызметі.
2. Тілдің құрылымы, құрылымдық элементтерінің бір-бірімен байланысы,
олардың арақатынасы.
3. Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.
4. Тілдің деңгейлері. Грамматикалық категориялар.
5. Тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын
ішкі,
сыртқы жағдайлар, тілдер дамуында болатын дифференциялық (даралану),
интеграциялық (жақындасу) үдерістер, жалпыхалықтық тіл, диалект, сөйлеу тілі
мен әдеби тіл, тілдік одақ т.б.
Пәнді оқытудың мақсаты:
Пәннің негізгі мақсаты тіл білімінің негізгі
ұғымдары мен терминдерін
қарастырып, оның басты-басты теориялық мәселелерін баяндап беру, білім
алушыларды тіл біліміндегі негізгі
теориялармен қаруландыру, тіл білімінің
негізгі тұжырымдары мен топшылауларын, соңғы зерттеулердің нәтижелерін, тіл
біліміндегі бағыттар мен тілдің онтологиясын баяндап беру.
Достарыңызбен бөлісу: