дүниетанымдарын жасау үшін қажет...» деген.Тілдің шығуы туралы теориялар:
дыбысқа еліктеу, эмоционалды теория, одағай теориясы, марксистік
теория,қоғамдық шарттасу теориясы, моногенез. Бұл теориялардың барлығы қате
теориялар. 90-жылдарға дейін тілдің шығуының ғылыми тоериясын марксистік
тоерия деп келдік. Қазірде бұл теория тек еңбек пен сананың байланысын көрсете
білді. Араласу өндіріс дамуының қажетті салдары деп қабылданған.
Моногенез теориясы-тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер
арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа шығармайды.
Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің
пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.
Тіл қоғамда пайда болған. Рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың пайда болуына
қарай, тілді рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық болады. Бұлар бірінен бірі туып
отыратын категория.Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар ру болып біріккен.
Олардың тілдері рулық болған, кейін рулық құрылыс ыдырап, территориялық,
мемлекеттер пайда болған, яғни халықтық тіл де пайда болады.. Феодализмнен
капитализмге көшу барысында ұлт пайда болып, халықтық тіл ұлт тіліне
айналады.
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды
Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты – тілдің өткен дәуірін-
классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу,
бүліну дәуірлері деп есептеген.. Август Шлейхер тіл дамуының өсімдік пен
хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді. Бұлардың
барлығы қате көзқарастар .Н.Я.Маррдың сатылық даму теориясы тілдің дамуын
әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық
формацияға (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді.
Тілдің сыртқы факторлардың әсері арқылы дамуын-жалпы заңдарға
жатқызамыз. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің құрылыс мен салаларының
заңдылықтарына байланысты.Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің барлық
саласында кездеседі.
Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-
тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат, суперстрат.Тілдің тоғысуы
дегеніміз этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады.
Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері.Адстрат - әр
түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу
нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер. Кейде билингвизмді
белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: