Э. М. Самекбаева тіл біліміне кіріспе электронды құрал «Тіл біліміне кіріспе»



Pdf көрінісі
бет27/35
Дата30.09.2022
өлшемі0,84 Mb.
#40940
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.Грамматикалық категорияларға не жатады?
2. Грамматикалық категория қалай бөлінеді? 
3.Морфологиялық категорияға не жатады? 
4. Синтаксистік категорияларға не жатады? 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011 
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 
4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- 
Алматы, 2011 
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 
9. Қордабаев Т.Р. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 


№24 тақырып: Сөз таптары, шығуы мен дамуы 
1.Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі ұстанымдары туралы 
2.Сөз таптарының шығуы мен дамуы 
Тілдің байлығы - сөздер алуан түрлі, олар тек мағынасы жағынан ғана емес, 
грамматикалық құрамы, атқаратын қызметі жағынан да түрлі-түрлі. Тілдегі 
сөздердің бұл ерекшелігін ғалымдар ерте байқаған. Сонымен байланысты тілдегі 
сөздерді топтастыру мэселесі туындаған. 
Тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі тіл білімі ғылымында алғашқы 
грамматикалардан басталған. Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп бөлгені 
белгілі. Содан бері ғылым дамып, эр тілдің грамматикаларында сөздердің топтары 
нақтыланып, барған сайын анықталып келеді. Бір тілдін өзінде сөздер эр заманда 
түрліше таптастырылып отырғаны белгілі. Мәселен, 1914 жылы баспадан шыққан 
А.Байтұрсыновтың "Тіл құрал" атты оқулығында сөздерді алдымен атауыш сөздер, 
шылау сөздер деп екі үлкен топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есім, 
есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал, шылау сөздерге үстеу, демеу, жалғаулық, 
одағай сөздерді жатқызған. Бұл қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық екені белгілі. 
Ахмет Байтұрсынов "Тіл құралдың" 1915 жылғы басылымында сөз таптары туралы 
пікіріне біраз өзгерістер енгізген. Оқулықтың бұл басылымында ғалым сөздерді 
бұрынғы басылымдағыдай екі үлкен топқа бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген: зат 
5есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағай. 
Қазақ тілінде создер екі түрлі топтастырылады.: 1) сөздерді 3 топқа бөлу, 2) сөздерді 
әр түрлі жеке-жеке сөз таптарына бөлу. Олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқтау қажет. 
Тілдегі сөз атаулыны үш топқа бөлу алғаш екі топ ретінде (атауыш сөздер, 
шылаулар) А.Байтұрсыновтан басталғаны жоғарыда айтылды. Сөздерді бұл тұрғыда 
топтастыру олардың мағыналық ерекшелігіне, атқаратын лексикалық, грамматикалық 
қызметіне негізделген. Сөздерді осы түрде таптастыру тек қазақ тіліне ғана қатысты 
құбылыс 
емес. 
Мысалы, 
2004 
жылғы 
Д.Э.Розенталь, 
И.Б.Голуб, 
МА.Теленковалардың авторлығымен шыққан "Современный русский язык" атты оку 
кұралында "самостоятельные и служебные части речи" деп бөліп, одан басқа модаль 
сөздер, одағай жэне еліктеуіш сөздер топтары бар деп есептеп жэне олардың 
эрқайсысына қысқаша анықтама берген. 
Демек, сөздердің бір-бірінен ерекшелігін ашу үшін қолданылып жүрген 
сөздерді топтастырудың бұл түрі ғылыми негізі бар, тәжірибеде өзін ақтаған, 
сондықтан ол XXI гасырда да сақталғаны жоғарыда келтірілген орыс тіл білімінің 
тәжірибесінен көрінді. Сондықтан бұл топтастыруды артық санайтын кейбір қазақ ті 
лшілерінің пікіріне қосы луға болмайды. Өйткені бұл топтастыруда тілдегі сөздердің 
жалпы ерекшеліктері ашылады, соған байланысты сөздің ойды білдіретін лексикалық 
мағыналы топтары анықталады, олардың сөйлемдегі ойды білдірудегі қызметі 
белгіленеді, сондай-ақ ол белгілері жоқ атауыш сөздерге кызмет ететін де сөздер 
бары, көмекшілер бары анықталады. Осы екі топтың да қызметін де атқармайтын, 
тіпті сөйлемге қатыспайтын ерекше топтың бары осы топтастыруда анықталады.
Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі көзқарастар мен 
пайымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары сөздердің лексика-


грамматикалық категориялары болып саналса, екіншілері бойынша, сөз таптары 
сөздердің формальды-грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша, 
сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады. 
Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп 
қарайтындар сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, 
морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша топталып, тиісінше белгілі 
бір сөз табына телінеді деп есептейді. Мысалы, А.А.Шахматовтың пікірі 
бойынша, әрбір сөз табының мағынасы сөздің негізгі лексикалық мағынасы мен 
оған қосымша грамматикалық ұғымдардың, грамматикалық категориялардың 
жиынтығынан құралады.Орыс тіліндегі зат есімдерде негізгі атауыш түсініктер 
(основные знаменательное представление) грамматикалық жекелік-көптік, тек 
(род), септік категорияларымен ұштасады да, етістіктерде – грамматикалық шақ, 
рай, етіс, жақ және т.б. категориялармен ұштасады. А.А.Шахматовтың бұл жерде 
«мағына» жайында емес, «түсінік» жайында әңгіме етуінің себебі оның 
грамматикалық теориясына тән психологизмге байланысты екендігі аңғарылады. 
Ф.Ф.Фортунатов және оның мектебі сөз таптарын формальды-
грамматикалық 
(дәлірек 
айтқанда 
морфологиялық) 
категория 
деп 
қарады.Ф.Ф.Фортунатов сөздерді «түрленетін» сөздер деп топтастырады да, 
«түрленетін» сөздерді «жіктелетін»(етістіктер), «септелетін»(зат есімдер) сөздер 
септелетіндердің ішінде тек (род) категориясына орай сөз түрлендіруші 
формаларға ие болатын сөздер (сын есімдер) деп іштей жіктейді. 
Ф.Ф.Фортунатов үстеулерді «түрленбейтін», бірақ сөз тудырушы формаларға ие 
болатын топқа жатқызады. 
Сөз таптарын таза грамматикалық категория деп қарайтын лингвистер де 
бар. Мысалы, О.П.Суник сөз таптарын классификациялауда тіл білімінде негізге 
алынып жүрген заттық, атрибутивтік, іс-әрекет (процесс) тәрізділерді лексикалық 
мағына емес (ал А.А.Шахматов бұларды лексикалық мағынамен ұштастырады), 
жалпы грамматикалық мағына деп есептейді.Оның пікірінше, заттылық – зат 
есімдерге тән және оны басқа сөз таптарынан ажырататын жалпы грамматикалық 
мағына. О.П.Суник сөз таптарының әрқайсысына тән жеке грамматикалық 
категориялар мен мағыналарды, грамматикалық формаларды сөз таптарын 
ажырататын белгілер ретінде емес, сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән 
жалпы грамматикалық мағынасынан туатын, соған бағынышты құбылыстар деп 
қарайды. Сонымен, О.П.Суник сөздерді сөз таптарына классификация жасауда сөз 
таптарының жалпы грамматикалық мағыналары – заттылық, атрибутивтілік, 
процессуальдық және т.б. мағыналарды негізге алады да, сөз таптарын таза 
грамматикалық категория ретінде қарастырады. 
Сөз таптарына қатысты айтылғандарды жинақтай келгенде,мынандай 
қорытындылар жасауға болады. 
1. Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын 
айқындап классификация жасауда жеке, нақтылы тілдің немесе тілдер 
тобының грамматикалық басты ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз 
таптарының жалпы теориясына сүйену өте-мөте қажет. 
2. Сөз таптары – сөздердің лексика-грамматикалық категориясы (топтары) . 
Олар бір-бірінен жалпы категорияльдық мағынасы мен грамматикалық 
белгілері жағынан ажыратылады. 


3. Сөздердің топтары сөз таптары ретінде қаралғанда, ең алдымен, олардың 
білдіретін мағыналары, атап айтқанда, заттылық мағына, атрибутивтік 
мағына,процессуальдық мағына және т.б. түрдегі мағыналар негізге 
алынады. Сөз лексикалық құбылыс қана емес, мұнымен бірге 
грамматикалық құбылыс ретінде де танылады. Осыған орай, сөздерді сөз 
таптарына классификация жасауда олардың грамматикалық белгілері де 
негізге алынуы тиіс. 
4. Сөз таптарының морфологиялық белгісінің мазмұнына сөз тудыру 
формалары мен сөз түрлендіру формалары енеді. Сөз таптарының 
әрқайсысының өзіне тән сөз тудырушы арнайы аффикстері болады да, сөз 
таптары бір-бірінен сөз тудырушы аффикстер арқылы ажыратыла алады. 
Сөз түрлендіру жүйесі грамматикалық категориялармен ұштасады, 
жекелік-көптік,септік,тек (род) , шақ, жақ, рай, етіс деп аталатын 
грамматикалық категориялардың бірі зат есімдерге немесе есімдерге, 
екіншілері етістіктерге телініп, сөз таптарын саралап ажыратуға 
көмектеседі. 
5. Сөз таптарының синтаксистік белгісінің мазмұнына сөз табының сөйлемде 
мүше болу қызметі және сөздермен тіркесу ерекшелігі енеді. Белгілі бір сөз 
табына енетін сөздер сөйлемде белгілі бір мүше болып қызмет атқаруға 
икемделеді және сөздердің кез келген топтарымен емес, арнаулы бір 
тобымен тіркеседі, солармен қарым-қатынасқа түседі, өз ара байланысады.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет