4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//
Вопросы казахского языкознания .-
Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№27 тақырып: Тілдің даму заңдылықтары
1.
Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік
2.Тілдің дамуының жалпы заңдары
3.Тілдің дамуының жеке заңдары
4.Тілдердің өзара әсері
Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде көп
ұшырасқанымен, оның нақты анықтамасы жасалмаған. Негізгі себептерінің бірі
— тілдің дамуы мен өзгеруі жайындағы ұғымдардың толық ажыратылмауы.
"Даму" термині екі түрлі мағынада түсіндіріледі: 1)
тіл бірлігінің қалпының
езгерісі; 2) қоғамдық қажеттілікке сәйкес тілдің өзгеру үдерісі.
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды
Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты –
тілдің өткен дәуірін-
классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу,
бүліну дәуірлері деп есептеген. Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен
болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу,
субстрат,
адстрат, суперстрат.Тілдің тоғысуы дегеніміз этникалық топтардың бірігуі,
осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі
жеңілген тілдің элементтері. Адстрат - әр түрлі халықтардың
ұзақ уақыт бірге
өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі
өзгерістер. Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан
болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі
— ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші — басқа тілдерден
сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық,
саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды.
Тілдік
құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл
білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән
береді: оның бірі — сыртқы фактор, екіншісі — ішкі — фактор деп аталады.
Тілдік одақ дегеніміз – шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес,
біртұтас
географиялық кеңістікте ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің
белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген
тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.
Ностратикалық тілдер. Афразия, үндіеуропа, картвел, орал, дравид,
алтай
тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков). Бұл терминді
1903 жылы алғаш ұсынған – дат ғылымы Х. Педерсен (латынша noster біздің
деген мағынада).
Достарыңызбен бөлісу: