Э. М. Самекбаева тіл біліміне кіріспе



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата24.03.2017
өлшемі0,84 Mb.
#10284
1   2   3   4   5   6   7

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Синтаксис дегеніміз не? 

2. Сөздердің байланысу амалдары мен формаларына не жатады? 

3. Сөз тіркесі дегеніміз не? 

4. Сөйлем нені қарастырады? 

5. Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді? 



      Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. - Алматы, 2011 

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 

4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- 

Алматы, 2011 

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.  

7.  Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 

8.  Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 



 

 

       №26 тақырып: Тілдің шығуы мен дамуы және тілдердің өзара әсерлері 

 

1.Тілдің шығуы 



2.Тілдің жасалуы 

3.Тілдің өзара әсерлері 



 

Адамзат 


тілінің 

шығуы-алғашқы 

адамдардың 

пайда 


болуымен 

байланысты.Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі мәселені бір-

бірінен ажыратып алу керек. Бірі – жалпы адамзат тілінің шығуы, екіншісі – жеке 

,нақты  тілдердің  шығуы.  Әрине  жеке  тілдердің  пайда  болуы  кейінгі  дәуірлердің 

үлесіне  жатады.  Бұл  мәселе  ең  алдымен  антикалық  тіл  білімінде  қойылған 

болатын.  Онда  тіл  «табиғи»  және  «жасанды»  құбылыс  деген  екі  қарама-қарсы 

көзқарас  болғаны  мәлім.  Кейін  бұл  екі  бағыт  ортағасырлық  ,Қайта  өркендеу, 

ағарту  дәуіріне  дейін  шешімін  таппай  келді.  XVIII  ғ.бастап  ғылыми-

философиялық  тұрғыда қарастырыла бастады. (Ж.Ж.Руссо, И.Г.Гаман, И.Гердер). 

Осы  саладағы  зерттеулердің  нәтижесінде  В.фон  Гумбольдттың  әйгілі 

тұжырымдамасы дүниеге келді. Гумбольдт тілдің пайда болуын «адамзаттың ішкі 

қажеттілігінен туындайды. Ол адамдар арасында тек байланыс құралы ғана емес, 

адамдардың  табиғатына  тән  және  олардың  рухани  күштерінің  дамуы  мен 


дүниетанымдарын  жасау  үшін  қажет...»  деген.Тілдің  шығуы  туралы  теориялар: 

дыбысқа  еліктеу,  эмоционалды  теория,  одағай  теориясы,  марксистік 

теория,қоғамдық шарттасу теориясы, моногенез. Бұл теориялардың барлығы қате 

теориялар.  90-жылдарға  дейін  тілдің  шығуының  ғылыми  тоериясын  марксистік 

тоерия деп келдік. Қазірде бұл теория тек еңбек пен сананың байланысын көрсете 

білді. Араласу өндіріс дамуының қажетті салдары деп қабылданған.  

Моногенез теориясы-тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер 

арқылы  зерттейді.  Аңыздар  да  тілдің  бір  ортадан  шыққан  жоққа  шығармайды. 

Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің 

пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз. 

    Тіл қоғамда пайда болған. Рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың пайда болуына 

қарай, тілді рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық болады. Бұлар бірінен бірі туып 

отыратын  категория.Алғашқы  қауымдық  құрылыста  адамдар  ру  болып  біріккен. 

Олардың  тілдері  рулық  болған,  кейін  рулық  құрылыс  ыдырап,    территориялық, 

мемлекеттер  пайда  болған,  яғни  халықтық  тіл  де  пайда  болады..  Феодализмнен 

капитализмге  көшу  барысында  ұлт  пайда    болып,  халықтық  тіл  ұлт  тіліне 

айналады. 

     Тілдің  дамуы  туралы  Н.Я.Маррдың-сатылық  даму  теориясы,  ағайынды 

Шлегельдер  мен  Гумбольдтың  ұстанған  бағыты  –  тілдің  өткен  дәуірін- 

классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, 

бүліну  дәуірлері  деп  есептеген..  Август  Шлейхер  тіл  дамуының  өсімдік  пен 

хайуанаттардың  өсіп  дамуынан  айырмашылығы  жоқ  деп  есептейді.  Бұлардың 

барлығы  қате  көзқарастар  .Н.Я.Маррдың  сатылық  даму  теориясы  тілдің  дамуын 

әр  түрлі  сатысы  бар  және  ол  сатылардың  әрқайсысы  белгілі  бір  қоғамдық 

формацияға (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді. 

      Тілдің  сыртқы  факторлардың  әсері  арқылы  дамуын-жалпы  заңдарға 

жатқызамыз. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің құрылыс мен салаларының 

заңдылықтарына  байланысты.Тіл  дамуының  жеке  заңдары  тіл  білімінің  барлық 

саласында кездеседі. 

      Тілдердің  өзара  байланысы  екі  түрлі  жолмен  болады.  Бірі-тоғысу,  екіншісі-

тілдік  элементтердің  енуі.  Тоғысу,  субстрат,  адстрат,  суперстрат.Тілдің  тоғысуы 

дегеніміз этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. 

Субстрат  дегеніміз  –  жеңген  тілдегі  жеңілген  тілдің  элементтері.Адстрат  -  әр 

түрлі  халықтардың  ұзақ  уақыт  бірге  өмір  сүріп,  қарым-қатынаста  болу 

нәтижесінде  пайда  болған  тіл  жүйелеріндегі  өзгерістер.  Кейде  билингвизмді 

белгілейді. 

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1.Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде нені қарастыруымыз    қажет? 

2. Адамзат тілінің шығуы адамның пайда болуымен байланысты дегенді қалай 

түсінесің? 

3. Тілдің шығуы мен дамуы жайлы қандай теориялар бар? 

4.Тілдердің бір-біріне өзара әсерлері қалай жүзеге асады? 



      Ұсынылатын әдебиеттер: 

 1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. - Алматы, 2011 

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 


4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- 

Алматы, 2011 

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.  

7.  Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 

8.  Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 



 

 

№27  тақырып: Тілдің даму заңдылықтары   

 

1. Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік 



2.Тілдің дамуының жалпы заңдары 

3.Тілдің дамуының жеке заңдары 

4.Тілдердің өзара әсері 

  

   Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде көп 



ұшырасқанымен,  оның  нақты  анықтамасы  жасалмаған.  Негізгі  себептерінің  бірі 

—  тілдің  дамуы  мен  өзгеруі  жайындағы  ұғымдардың  толық  ажыратылмауы. 

"Даму" термині екі  түрлі  мағынада  түсіндіріледі:  1)  тіл  бірлігінің  қалпының 

езгерісі; 2) қоғамдық қажеттілікке сәйкес тілдің өзгеру үдерісі. 

 

    Тілдің  дамуы  туралы  Н.Я.Маррдың-сатылық  даму  теориясы,  ағайынды 



Шлегельдер  мен  Гумбольдтың  ұстанған  бағыты  –  тілдің  өткен  дәуірін- 

классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, 

бүліну  дәуірлері  деп  есептеген.  Тілдердің  өзара  байланысы  екі  түрлі  жолмен 

болады.  Бірі-тоғысу,  екіншісі-тілдік  элементтердің  енуі.  Тоғысу,  субстрат, 

адстрат,  суперстрат.Тілдің  тоғысуы  дегеніміз  этникалық  топтардың  бірігуі, 

осының  негізінде  субстрат  пайда  болады.  Субстрат  дегеніміз  –  жеңген  тілдегі 

жеңілген  тілдің  элементтері.  Адстрат  -  әр  түрлі  халықтардың  ұзақ  уақыт  бірге 

өмір  сүріп,  қарым-қатынаста  болу  нәтижесінде  пайда  болған  тіл  жүйелеріндегі 

өзгерістер. Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан 

болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі 

—  ор  тілдің  өзіндік  байырғы  материаддары  негізінде,  екінші  —  басқа  тілдерден 

сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, 

саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды.  

     Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл 

білімінде  олардың  ішіндегі  ең  елеулісі  ретінде  екі  түрлі  факторға  ерекше  мән 

береді: оның бірі — сыртқы фактор, екіншісі — ішкі — фактор деп аталады. 

      Тілдік  одақ  дегеніміз  –  шыққан  тегіндегі  жақындық  бойынша  емес,  біртұтас 

географиялық  кеңістікте  ұзақ  уақыт  бойы  қарым-қатынаста  болған  тілдердің 

белгілі  дәрежеде  құрылымдық  және  материалдық  ұқсастығына  негізделген 

тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес. 



       Ностратикалық  тілдер.  Афразия,  үндіеуропа,  картвел,  орал,  дравид,  алтай 

тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков). Бұл терминді 

1903  жылы  алғаш  ұсынған  –  дат  ғылымы  Х.  Педерсен  (латынша  noster  біздің 

деген мағынада). 



 

 Сұрақтар мен тапсырмалар: 

 1. Тілдің даму заңдылықтарының қандай себептері бар? 

2.Тілдің дамуының жалпы заңдары дегеніміз не? 

3.Тілдің дамуының жеке заңдары дегеніміз не? 

4.Тілдердің өзара әсері қалай жүзеге асады? 

      Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. - Алматы, 2011 

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 

4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- 

Алматы, 2011 

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.  

7.  Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 

8.  Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 



 

№28  тақырып:  Дүние  жүзі  тілдерінің  әртүрлілігі.    Дүние  жүзі  тілдері  және 

оларға топтастыру жайлы 

 

                 Жоспар 



1.

 

Дүние жүзі тілдерінің әртүрлілігі 



2.

 

Дүние жүзі тілдері және оларға топтастыру жайлы 



3.  Дүние жүзі тілдері және оларға топтастыру жайлы 

 

 



      Дүние жүзінде шамамен 5661 тіл бар. Жер бетінде қанша халық болса сонша 

тіл  бар.Олардың  ішінде  тайпа  тілдері  де,  халық  тілдері  де,  ұлт  тілдері  де  жоқ 

емес.Кейбір  тілдер  кең  қолданылып,  халықаралық  тілдер  дәрежесіне  дейін 

жеткен. Олар: ағылшын, қытай, француз, испан, орыс, араб тілдері. 

      Тілдердің  шығу  тегі,  туыстығы  жағынана  топтастырылуы-генеологиялық 

классификация.  Оған  тән  ұғымдар:  семья,  топ.  Семья  деген  термин  –  шығу  тегі 

бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарынң жиынтығы. Ал топ деген – бір семьяға 

жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді. 

      Құрылымдық  ұқсастық  бір  негізден  тараған  туыстас  тілдердің  арасында  ғана 

емес,  сонымен  бірге,  әр  басқа  негіізден  тараған  тілдердің  арасында  да  болуы 

мүмкін.  Басқаша  айтқанда,  шығу  тегі  жағынан  әр  басқа  тілдердің  арасында  да  

құрылымдық, 

яғни 

морфологиялық 



ұқсастық 

болады.Типологиялық 

классификация  тілдері  құрылымдық  яғни  морфологиялық  ерекшелігі  жағынан 

топтастырады.  Олар:  аглютинативті  тип,  аморфты  тип,  флективті  тип, 

инкорпоративті тип. 

      Ареалдық  топтастыру-географиялық  яғни,  территориялық  орналасу  жағынан 

қарастырады.  Бұл  топтастыру  онша  көп  қолданыла  бермейді.  Бұл  тек 

диалектология, ареалдықлингвистикада сөзболады.  

1.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар: 



2.

 

Дүние жүзінде қанша тіл бар? 



3.

 

Семья деген термин нені білдіреді? 



4.

 

      Ұсынылатын әдебиеттер: 

5.

 



1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. - Алматы, 2011 

6.

 



2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 

7.

 



3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 

8.

 



4.    Исаев  .С. Қазақ  тіл  білімінің  мәселелері//    Вопросы  казахского 

языкознания .- Алматы, 2011 

9.

 

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 



10.

 

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.  



 

 

№29 тақырып: Тілдердің генеологиялық классификациясы 

 

1. Тілдердің классификациясы жайлы мәліметтер 



2. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы 

 

   Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін 



өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. 

Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары 

деп  аталады,  олар  өзінің  ішінен  жақын  туыстығына  қарай  бірнеше  топтарға 

бөлінеді.  Тіл  жанұялары  алыстан  бірігетін  макрожанұяларға  топтастырылады. 

Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді: 1. Үндіевропа 

тілдеріне қазіргі үнді  (хинди,  урду,  бенгаль,  маратхи), иран  (иран,  тәжік),  роман 

(француз,  испан,  португал,  итальян,  румын),  славян  (орсы,  поляк,  чех,  словак, 

украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), 

балтық  (латыш,  литван),  грек,  албан,  келть,  армян,  нуристан  тіл  жанұялары 

жатады. Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан 

т.б. енгізіледі. 2. Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад 

және  бербер  тілдері.  3)  Дравид  тілдері  Үндістан  түбегіне  таралған  (телугу, 

тамиль,  каннада,  малаялам).  4)  Орал  тілдеріне  фин-пермь  (фин,  эстон,  мордва), 

угор  (венгр,  ханты,  мансы),  самодий  (ненец,  эвен)  тіл  жанұялары  жатады.  5) 

Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, саха, қырғыз, 

тува,  башқұрт),  моңғол  (халха,  қалмақ),  тунгус-манчур  (манчжур,  эвен,  нанай) 

және жапон, корей тілдері жатқызылады. 6) Чукот-камчатск тілдеріне чукот және 

камчат тіл жанұялары жатады. Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері 

деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген 

нострат  тілдерінен  таралған  деген  болжам  бар.  Олар  Африканың  солтүстігінен 

бастап,  Еуразия  құрлығына  өздерінен  бұрын  таралған  палеоазиат  тілдерін 

біртіндеп ығыстырып, осы  аймаққа  қоныстанады.  Келесі үлкен  тіл  жанұясы осы 

палеоазиат тілдері. Оған: 1) Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш) 

2) Син-тибет (қытай, тибет) 3) Енисей (кет, юг) 4) На дене (аляска мен америкада 

таралған)  тілдері  жатады.  Одан  кейінгі  ірі  тіл  жанұясы  тропикалық  Африкаға 

тұтастай таралған. Бұларды нигеро-конголез тілдері деп атайды. Оның ішінде ірі 

тіл жанұялары бар: Банту (бенуэ-конго), ква, адамуа, индиго тіл жанұялары бар. 

Осы  тіл  макро  жанұясына  ніл-сахара  тіл  макро  жанұясының  жақындығы  бар. 

Бұған  шари-ниль,  сахар,  судан  тіл  жанұялары  кіреді.  Бұл  тілдердің  екі  жанұясы 

енді нострат тілдеріне жақындасады.  



     Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Тілдердің классификациясы жайлы қандай мәліметтер білесің? 

2. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы дегеніміз не? 

      Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. - Алматы, 2011 

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 

4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- 

Алматы, 2011 

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.  

7.  Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 

8.  Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 



 

№30 тақырып: Тілдердің типологиялық классификациясы  

 

1. Тілдердің типологиялық классификациясы 



Тілдердің типологиялық классификациясы  

 

Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге 



болады.  Сондықтан  тілтану  типологиясы,  немесе  салғастырмалы  лингвистика 

ғылымы  тілдерге  әртүрлі  тұрғыдан  келеді:  1.  Фонетикалық  типология,  2. 

Синтаксистік  типология.  3.  Морфологиялық  типология  Бұлайша  топтастырудың 

тілдер  арасындағы  туыстыққа  тікелей  қатысы  жоқ.  Алдымен  фонетикалық 

типология  жөнінде.  1.  Тілдер  дыбыс  құрылысты  және  буын  құрылысты  болып 

бөлінеді.  Дыбыс  құрылысты  тілдерді  сөздер  дыбыстардан  құралса,  буын 

құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол 

тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді.  

2.  Монотониялық  және  политониялық  тілдер.  Монотониялы  тауыс  тоны  сөз 

мағынасын  ажыратпайды.  Политониялы  тілдерде  сөздің  мағынасын  ажырататын 

дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы 

тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу 

әуені  анықтайды.  Монотониялы  тілдерде  сөздің  мағынасын  оның  құрамындағы 

дыбыстар анықтайды.  

 Типологиялық 

классификациялардың 

ішінде 

ең 


жете 

зерттелгені 

морфологиялық  типология.  Онда  әлемдегі  тілдерді  тұлғалық  түрлену  жүйесі 

бойынша топтастырады. 1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, 

сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі). 

 2.  Агглютинативті  тілдерде  жұрнақтар  мен  жалғаулар  кең  таралған  және  олар 

түбірдің  үстіне  бірінен  соң  бірі  үстемеленіп  жалғана  береді  де  сөз  ұзара  түседі. 

Әлгі  қосымшалар  бір  мағыналы  болады,  ал  түбір  өз  тәуелсіздігін  сақтайды, 

өзгермейді  (қазақ  тілі).  (көше-көшелер-көшелерге-көшелерімізге).  3.  Флективті 

тілдерде  қосымшалар  түбірдің  көрінісіне  өзгерістер  енгізеді  және  ол 

қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз 

ішінен  өзгереді  (орыс  тілі).  (улица-улицы-улицам-улиц)  Синтетикалылық 

индескін  (Дж.  Гинберг  бойынша)  алу  үшін  тілдегі  текстіні  алып,  ондағы 


морфтардың  санына  сөздердің  санын  бөледі.  Алынған  көрсеткіш  2-ден  төмен 

болса,  аналитикалық,  2-ден  3-ке  дейін  болса,  тіл  синтетикалық,  3-тен  жоғары 

болса, полисинтетикалық болады.  

     Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Тілдердің классификациясы жайлы қандай мәліметтер білесің? 

2. Тілдердің типологиялық классификациясы  дегеніміз не? 

      Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. - Алматы, 2011 

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 

4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- 

Алматы, 2011 

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.  

7.  Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 

8.  Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 

9.   Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. 

     -Алматы,1985  

10.  Қордабаев Т.Р.  Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


   1 ГЛОССАРИЙ  

1. Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді. 

2.Ареалдық  тіл  білімі  –  (лат.аrea  –  кеңістік,  аудан)  –  лингвистикалық  география 

әдістері  арқылы  тіл  құбылыстарының  таралу  жайын,  тіларалық  (диалектаралық) 

байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы. 

3.Жергілікті  халықтар  ол  тілде  жазылған  аят-хадистарды  мағынасын,  тілін 

түсінбесе  де  жатқа  біліп,  құдайға  құлшылық  ететін  дұға  ретінде  айтуға  міндетті 

болды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. 

4.Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. 

5.Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді. 

6.Интеграция  -  өзіндік  тілдік  ерекшеліктері  бар  қауымдардың  бір  –  бірімен 

жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі. 

7.Күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдану тіл 

білімінде билингвизм деп аталады. 

8.Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « 

Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. 

9.Менталингвистика  деген  термин  құрамындағы  мента  –  латын  тілінде  ойлау, 

ақыл деген мағынаны білдіреді. 

10.Неолингвизм.  (гр.  neos  –  жаңа  және  лингвистика  атауларының  бірігуінен 

туған). 


11.Натурализм  латынның  натура  деген  сөзінен  шыққан.  Натурализм  жеке  ағым 

ретінде  көркем  әдебиетте,  өнерде,  ғылымда  ХІХ  ғасырдың  екінщі  жартысында 

Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. 

12.Социологиялық  (әлеуметтік)  бағыт  (социолингвистика)  тілді  адамдардың 

қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым 

– қатынас құралы деп қарайтын бағыт. 

13.Сөйлеу  дегеніміз  -  әрекет.Әрекет  белгілі  бір  нәтижеге  жету  үшін,  бағыты, 

мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы. 

14.Семиотика  -  әр  түрлі  хабарлар, мәліметтер беру  үшін  қолданылатын  таңбалар 

жүйесі 


15.Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі. 

16.Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. 

17.Экстралингвистика  –  экстра  латын  тілінде  «сыртқы,  сыртқары»  мағынасын 

береді. 


18.Этнолингвистика  –  грекше  ethnos  халық,  тайпа)  –  тілдің  халық  мәдениетіне 

қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Бақылау түрлері 

                                                        Тест тапсырмалары 

1.

 



Бір тілден екінші тілге сөз ауысудың қандай түрі бар? 

 А.тікелей,  тура.        Б.Тікелей,  жанама          В.Жанама,  тура    Г.Ескі,  жаңа  

Д.Жаңа,ежелгі  

2.Фразеологиялық бірлікті табыңыз 

 А.Тілі қышу    Б.Құмырсқа бел    В. Ата жау    Г. Қол қусырып қалу  Д.Ит өлген 

жер. 


3.Дыбыстардың жасалуында айрықша қызмет атқаратын не? 

  А. Дыбыс    Б. Рензонанс  В. Фонология  Г. Синоним  Д.аппарат 

4. Фонема туралы ілімнің негізін салушы ғалым кім? 

  А.Бодуэн  де  Куртэне      Б.  Н.А.  Баскаков    В.  Н.Я  Марр    Г.  Д.Н.  Ушаков 

Д.Ж.Марузо 

5. Дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін арнайы жазу қалай аталады? 

  А.Морзе  әліппесі    Б.Кириллица    В.  Жасанды  тіл    Г.  Эксперанто  тілі    Д. 

Транскрипция 

6. Ызың дауыссыздар терминмен қалай аталады? 

  А.Эксплозия  Б. Фрикатив  В. Резонанс  Г. Билабиаль  Д. Африкат 

7. Фузия құбылысы басым тілдер қайсысы ? 

   А. Аглютинативті тілдер  Б. Флективті тілдер  В. Дара тілдер  Г. Түркі тілдер                  

  Д.Моңғол тілдер 

8.Сөз түрлендіруші формалар қалай аталады? 

   А. Релятив  Б. Дескриптив  В. Каузатив  Г. синтагма  Д.Инверсия  

9.Декорреляцияға берілген мысалды табыңыз? 

       А.Сенің  Б. Сарғай  В. Аралас  Г. Бірге  Д.Әнші 

10.А.Н Кононов сын есімдердің күшейткіш формасын қалай атайды? 

   А. Жартылай редуплекация  Б. Бірігу В. Инверсия Г.Толық ассимиляция   

  Д. Жартылай декорреляция 

 11.Аналитикалық формаларды табыңыз 

   А.Балалық  Б. Тоң майын  В. Бара жатыр  Г. Күрек тіл  Д. Аяқ жол  

12. Сан – мөлшерлер категориясы дегеніміз не? 

   А. Даралық ұғым мен көптік ұғымды ажырату Б.Сөздердің қатысы  

  В. Іс - әрекет   Г. Модальдылық мағына   Д. Етіс 

 13.Консонантты дыбыстық таңбалар алғаш рет қай жазуда пайда болды? 

  А. Шумер  Б. Арамей  В.  Сына жазуы  Г. Египет  Д. Морфемалық 

  14.  Сөздікке  енгізіліп,  мағынасы  түсіндірілетін  сөз  тіл  білімінде  қай  терминмен                                   

айтылатты? 

   А. Диалект  Б. Реестр сөз  В. Ассимиляция  Г. дара сөз  Д. Эпитеза 

 15. «Еңбек айқайы» деп аталатын теорияны қай ғалым ұсынды? 

  А. Л. Нуаре  Б. Августин  В. Ж.Руссо Г. А.Шлейхер Д. Фердианд  де Соссюр  

16.Иероглиф немесе символ ұстанымы  дегеніміз не? 

  А.  Сөздің  түбірін  сақтау  Б.  Буын  жазуы    В.  Біркелкі  дыбыстарды, 

омонимдердіескеру 

         Г. сөйлеу аппараты  Д. Дыбыс ырғағы 

17. Сөздің морфологиялық вариантына берілген мысалды табыңыз  


    А. Редис – редиска  Б. Ноль – нуль  В. Көмек – жәрдем  Г. Ырза – риза  Д. Қате 

– қата 


18. Сөз түбірдің бір аффикстен соң екінші бір аффикстің бірінен соң екіншісінің 

тіркесе жалғасуы 

  А. Редупликация  Б. Аглютинация В. Детерминация Г. Инферсия  Д. Постфикс  

19. Лексика – грамматикалық омонимдерді анықта 

А. Ер – егер  Б. Рельс – рельса  В. Жирен  Г. құс – құм  Д. Бас – тас 

20. Басқа сөз табының сын есімге айналуы қалай аталады? 

А.  Прономилдану        Б.  Адъективтену        В.  Вербалдану        Г.  адвербиалдану                                               

Д. Субсттантивтену   

21.Генеологиялық  классификация  бойынша  тіл  білімінде  тілдер  неше  топқа 

бөлінеді ? 

А. 8  Б.7  В.9  Г. 6  Д.4 

22.  Сөздің  морфемалық  жігінің  күңгіртеніп  морфемаларға  мүшеленуі  қандай 

құбылыс деп аталады? 

 А. Жылысу Б. Дифузия В. Конвергенция  Г. бөліну Д. Сіңісу 

23. Басқа сөз табының зат есімге айналуы не деп аталады? 

 А.  Адьективтену    Б.  Вербалдану  В.  Субстантивтену    Г.  Адвербиалдану                                

Д. Прономилдану 

24. Флективті тілдерге қандай тілдер жатады? 

А.  Неміс  ,  грек,  араб    Б.  Коряк,  чукот    В.  Қытай,  бирма,  тибет                                             

Г. орыс, украин, ағылшын   Д. Жапон, корей, иран 

25. Жалаң сөз тіркесін табыңыз 

А.  Көмірді  қораға  тасу    Б.  Көзін  шел  басу    В.  Анаңды  сыйла    Г.  Түн    Д. 

Сөзбұйдаламай тез айт 

26. «Резонанс» сөзінің білдіретін мағынасы 

А. Жаңғырық  Б. Жоғары топ   В. Естілу  Г. Біркелкі дыбыс  Д. Қатты дыбыс 

27. Бодэн де Куртэнэнің фонема туралы ілімнің дамытқан қай ғалым? 

 А. А. Трубецкой  Б. Щерба  В. А. Кононов  Г. Н. А. Баскаков Д. А. Шлейхер 

28. Аффикстердің жалғануынан түбірдің дыбыстық құрамының өзгеру құбылысы 

не деп аталады? 

 А. Агглютинация  Б. Фузия  В. Декорреляция  Г. Флекция Д. Аффикс 

29. «Тіл  - биологиялық құбылыс» деген ғалым кім? 

  А. А. Шлейхер  Б. Кортунэ  В. Соссюр  Г. Щерба  Д. Гумбольд 

30. Тілдің номинативті қызметі 

  А. Қатынас құралы болуы  Б.Атауыштық В. Хабарлау Г. Эстетика Д. Дейктивті 

31. Грамматикалық тәсілге жатпайды 

А. Аффикстік  Б.флекция   В. Қосарлану  Г. интонация  Д. Жіктеу тәсілдері 

32.Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынан топтастыру қалай аталады? 

  А.Типологиялық 

Б.  Генеологиялық  В.  Эволюциялық  Г.  Генетикалық                            

Д. морфологиялық  

33.Байымдауға тән белгілер қайсысы? 

А.  Мақұлдау  не  теріске  шығару    Б.  Құптау  В.  Айырма,  қосалқы    Г.  Дәлдік, 

нақтылық  

 Д. Жауап жоқ 

34. Сіңісу құбылысына берілген мысал қайсысы? 


  А. Әкел, алпыс  Б. Бар, ал.  В. Соның,   Г. Сарығ  Д. Жауап жоқ 

35. Сөзге тән белгілер қайсысы? 

  А. Ұғымды білдірмейді Б. Құрылымдық  В. Байымдау жоқ  Г. Вариантары бар   

 Д. Жауабы жоқ 

36. Үндіеуропа тілдер тобына қайсысы жатады? 

  А. Қытай Б. Якут  В. Бурат  Г. Чуваш  Д. Кельт 

37. Қай байланысу түрі предикативті байланыс деп аталады? 

 А. Матасу  Б. Қиысу  В. Меңгеру  Г. Қабысу Д. Жанасу  

38. Полисинтетикалық тілдерге қайсысы жатады? 

 А. Вветнам  Б. Чукот В. Грек  Г. Моңғол  Д. Угро – фин 

39. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы қалай аталады? 

А. Реляциялық Б. Грамматикалық  В. Деривациялық  Г. Лесикалық  Д. Қосымша 

мағыналар 

40. Грамматикалық тәсілдер нешеу? 

А. 7 Б.4 В. 8  Г. 6  Д. 3 

41. Дыбысқа еліктеу теориясының өкілі кім? 

А. Ж.Ж. Руссо  Б. Д.Н. Курявский  В. Г. Лейбниц  Г. Л. Нуаре  Д. Н. Щерба 

42.Адам баласы қай заманда және қалай сөйлеп үйренді деген сұраққа қай ғылым 

жауап береді? 

  А. Психология  Б. Философия В. Тарих  Г. Лингвистика  Д. Антропология 

43. Жазудың неше түрі бар? 

А. 4  Б.3   В.6  Г.2  Д.1 

44. Сөз табына топтастырудың басты белгісі 

А. 3  Б.4  В. 16  Г.2  Д.1 

45. Етістіктер тобына тән мағынаны аймақты анықта  

  А. Заттық  Б. Атрибутив  В. Сапалық   Г. Номинатив  Д. Процессуалдық 

46. Лабиальдық сингорманызм ол - ... 

 А.  Дауыссыз  дыбыстардың  үндесуі  Б.    Жуан,  жіңішке  дауысты  дыбыстардың 

үндесуі 

 В. Дауыссыз дыбыстардың жартылай үндесуі  Г. Ерін дауыссыздардың үндесуі  

 Д. Дыбыстардың түсіп қалуы 

47. Роман тобына енетін тілдерді көрсетіңіз 

  А.  Араб,  иврит  тілі    Б.  Авар,шешен  тілі    В.  Вешр    Г.  француз,  испан  тілі  Д. 

Мажар тілі 

48. Түркі тілдеріне тән екпін  - ... 

  А.  Динамикалық  екпін    Б.  Тоникалық  екпін  В.Силлабикалық  екпін    Г. 

Жылжымалы екпін    Д. Квантативті екпін 

49. Модальдық грамматикалық тәсілмен берілгенде қандай категория жасалады? 

 А. Есімше  Б. Жақ В. Рай  Г. Етіс Д. Есім 

50. Транскрипцияның неше түрі бар? 

А. 4  Б.5  В.3 Г.6 Д.2 

51. Сөздің лексикалық мағыналарының классификациясын жасаған ғалым кім? 

А.  В.В.  Виноградов    Б.  Ф.  Фортунатов    В.  Л.В.  Щерба    Г.  Н.  Гумбольд    Д.  Н. 

Кононов 


52. Біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын 

сөздер қалай аталады? 



А.Омофондар    Б.  Омоформалар    В.  Аралас  омонимдер    Г.  Каламбур    Г. 

Омографтар 

53.  Сөздердің  морфемалық  құрамы  өзгермей  ,  сипаты  мен  мағынасының  өзгеру 

үрдісі қалай аталады? 

А. Күрделену  Б. Жылысу В. Декорреляция   Г. Сіңісу  Д. Тоғысу 

54.  Қимыл,  іс  -  әрекеттің  объектіге  немесе  субъектіге  бағытталғандығын 

білдіретін категория 

А. Шақ категориясы  Б. Рай категориясы  В. Жақ категориясы Г. Етіс категориясы   

 Д. Болымдық категориясы 

55. Түркі тілдерінің шығыс  хун бутағына қайсысы жатады? 

А.  Ұйғыр  –  оғыз      Б.  Халха  –  моңғол      В.    Қытай  -  тибет    Г.  Булгар  –  чуваш                     

Д. Жауабы жоқ 

56. Тілдер типологиялық тұрғыдан неше типке бөлінеді? 

А. 2  Б.5  В.6  Г.3  Д.4 

57. Тілдердің туыстық байланысы қай тілдерге тән? 

 А. Етістік   Б. Шылау  В. Есімдік  Г. Сан есім  Д. Рай  

58. Аналитизм құбылысы әсіресе қай тілдерге тән? 

А. Араб, грек  Б. Угро – фин В. Ағылшын , француз Д. Қытай , Тибет 

59.Артикуляциялық жағынан салдыр дауыссыздардың бөлінуі 

А.Фрикатив,  денталь    Б.  Эксплозив,  лабиаль    В.  Шұғыл,  ызың    Г.  Денталь, 

альвеоляр 

Д. Фригаль, фрикатив 

60.  Тілдерге  типологиялық  немесе  морфологиялық  классификация  жасау 

қашаннан басталады? 

А. ХV  Б.XIX В. XX   Г.IX   Д. Жауабы жоқ 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет