Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Тіл мен ойлаудың бірлігіне сипаттама беріңіз.
Сілтемені қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html
http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. -
Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының
филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке,
2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы:
Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№4 дәріс тақырыбы: Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелік сипаттары
Жоспары:
1.Тілдің таңбалық сипаты
2.Тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты
3.Синхрония және диахрония
1.Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба.
Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі
қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік
таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері:
1)еріктілік, 2) шарттылық.
Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген
заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы.
Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық
теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі
таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
2. Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар
схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен
тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі,
сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай
бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік
бірлік.Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын
негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп,
бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе
дегенді өзін тән айырықшақұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге
болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-
қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік
сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді.Мысалы дауысты дыбыстар
жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.
3.Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді.
Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-
тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.Синхрония мен
диохрония бір-біріне қарама-қарсы қойылып қарастырылады.Тіл, тілдік құрылым
уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған
тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу
тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың,
біріншіден, оны құрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден,
олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Тілдік таңбаның таралу факторларын қалай көрсетер едіңіз?
2.Тілдің
таңбалық
жүйесіне
талдау
жасаңыз.
Сілтемені қараңыз : http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html
3.Тіл
жүйесіндегі
қарым-қатынастар
қандай
Сілтемені қараңыз : http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html
4.
Тілдің құрылысы, құрылымдық, жүйелік сипаттары қандай?
Сілтемені қараңыз : http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. -
Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының
филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке,
2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы:
Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№5 тақырып: Тілдің тарихи дамуы.
Жоспары:
1.
Тілдің тарихи дамуы қоғам дамуымен байланыстылығы
2.
Тіл
дамуының
сыртқы
және
ішкі
факторлары
1.Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және
қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұдан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни
тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы.
Тіл – қоғамдық құбылыс. Сондықтан оның тарихы мен дамуы қоғамның
тарихы мен дамуына байланысты болды. Осыдан тілді және оның даму
заңдылығының сол тілді иеленушілердің тарихымен тығыз байланысында
қарастыру міндеті келіп туады.
Адам баласы қоғам пайда болғаннан бері тіл қоғамға қатынас құралы ретінде
қызмет етпей тұра алмайды.
2. Тілдің даму заңдылықтары жөніндегі мәселе – жалпы тілтану ғылымының
күрделі проблемаларының бірі. Заманға, уақытқа қатысты болып отыратын
тілдік құбылыстардың сырын білмейінше, тілдің өзіндік сипатын, мән
мағынасын түсіну мүмкін емес. Тілдің дамуы қоғам дамуымен тығыз
байланыста болады, бірақ бұл екеуінің дамуы бір е мес, әрқайсысының өзіндік
ерекшелігі бар. Тілде қоғам өмірінде болатындай революциялық секіріс,
дүмпу ескіні жаңаның күшпен бірден жоюы сияқтылар болмайды.
Қоғам тілдің пайда болуына әсер етеді, бірақ тілдің дамуы қоғамның даму
заңдары бойынша емес, өз дамуының ішкі заңдары бойынша әске асады.
Тілдің дамуы заңдары қоғамның даму заңдарына сәйкеспейді. Тілдің дамуы
туралы түрлі көзқарастар бар.
Мысалы. Н.Марр тілдің даму мәселесі жөнінде «сатылық даму теориясын»
ұсынды. Я.Марр тіл дамуының әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың
әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға сай келеді деп есептеді. Ол
тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет қопарылыстар арқылы болады
дейтін мүлдем қате көзқараста болды.
Кейбір лингвистердің (ағайынды Шлегельдер, Гумьболд және т.б) тілдің өткен
дәуірін – классикалық дәуір, ал бергі дәуірлер тілдің құлау, бүліну дәуірі деп
есептеулері ешбір шындыққа жанаспайды, мүлдем қате көзқарас.
Тілдің биологиялық құбылыстың қатарына жатқызатындар , мысалы неміс
лингвисті Август Шлейхер, тілдің дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп
дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді.
Тілдің даму заңдылықтарына келмес бұрын, алдымен тілдің заңдарын – жалпы
заңдар(общие законы) және жеке заңдар(частные законы) болып екіге
бөлінетіндігін айтып алуымыз керек.
Жалпы заңдардың қатарына тілдің әр түрлі құрылымдық элементтерінің даму
қарқынының біркелкі болмауын жатқызуға болады.
Тіл дамуының жеке заңын оның барлық саласымен, атап айтқанда:
лексикамен де, грамматикасыменде, фонетикасынан да табуға болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1)
Тілдің шығуы туралы теориялар.
2)
Тілдің шығуы туралы діни ұғымдар. (Моногенез теориясы).
3)
Ру, тайпа, ұлт тілдері.
Тапсырма: Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын
түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ
ауызша сұралады. Тілдің шығуы туралы діни-аңыз әңгімелер жинақтау.
Тілдің
шығу
тарихы
мен
дамуы.
Қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.
- Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының
филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке,
2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы:
Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№6 тақырып: Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы. Әдеби
тіл және сөйлеу тілі ұғымдары.
Жоспары:
1.Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы.
2.Әдеби тіл және сөйлеу тілі ұғымдары.
3.Әдеби тілдік норма мәселесі
1.
Әдеби тілдің тарихына қатысты негізгі мәселелердің басын ашып, ғылыми
тұжырым жасау үшін әдеби тілдің өзін дұрыс анықтап алу қажет. Яғни әдеби тіл
деп нені айтамыз? Оның өмір сүру формасы қандай? Әдеби тілге не енеді? Қазақ
әдеби тілінің тарихы қай кезден, неден басталады. Әр кезеңдегі әдеби тілдің
дамуының, нормалануының тенденциясы, оның тілдік көрсеткішіне қандай әдебиет
нұсқалары жатқызылуы тиіс және олардың мазмұны мен сипаты қандай болмақ
деген сұрақтардың нақты жауабы әдеби тілдің анықтамасымен тікелей байланысты
болып отыр.Соған орай әдеби тіл деген ұғымды әр түрлі түсінудің салдарынан
кейбір зерттеулерде оған қатысты проблемалық мәселелер әр түрлі баяндалып жүр.
Бұл ретте орыс тіл білімі көрнекті өкілдерінің тұжырымдары мен пікірлеріне
сүйенсек, әдеби тіл, біріншіден, жазба тіл, яғни тек жазба әдебиет тілі, екіншіден,
сол жазу, жазба әдебиет арқылы жалпы халықтық тілдің өңделген, екшелген,
стильдік тармақтары қалыптасқан түрі. Басқаша айтқанда әдеби тіл –жалпы
халықтық тілдің жазу арқылы белгілі дәрежеде өңделген, сұрыпталған түрі,
жазусыз әдеби тіл болмақ емес, әдеби тілдің тарихы –жазба әдебиет тілінің де
тарихы, сөйтіп, жазу, жазба әдебиет әдеби тілдің ең негізгі, маңызды сипаты,
өзіндік басты белгісі. Сондықтан әдеби тіл – жазба көркем әдебиет тілі ғана емес,
жазба әдебиеттің басқа да алуан түрлерінің, ғылыми –зертеу, саяси, ресми,
публицистикалық, т.б. әдебиеттердің тілі болып саналады деген пікір басым болып
келді. Бірақ бұл көрсетілгеннің өзі орыс тіл білімінде дауыссыз, талассыз
қабылданылған бірден-бір пікір екен деуге де болмайды. В.В.Винаградов әдеби тіл
ұғымын нақтылы анықтауда, мәнін ашып, оның өзіндік негізгі белгілерін көрсетуде
әлі де болса тұжырымды айқын, үзілді-кесілді бір пікірдің болмай жүргенін
көрсетеді.
2. Әдеби деген термин латынның litteratura деген сөзінен қалыптасқан. Ол
гректің грамматика (grammatica) сөзінің баламасы ретінде жаза білу, оқи алу деген
мағынада қолданылған. Көне римдіктер litteratus деп әріпті тани алатын, яғни кітап
оқи алатын сауатты адамды атаса да, кейін келе бұл сөз жаңа мағынада қолданыла
бастайды, ол-тек оқи алатын, жаза білетін ғана емес сонымен бірге жоғарғы білімді
деген де мағына. Осындай мағыналық дамудың нәтижесінде бұл термин қазіргі
Еуропа халықтарының тілінде сұрыпталған, сымбатталған, жүйеге түскен деген
мағынада қолданылып жүр. Әдеби тілдің тұрақты нормаланып қалыптасуында,
сұрыпталып, икемделіп, сымбатталуында, жетілуінде, жанрлық – стильдік
тармақтарының орнығып, дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше.
3. Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып,
құрылысы жүелі қалыпқа түседі, “тілге орамды, жүрекке жылы тиетін” элементтері
ұштала түседі. Бірақ әдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен
байланыстырып, сол шеңберде ғана қарап, әдеби тілді жазба тілмен балама деп
тану, екінші жағынан, әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеуметтік,
экономикалық, мәдени тарихынан бөліп алып қарау, соның негізінде жазуы жоқ не
жазуы дамымаған не кеш дамыған халықтың әдеби тілі жоқ деген үзілді –кесілді
пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді. Мұндай пікірдің айтылу себебі,
біріншіден жазба тілдің, жазба әдебиеттің жоғарыда көрсетілгендей, әдеби тілді
қалыптастырып, дамытудағы ерекше ролімен байланысты.Кейбір зерттеушілер
жазба әдебиеттің осы ролін әдеби тілді қалыптастырып, дамытудың бірден-бір
жолы ғана деп түсініп, басқа факторларға мән бермейді, әдеби тілді
қалыптастыруда белгілі бір орын алатын, оның дамуына себін тигізетін басқа да
құбылыстарды ескермейді. Екіншіден, әдеби тіл мен жазба тілді тең көрушілік бұл
терминнің алғашқы, жазу-сызумен байланысты мағынасын басшылыққа алудан
туады. Үшіншіден, мұндай пікір әр халықтың әдеби тілін сөз еткенде, олардың
өзіндік ерекшеліктерін сол халықөтың тарихымен, басынан кешірген саяси -
экономи–алық жағдайларымен, мәдени дәрежесінің өркендеуімен, қоғамдық
дамуындағы мәдениет өндірістерінің амалдарымен байланысты ерекшеліктерін
ескермей, барлығын ортақ өлшеммен кесіп-пішуден де туады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Әлемдік тілдер жайлы не білесің?
2. Халықаралық тіл дәрежесіне көтерілген тілдер жайында не білесің?
3. Жасанды, көмекші тілдердің қандай жобасы ұсынылды?
4.Тілдің өмір сүру формалары қандай?
5. Сілтемені қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html
6. Сөйлеу тілі мен кітаби тілдің қандай айырмашылығы бар?
7. Әдеби тіл дегеніміз не?
8. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері туралы не білесің?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.
- Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының
филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке,
2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы:
Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№7 тақырып: Тілдердің өзара қарым-қатынасы. Субстрат, суперстрат,
интерстрат құбылыстары
Жоспар
1.
Тілдердің өзара қарым-қатынасы
2.
Субстрат, суперстрат, интерстрат құбылыстары
1.
Тілдің даму заңдылықтары жөніндегі мәселе – жалпы тіл тану
ғылымының күрделі проблемаларының бірі. Заманға, уақытқа қатысты болып
отыратын тілдік құбылстардың сырын білмейінше, тілдің өзіндік сипатын,
мән мағынасын түсіну мүмкін емес.
Соған қарамастан тіл дамуы жөніндегі мәселенің лингвистикалық
проблемаларының бірі ретінде қарала бастағанына көп уақыт өткен жоқ.
Көрнекті ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, тілдің тарихи құбылыс
екендігіне көңіл аударып, оның тарихын зерттеуге бет бұрушылық ХІХ
ғасырдың басында, салыстырмалы – тарихи тіл білімінің дүниеге келуінен
басталады.
Тіл дамуының өзіндік заңдылығы бар, оның өзгеріске ұшырауына
себепші, түрткі болатын жағдайлары болады. Тілде болатын өзгерістердің
біразы оны қолданушы қауымның еркінен тыс, тілдің өзіндік ішкі даму
заңы бойынша іске асады. Тілдің ішкі даму заңы жалпы тілдік болуы да,
жеке, нақтылы бір тілдік болуы да мүмкін. Бірақ, бұл екеуі бір-бірімен
тығыз байланысты.
2. Тіл дамуына себепші болатын сыртқы факторлардың тағы бір елеулі
түрі – тілдердің бір-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Басқа тілдермен
байланыссыз, томаға тұйық өмір сүретін тіл болмайды. Тілдер қарым-
қатынасының тіл дамуына тигізетін елеулі әсері барлығы тіл білімнде
бұрыннан белгілі. Бұл әсер тілдер арасындағы қарым-қатынастың сипатына
қарай әр түрлі болады. Тілдік қарым-қатынас (контакт) әр түрлі тілде
сөйлейтін халықтардың бір-бірімен тікелей немесе жанама түрде қарым-
қатынасқа келуі нәтижесінде пайда болады. Оның да жолы әр түрлі. Бір
аймақта тұратын тілдер бірін екіншісі ассимиляциялағанда жеңілген тіл іс-
түссіз жойылып кетпейді, оның қалдықтары жеңген тіл ішінде ұзақ
сақталады. Егер қалдық жергілікті тілдікі болса, субстрат делінеді де,
келімсектер тілінің жойылуынан қалған қалдық болса, суперстрат деп
аталады. Ал достық қатынастағы тілдердің бір-біріне тигізген әселері
интерстрат делінеді.
Тілдер қарым-қатынасының соңғы түрінің тамаша үлгісі ретінде совет
халықтары тілдерінің бір-біріне тигізіп келе жатқан игілікті әсерлерін айтуға
болады. Бұл саладағы шешуші рөл атқарып келе жатқан тіл – орыс тілі.
Орыс тілін бүкіл совет халқы өз еріктерімен бір – бірімен қатынас жасайтын
ұлтаралық тіл ретінде қабылдады да, оны екінші ана тіліміз деп жариялады.
Тілдер дамуына ішкі себептердің тигізетін әсері де аз болмайды. Олар
тіл тарихының барлық дәуірінде де оны дамуына үздіксіз әсер етіп отырады.
Бірақ тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі себептер мен сыртқы
себептерді бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ, екі бөлек жатқан дүние деп
санауға болмайды. Бұларды да таза тілдік себептер деуге болмайтыны
тәрізді, әлеуметтік қажеттілік, экстралингвистикалық себеп мұнда да жоқ
емес.
Тілдердің өзара әсері екі түрлі жолмен болады. Бір жолы - тоғысу түрінде,
екінші жолы - тілдік элементтердің (дыбыстардың, морфемалардың, сөздердің,
сөйлем құрылысының) енуі түрінде.
(Тілдердің тоғысуы (этникалық топтардың бірігуі) процесінде Субстрат,
суперстрат, адстрат деп аталатын құбылыстар пайда болады. Субстраттардың
нәтижесінде жеңген тіл жеңілген тілден сөздер мен жеке дыбыстарды, кейбір
морфемаларды қабылдайды. Яғни, субстрат дегеніміз - жеңілген тілдің жеңген
тілдегі элементтері. Мысалы, қазіргі Франция жерінде ертеде келт (галль) деген
халық тұрған. Оларды римдіктер (француздар мен испандар) жаулап алды да, ол
халықтың тілі жойылды. Бірақ қазіргі француз, испан тілдерінде сол жойылған
келт тілдерінің кейбір элементтері сақталған. Келт субстраты дегеніміз - француз,
испан тіддеріндегі сол қалдық элементтер (Мысалы, француз тіліндегі И
дыбысы). Суперстрат дегеніміз - жоғарғыға керісінше: жеңген халықтың жеңілген
халық тіліне қалдырған ізі, әсері. Ал адстрат дегеніміз — жарыса қатар өмір
сүретін тілдік элементтер.
Енді тілдердің өзара әсері нәтижесінде тілдік элементтердің енуіне (яғни
екінші жолға) келелік.
Удмурттар (фин-угор тобына жатады) мен татарлар (түркі тобына жатады)
баяғыдан қоныстас, көршілес өмір сүріп келеді.
Сондықтан олардың тілі бір-біріне әсер еткен. Татар тіліндегі дж дыбысы
удмурт тіліне ауысқан. Бұл дыбыс удмурт сиякты басқа фин-угор тілдерінде жоқ.
Басқа түркі тілдерінде ұяңнан басталатын сөздер чуваш тілінде қатаңнан басталады.
Мысалы: бас - пус, бар - пур, дауыл - тавыл. Неге!
Сөйтсек, ол көрші жаткан марий тілінің әсері екен. Ол тілде дауыссыздан
басталатын сөздердің басқы дыбысы әр уақыт қатаңнан басталады.
Тілдердің өзара әсері лексика саласында жиі ұшырасады. Мысалы, түркі
тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де араб-парсы және орыс тілдерінен енген
көптеген сөздер бар.
Әдетте, тілдің фонетикасы мен грамматикасы тұрақты болады. Жиірек өзгеретіні,
ауысатыны — лексика саласы. Егер бір тілден екінші тілге дыбыс не қосымша ене
қалса, олар көп жағдайда сөздермен бірге, сөздердің құрамында ғана ене алады.
Мысалға, қазақ тіліне орыс тілінен ауысқан 12 әріпті (дыбысты) келтіруге болады. Ол
12 дыбыс қазақ тілінің байырғы төл сөздерінде қолданылмайды, тек орыс сөздерінде
ғана қолданылады.
Бір тілдің екінші тілге әсері морфологиядан гөрі синтаксисте көбірек
аңғарылады. Бұған орыс тіліндегі үлгі бойынша қазақ тілінде оңашаланған
айқындауыш мүшелі сөйлемдердің немесе әр түрлі қыстырма сөздері бар сөйлемдердің
қалыптасуын мысалға келтіре аламыз. Мысалы: Тоғжанға Абай тағы бір рет, соңғы бір рет
қарады (М.Әуезов).
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тілдердің өзара қарым-қатынасы қалай жүзеге асады?
2. Субстрат, суперстрат, интерстрат құбылыстары дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .-
Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
9. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту.
-Алматы,1985
Достарыңызбен бөлісу: |