Ә. Н. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі


Тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруде берілетін ұсынымдар



бет4/10
Дата16.10.2023
өлшемі74,97 Kb.
#116652
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
7 сынып тар тәрбие ж

Тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруде берілетін ұсынымдар:
Жасөспірімнің тәрбиесі (11-15 жас)
Ұсынылады:
- тәрбие шаралары мен жобаларының мазмұнын, форматын, көркемдік стилін, ұсынылу тәртібін анықтауда жасөспірімдік кезеңдегі балалардың психологиялық ерекшелігін, қызығушылығын назарға алып, цифрлық технологиялардың жетістіктерін ескеру;
- жас ерекшеліктеріне сай келетін классикалық көркем шығармалар мен көркем әдебиеттерді ұсыну; оқылған шығарма кейіпкерлерінің бойындағы адами қасиеттері мен жағымсыз әдеттерін талқылауға бағытталған кейстік жағдаяттарды шешуді ұсыну;
- еліміздегі тарихи орындарға, ескерткіштерге экскурсия жасау, ел мен жер тарихы туралы деректермен танысу, театрға, музейлерге, мұрағаттарға, ұлттық парктер мен қорықтарға бару, виртуалды саяхаттар жасау немесе/және цифрлық технологиялардың жетістіктерін қолданып таныстыру;
- ақын-жыраулар және ұлт зиялыларының, батырлардың, тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің өмір жолдарымен, олардан мирас болып жеткен мұралармен таныстыру;
- тарихи, деректі фильмдерді талдау; - білім алушылардың мәдени және ұлттық мұраны насихаттау бойынша бастамаларына қолдау көрсету;
- табиғатты қорғау, адамның әрекеттерінен туындайтын апаттардың алдын алу бойынша жобалар әзірлеу; - жобаларды жүзеге асыруға отбасын әлеуметтік әріптестікке тарту; - «Гаджетсіз демалыс» күндерін ұйымдастыру, кітап оқу, спортпен шұғылдану, табиғат аясында серуендеу т.б. шаралар ұйымдастыру ұсынылады.
Білім беру ұйымдары мен педагогтың міндеті: - балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге; - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет