Е. О. Алауханов (гылыми редактор)



Pdf көрінісі
бет34/37
Дата28.02.2017
өлшемі2,71 Mb.
#5046
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

Литература: 
1
 
Макаревич Э., Карпухин О. Игры интеллигентов, 
или Социальный контроль масс. - М.: Эксмо, 2003. - 
480 с. 
2
 
Фромм Э. Бегство от свободы. - М.: Прогресс
1990. - 271 с. 
3
 
Ясперс  К.  Введение  в  философию:  пер.  с  нем  / 
под ред. Михайлова А.А. - Минск: Изд-во ЕГУ ЗАО 
«Пропилеи», 2000. - 191 с. 
4
 
Кант  И.  Основы  метафизики  нравственности  // 
Кант  И.  Сочинения  в  6  т.  Т.  4.  ч.  1.  -  М.: 
Мысль,1965. 
5
 
Шиллер Г. Манипуляторы сознанием: пер. с англ. 
- М.: Мысль,1980. 
6
 
Вартанова Е.Л. К чему ведет конвергенция СМИ / 
Е.Л. Вартанова. - М.: Информ. О-во, 
1999. 
7
 
Санжар  Н.  Коммуникативная  практика  -  «новое 
мышление»  как  современный  вид  управления  // 
Философский  альманах  «Современность:  мир 
мнений». №2. - 2007. -151 с. 
8
 
Володина  Ю.  Гигантомания  на  медиарынке 
[Электронный  ресурс]:  учеб.  пособие  -  М.: 
Независимая  рос.  исслед.  Компания,  2007.  -Режим 
доступа: http://www.romir.ru 
 
   
Бұл  ғылыми  мақалада  автор  ақпараттық  техниканың  конвергенттік  Масс-медияға  ықпалын  жан-жақты  зерттеп  жазған. 
Ақпараттың түрлі құлық іс-әрекетін талдап, соңында қоғамның миын басқаруға ықпал ететінін де назардан қалдырмаған. 
In  this  research  work  author  analyses  basic  techniques  of  the  information  influence,  in  particular,  in  convergence  mass-media. 
The  author discloses  the  essence  of  manipulation's  mechanisms,  such  as  a  control  and  an  anti-control.  The  researcher  comes  to  the 
conclusion that convergence in mass-media widens and redoubles the information influence. 
 
Г.С. Толықбаева 
Қазақстандағы білім, ғылым саласында ақпараттық технологияның мәні, 
білім деңгейін көтерудегі рөлі 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. 
УДК 316.77(4/9) 
Аңдатпа. Бүгінгі таңда елімізде білім мен ғылым салаларында жүйелі өзгерістер жасалып жатқандығы шығарманың 
өзекті  мәселесі  болып  табылады.Осындай  соны  өзгерістер  мен  ақпараттардың  қарқынды  ағыны  заманауи  іргелі 
пәндік  білім  мен  ғылым  салаларында  да  мән-мазмұны  жағынан  сан  түрлі  сипаттарымен  танылып,  білім  беру  мен 
ғылымдағы  мақсаты  сандық  көрсеткіштен  сапалы  арнаға  бет  бұрыс  жасауда.  Білім  алушылар  бойында  қоғамдық 
өмірге белсенділік таныту мен  өзін-өзі  іске асыра білу  мақсатында өздігінен білім алу, ақпараттарды саралау және 
тиімді  пайдалану  білігін  қалыптастыру  бағдары  айқын  танылып  отырғандығы  мақалада  сараптала  сөз  етілген. 
Қазақстанда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұрғандығы ізденушінің 
бұл туындысында анық айтылған. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Электронды оқулықтар.
 
 
 
Бүгінгі  таңда  елімізде  білім  мен  ғылым  са-
лаларында  жүйелі  өзгерістер  жасалып  жатыр. 
Осындай  соны  өзгерістер  мен  ақпараттардың 
қарқынды  ағыны  заманауи  іргелі  пәндік  білім  мен 
ғылым  салаларында  да  мән-мазмұны  жағынан  сан 
түрлі  сипаттарымен  танылып,  білім  беру  мен 

Г. С. Толықбаева 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
217 
ISSN 1563-0242 
ғылымдағы  мақсаты  сандық  көрсеткіштен  сапа-лы 
арнаға бет бұрыс жасауда. Білім алушылар бойында 
қоғамдық  өмірге  белсенділік  таныту  мен  өзін-өзі 
іске  асыра  білу  мақсатында  өздігінен  білім  алу, 
ақпараттарды саралау және тиімді пайдалану білігін 
қалыптастыру  бағдары  айқын  танылып  отыр. 
Қазақстанда  білім  берудің  ұлттық  жүйесі  өте 
маңызды,  қарқынды  өзгерістердің  сатысын-да  тұр. 
Сондықтан  әр  оқытушының  ең  үлкен  мұраты, 
міндеті  -  рухани  толысқан,  жан-жақты  дамыған 
жеке, дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен 
білім  беріп  қана  қоймай,  әр  оқушының  мүмкіндігін 
ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Адамзат 
баласының  өз  ұрпағын  оқыту,  тәрбиелеудегі  ең 
озық, 
тиімді 
ізденістерін, 
тәжірибелерін 
жалғастырып,  тағы  да  тың  жол-дар  іздеу, 
классикалық  педагогиканың  озық  үлгілерін  жаңа 
заман  талабына  сай  дамыта  оты-рып  еңбектену 
жалғаса бермек. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  ту-ралы» 
Заңында  [1],  ҚР  білім  беру  жүйесінің  даму 
Тұжырымдамасында  [2]  еліміздегі  сапа-лы  білім 
беруді 
дамытудың 
бір 
тармағы 
білімді 
ақпараттандыру  болып  табылады.  Ақпараттық 
технология    -    ақпараттық  ресурстарды    пайдалану 
үдерісіндегі 
еңбек 
шығынын 
азайту 
және 
ақпараттың  сенімділігін,  жылдамдығын  арттыру 
үшін  технологиялық  үдерістермен  біріктірілген, 
ақпараттарды 
жинауды, 
сақтауды, 
өңдеуді, 
шығаруды,  таратуды  қамтамасыз  етуші  әдістердің, 
өндірістік үдерістер мен бағдар-ламалық техникалық 
құралдардың жиынтығы. 
Бүгінде  қоғамдық  өмірдің  түрлі  салаларын-да 
ақпараттық 
технологияға 
қатысты 
көптеген 
анықтамалар берілген. Бірқатар ұғымдарды сара-лай 
келе  білім  беру  және  оқыту  саласына  қатысты 
ақпараттық  технология  деп  компьютерлік  техника 
мен өзге де ақпараттық-коммуникациялық құралдар 
арқылы  адамның  білім  алу  және  оқу  қызметін 
қамтамасыз  ететін  ақпараттық  қызмет  көрсету  түрі 
деген  анықтама  жасауымызға  бо-лады.  Әрбір 
оқытушыға  ақпараттық  технология  жүйесінен 
ақпаратты  іздестіру  құралы,  оны  өңдеу  әдісі 
ажыратылуы  қажет.  Осы  жағдайда  ақпараттық 
құралдар техникалық және  бағдарламалық деп екіге 
бөлінеді.  Мұның  техникалық  құралдарына  аудио-, 
бейнеқұралдар,  компьютерлік  техника,  офистік 
техника, 
байла-ныс 
құралдары, 
телекоммуникациялық  желілер  және  т.б.  жатса,  ал 
бағдарламалық  құрал-дарға  техникалық  құралдарды 
қамтамасыз 
етуші 
бағдарламалар, 
әмбебап 
бағдарламалық өнімдер, электронды оқу құралдары, 
модельдеу бағдарламалары жатқызылады [3]. 
Қазіргі  таңдағы  өзекті  мәселе  -  компьютерлік 
техникалық      құралдарды      оқыту      процесінде 
пайдаланудың 
тұжырымдамасы, 
компьютермен 
өткізілген  сабақтарды  ақпараттандырумен  қатар, 
әдістемелік  құралдар  жасау.  Қазіргі  кездегі 
компьютерлік  технологияның  даму  деңгейі  дәуірдің 
телекоммуникация 
мүмкіндіктері 
мен 
артықшылықтарын  көрсететін,  толыққанды,  сапалы 
және  бәсекеге  түсуге  қабілетті  білімді  қамтамасыз 
ететін нақты алғы шарттары болып табылады. 
ХХІ  ғасырда  адам  қажеттілігін  қанағат-тандыру 
үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді 
шешу  көзделіп  отыр.  Олар:  білім  сапасын  көтеру, 
компьютерлендіру,  Интернет,  компьютерлік  желі, 
электронды  және  телекоммуникация,  электронды 
оқулықтар  даярлау.  Бұлар  білім  алушылардың 
қазіргі  заман  талабы-на  сай  білім  алуына,  білім 
сапасын  көтеруге  әсер  етеді.  Жаңа  электронды 
оқулықтардың  дүниеге  келуімен  берілетін  білім 
мазмұны  да  өзгеретіні  сөзсіз.  Болашақта  әр  білім 
алушы компьютерлік технология арқылы, Интернет, 
электронды  пош-та  арқылы  дүниежүзілік  білім 
әлеміне  еніп,  онда  өзінің  қажетін  өтейтін  білімді 
толығымен  алуға,  қажетті  ақпараттық  мәліметтерді, 
ғылым  саласына  байланысты  озық  тәжірибелерді, 
осы  мәселенің  шетелдегі  жағдайымен  танысуы-на 
толық  мүмкіндік  туады.  Мұның  өзі  оқыту 
үрдісіндегі жаңа тенденция екенін көрсетеді. 
Жалпы  білім  саласында  педагогикалық  техно-
логия ұғымы бүгінгі күні оқыту аясына тұрақты еніп 
болды. 
«Педагогикалық 
технология» 
де-ген 
ұғымның  эволюциясы  туралы  тарқатып  айтар 
болсақ,  алғашқы  кезең  -  ХХ  ғасырдың  40-50 
жылдарын 
қамтиды. 
Мұнда 
«Білім 
беру 
технологиясы» термині, негізінен, оқыту ба-рысында 
қолданылатын  көру-есту  құралдарын  білдірді. 
Екінші  кезең  -  ХХ  ғасырдың  50-60  жылдары.  Бұл 
кезеңдегі  «білім  беру  техноло-гиясы»  дегеніміз 
программалап  оқытуды  та-нытатын  еді.  Үшінші 
кезең - ХХ ғасырдың 70-жылдарын қамтиды. Мұнда 
бұл  термин  ал-дын  ала  айқын  белгіленген 
мақсаттарға  жету  үшін  ұйымдастырылған  жобалық 
оқу процесін білдіретін болды. Төртінші кезең  - ХХ 
ғасырдың 80-жылдарынан бастап, осы кездегі «білім 
беру  технологиясы»  оқыту  үдерісінде  компьютер 

Г. С. Толықбаева 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
218 
ISSN 1563-0242 
мен ақпараттық құралдарды  пайдалану барысын  та-
нытады. 
Батыстық  білім  беру  кеңістігін  жасау  жоғары 
білімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  проб-
лемасын  өзектейді.  Сонымен  қатар  ақпараттық 
технологиялардың  аса  жоғары  қарқынмен  да-муы 
мұғалімнің  кәсіби  іс-әрекетін  өзгертуді,  яғни 
болашақ  мұғалімдердің  өз  қызметінде  жаңа 
ақпараттық 
технологияларды 
қолдана 
білуге 
дайындығы  мәселесін  алға  қойып  отыр.  Сондықтан 
педагогикалық  мамандықта  білім  алып  жатқан 
студенттердің  ақпараттық  техноло-гияны  меңгеруге 
дайындығы 
ақпараттық 
қоғам 
талаптарының 
көкейкесті  проблемаларының  бірі  ретінде  өте 
маңызды. 
Жаңа  дәуірде  еліміздің  білім  беру  саласын-да 
жаңа  ақпараттық  технологияларды  меңгерген 
мамандарға  деген  сұраныстың  артуы  және  оларды 
даярлаудағы  кәсіптік  әрі  ақпараттық  білімділігі  мен 
қабілеттілігі,  біліктілігінің  қазіргі  талаптарға  сай 
болуы  өте  үлкен  маңызды  жұмыстарды  атқаруды 
талап  етеді  және  болашақ  педагогтардың  кәсіби 
даярлығын  білім  беру  стандарттарына,  білім 
мазмұнына  сай  жетілдіру  көкейкесті  мәселе  болып 
отыр. 
Негізінен  көптеген  зерттеушілердің  еңбек-
терінде  ақпараттық  ортаның  даму  тенденция-сына 
көңіл  бөлінеді,  сонымен  қатар  бірдей  ақпараттық 
орта  шекарасыз,  интеллектуалды  және  ақпараттық 
адам  ресурстарын,  бірінші  рет-те,  ауқымды  білім 
базасын  құру  қарастырылады.  Бұл  өзіндік  білім 
алуға  шектеусіз  мүмкіндігі  бар  ақпараттың  болуын 
қамтамасыз етеді. 
Жоғары 
оқу 
орындарында 
оқу 
үдерісін 
ақпараттандыру және коммуникация құралдары-мен 
қамтамасыз  ету  болашақ  мұғалімнің  кәсіби-
дидактикалық 
құзіреттілігін 
қалыптастыруда 
маңызды  болып  табылады.  Оқытудың  компью-
терлік  технологиясы  -  педагогикалық  оқыту 
технологиясының  құрамдас  бір  бөлігі.  Компью-
терлік  технология  белгілі  бір  педагогикалық 
технологияның  оқу  үдерісіне  енгізілуіне  қолайлы 
жағдай  жасап,  студенттердің  оқуға  деген  ынта-сын 
арттыруға,  оқу  үдерісін  тиімді  басқаруға  мүмкіндік 
береді. 
Жаңа  ғасырдағы  адамзат  «бесінші  ақпарат-тық 
революцияны  басынан  өткерумен  қатар,  түрлі 
ақпараттық-коммуникациялық 
желілердің 
қалыптасуы  мен  дамуына  байланысты  ол  жүйенің 
әрбір үйге еніп, әрбір адамға, жалпы халықтарға әсер 
етіп  отырғанынан  хабардар.  Сонымен  қатар 
бағдарламалық-техникалық  құралдардың,  байланыс 
және  телекоммуникация  құралдарының,  ақпараттық 
қорлар  не-месе  білім  қорының  бірдей  ақпараттық 
және 
телекоммуникациялық 
инфрақұрылымы 
ретінде  бір  ақпараттық  кеңістікте  интеграциялануы 
бүгінгі  білім  беру  жүйесінде  жаңа  философиялық 
қатынастың қажет етіп отырғанын заман талабы деп 
санаймыз. 
Бүгінгі  күнге  дейін  технология  ұғымы  тек  қана 
өндіріс  пен  өнеркәсіп  салаларына  байланысты 
қолданылып,  нақты  бір  өнім  түрлерін  шығарудың 
түрлі  амал-тәсілдерінің  өзара  байланысқан  жүйесін 
құрады.  Ал  білім  мен  ғылым  саласын-дағы 
ақпараттық 
үдерістерге 
қатысты 
ақпарат-тық 
технология  қазіргі  компьютерлік  және  басқа  да 
техникалық  құралдардың  негізінде  ақпаратты 
жинақтау,  тарату,  жинау,  өңдеу,  сақтау,  беру  мен 
қолданудың  әдістері  мен  тәсілдерінің  жүйесі  болып 
табылады.  Ақпараттық  үдеріс-тердің  әртүрлілігіне 
байланысты  оны  жинау,  тарату,  жинақтау,  өңдеу, 
көрсету  мен  қолдану  технологиялары  да  сан  түрлі 
болып  келеді.  Нақты  бір  ақпараттық  технологияны 
іске  асыру  үшін  қажетті  техникалық  құралдардың 
кешені, кешенді техникалық құралдардың жұмысын 
қамтамасыз  ететін  сәйкес  бағдарламалар  кешені, 
белгілі бір басқару функциясының аясындағы нақты 
ақпараттық  кешендердің  пайдаланылу  нысанына 
сәйкес 
барлық 
техникалық 
құралдар 
мен 
қызметкерлердің 
жұмыстарын 
біріктіретін 
ұйымдастырушылық  әдістемелік  қамтамасыз  етілуі 
секілді бірқатар алғышарттары орында-луы керек. 
Білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңі - 
оқытудың  дәстүрлі  түрінен  жаңа  педагогикалық 
технологияға  ауысатын  өтпелі  кезең.  Дарыны-мен 
ерекшеленген  білім  алушыларға  неғұрлым  жайлы 
орта жасайтын және әр тұлғаның даму мүмкіндігінің 
оқыту  жүйесін  құруға  берік  негіз  болатын 
технологияларды  басты  тірек  етіп  алу  керек. 
Сондай-ақ  жаңа  педагогикалық  тех-нологияларды 
дамыту  мен  қолдану  -  дербес  компьютерлер  мен 
телебайланыс 
жүйелерінің 
мүмкіндіктерімен 
байланысты.  Компьютерден  хабары  бар  білім 
алушының  логикасы  жақсы  дамиды.  Ақпараттық 
технологияны  пайдалану енді-енді қалыптасып  келе 
жатқаны  рас.  Ком-пьютермен  өткізілген  әрбір 
сабақтан соң білім алушы тест, бақылау жұмыстары 
арқылы  өз  білімдерін  бекітеді.  Ол  өз  білімін  өзі 

Г. С. Толықбаева 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
219 
ISSN 1563-0242 
тексере  ала-ды.  Бұдан  соң  білім  алушының  өз 
бетінше  оқуға  қызығуы  артады,  өз  білімін  көтеруге 
ұмтылады. 
Сонымен  қатар  компьютерлер  арқылы  түрлі 
суреттер,  бейнекөріністер  көрсетіп,  ды-быс  пен 
музыка  тыңдауына  да  болады.  Қазіргі  ақпараттар 
ағыны  дәуірінде  оқушы  одан  ха-бардар  болуы  тиіс. 
Компьютер 
көмегімен 
олар 
электронды 
кітапханаларға  шыға  ала-ды,  электронды  кітаптар 
оқиды, 
электронды 
беттерді 
парақтайды. 
Компьютермен жұмыс жасау тек мамандандырылған 
пәндерде  ғана  емес,  психологиялық-педагогикалық, 
гумани-тарлық 
пәндерде 
де 
қолданылады. 
Сондықтан  студенттерді  ақпараттық  технологияны 
қол-дануға даярлау дәріс, практикалық және лабора-
ториялық  сабақтарда,  студенттердің  өз  бетімен 
жұмысында, 
педагогикалық 
практика 
кезінде 
үздіксіз жүргізілуі тиіс. 
Еліміздегі  білім  мен  ғылым  саласын-да 
оқытудағы 
ақпараттық 
технологияларға 
коммуникацияның  техникалық  құралдары  мен  осы 
салада  қолданылатын  цифрлық  технология  арқылы 
жеткізілетін  барлық  хабарларды  жатқызуға  болады. 
Коммуникативтік  техно-логиялар  білім  алушыға 
ғана  емес,  сонымен  қатар  білім  берушіге  де  әсер 
етеді.  Сондықтан  да  ақпараттық-коммуникациялық 
технология-ны  оқу  үдерісінде  қолдануды  сол 
технология-ны  жан-жақты  тану  арқылы  ғана  тиімді 
іске асыруға болады. Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның  оқыту,  тәрбиелеу  және  да-мыту 
үдерісінде  қолданудың  маңызы  зор.  Оқыту  құралы 
ретінде  оқу  үдерісінің  әртүрлі  кезеңдерінде 
қолдануға болады: мотивациялық кезеңде теледидар 
және 
бейнематериалдар 
түрлі 
дискуссия 
ұйымдастыруда,  оқушының  эмоциялық  күйін 
көтеруде  т.б.  қолдануға  бо-лады.  Ал  ақпараттық 
кезеңде  оқытушының  ақпаратына  қосымша  реңк 
беруде  қолданылса,  бақылау  мен  бағалауда 
студенттердің 
өз 
бетінше 
орындайтын 
тапсырмалардың көзі ретінде пай-даланылады. 
Интернеттің  кез  келген  тұтынушысы  кез-
дестіретін  проблемалардың  бірі  -  ақпаратқа  қол 
жеткізу  проблемасы.  Ол,  ең  біріншіден,  ақпарат 
көлемінің өте толықтығынан көрініс табады. Қазіргі 
уақытта интернет ресурстарын пайдалану оқытудың 
дәстүрлі  түрінен  жаңа  педагогикалық  технологияға 
ауысу  және  технологиялық  процестерді  негізінен 
өзгерту  фактісінің  бар  екенін  жоққа  шығармайды. 
Жалпы қоғам да-муы мен жаңа технологияны енгізу 
сапалылығы  елдегі  білім  беру  ісінің  жолға 
қойылғандығы  мен  осы  саланы  ақпараттандыру 
деңгейіне  келіп  тіреледі.  Экономикасы  күшті 
дамыған  елдердің  тәжірибесі  білім  беру  жүйесін 
ақпараттандыру 
экономика, 
ғылым 
және 
мәдениеттің  қарқынды  дамуының  негізгі  кілті 
екендігін  көрсетіп  отыр.  Ендеше  қазіргі  заманның 
ақпараттық технологи-ясын игеруге міндеттіміз. 
Бүгінгі  күннің  ғаламдық  ғылым  бәсекесінің 
талабына  сай  жаңа  ақпараттық  технологияларды 
экономикалық  білім  беру  үрдісінде  қолданудың 
басты  мақсаты  -  білім  алушылардың  пәнге  деген 
қызығушылығын,  белсенділігін  арттыру  арқылы 
интеллектуалдық 
қасиеттері, 
экономикалық 
құбылыстарды  сезіну  қабілеті,  оларды  тануы, 
экономикалық  теорияның  түсініктерін  игеруі,  оны 
практика  мен  экономикалық  өмірде  бағдар  ұстана 
білуге үйрету. 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технология 
бойынша білім берудің бірінші  принципі  -бұл оның 
әмбебаптылығы.  Бұл  жүйе  оқытудың  компьютерлік 
желілік 
технологиясы 
ретінде 
кең 
түрде 
қарастырылады:  біріншіден,  жүйенің  осы  қасиеті 
оқушылардың  өздік  жұмысты  орындау  тиімділігін 
арттырудың  және  оған  белсенділік  танытудың 
қуатты құралы, екіншіден, кез келген пәнді оқытуда 
бұл  жүйенің  өрісі  өте  кең  бо-лып  табылады. 
Үшіншіден,  бұл  жүйе  қазір  бізге  белгілі  болып 
отырған кез келген компьютерлік оқытудың әдістері 
мен 
технологияларды 
қол-данудың 
барша 
мүмкіндігін  береді:  оқыту  және  аттестациялық 
тестілеу,  электрондық  оқулықтар,  сөздіктер  мен 
анықтамалар,  виртуалды  зертха-налар,  ассинхронды 
және синхронды қарым-қатынас құралдары [4]. 
Екінші  принципі  -  бұл  жүйенің  ашықтығы. 
Программалау  және  басқа  да  компьютерлік 
технологиялардан  хабары  жоқ  кез  келген  білім 
алушыға кез келген пәндерді оқуға мүмкіндік береді. 
Үшінші принципі - бұл стандартты желі құралдарын 
қолдану  және  әмбебап  кіріктірілген  мәліметтер 
базасы негізінде жүйені құрастыру болып табылады. 
Осындай  үш  принципті  қамтитын  ақпараттық 
есептеу  техникасы  мен  компьютерлік  жүйелер 
құралдарын  қолдану  арқылы  жүзеге  асатын  білім 
беру  технологиясы  білім  берудің  ақпараттық  және 
коммуникациялық  технологиясы  деп  аталады. 
Мультимедиа  тех-нологиясы  компьютерді  тең 
дәрежедегі әңгіме-дүкен құрушыға айналдырып қана 
қойған  жоқ,  білім  алушыға  аудиториядан  (үйден) 

Г. С. Толықбаева 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
220 
ISSN 1563-0242 
шықпай-ақ  үлкен  ғалымдар  мен  педагогтердің 
дәрістеріне  қатысуына,  өткен  және  қазіргі  тарихи 
оқиғаларға  куә  болуына,  әлемнің  ең  белгілі 
мұражайлары  мен  мәдени  орталықтарына,  жер 
шарының  ең  алыс  және  қызық  түкпірлеріне  сапар 
шегуіне мүмкіндік жасады. 
Телеканалдық  технологиялау  білім  алушы-лар 
мен  оқытушылар  үшін  жаңа  мүмкіндіктер  ашты. 
Жүргізілген  мониторингтік  бақылаулар  бойынша, 
компьютерлік  жүйемен  жұмыс  білім  алушылардың 
әлеуметтік  қоғамның  мүшесі  болу  қажеттілігін 
арттыра  түскені,  телекоммуникациялық  байланыс 
арқылы  білім  алушылардың  жақсарғаны,  олардың 
оқуға  деген  қызығуының  артқаны,  үлгерімдерінің 
біршама жоғарылағаны байқалады. 
Ақпараттық-коммуникациялық  техноло-гиялар, 
ЮНЕСКО-ның  анықтамасы  бойынша,  ақпаратты 
өңдеу  және  сақтаумен  айналысатын  адамдардың 
еңбегін тиімді ұйымдастырудың әдістерін зерттеуші 
өзара 
байланысқан 
ғылыми 
технологиялық 
пәндердің  кешені  ретінде,  тілді  оқыту  әдістемесін 
құраушы маңызды компоненті бола алады. 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технология-
ларды  пайдаланудың  негізгі  артықшылықтары 
мынадай: 
1.
 
Олар 
білім 
алушыларға 
тақырып 
шеңберінде  немесе  белгілі  бір  уақыт  аралығында 
айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. 
2.
 
Білімге  бір-бірінен  үлкен  ара  қашықтықта 
орналасқан  әр  түрлі  оқу  орнында  отырып  қол 
жеткізуге болады. 
3.
 
Оқыту  жүйесінің  көп  деңгейлі  жетілдірілуі 
олардың  таралымдалуы  мен  оқу  материалының 
сапасын арттырады [5]. 
Жоғары 
оқу 
орындарында 
гуманитарлық 
пәндерді  мультимедиалық  оқытуда  қолданыла-тын 
құралдар  біз  жоғарыда  атап  өткен  ақ-параттық 
технологиялар  жүйесімен  оқыту  қағидаларына 
сәйкес 
айқындалады. 
Пәндерді 
ақпараттық 
технологиялар жүйесімен оқыту үдерісіне енгізілген 
мультимедиалық,  теледи-дарлық,  компьютерлік  оқу 
құралдары  арқылы  оқу  материалының  білім 
алушылар  тарапы-нан  игерілуі  екі-үш  есе  артатыны 
айқындалды.  Оған  әсер  ететін  басты  фактор 
синкретикалық  оқытудың  іске  асуы  екендігі 
анықталды.  Яғни  білім  алушы  үшін  бір  мезгілде 
мате-риалды  көру,  есту,  арқылы  қабылданып,  ол 
материалдың  кез  келген  мезетте  қайталануына 
мүмкіндіктің  болуы  және  интерактивті  режим-дегі 
білім 
алушының 
оқу 
қызметінің 
ұйым-
дастырылуының жүзеге асуы. 
Еліміздегі  оқытушы  ұстаздардың  ақпарат-тық 
іскерліктерін  дамыту,  оқу  үдерісінде  ақ-параттық 
технологияны  қолдануға  даярлау туралы  мәселелері 
бірқатар  ғалымдардың,  атап  айтқанда,  Ж.Ж. 
Жаңабаев,  Г.О.  Тәжіғұлова  және  т.б.  ға-лымдардың 
кітаптарында кеңінен талданады. 
Дегенмен  білім  беру  мен  ғылымды  дамыту 
жүйесінде  білімділік  және  ақпараттық  техноло-
гияларды  іс  жүзінде  үйлестіре  қолдануда  бірқатар 
кемшін  тұстары  да  жоқ  емес.  Сонымен  қатар 
ақпараттық  технологияның  тез  жаңаруы  мәселені 
қиындата  түседі.  Жағдайды  жақсарту  үшін  білім 
беру  технологиялары  мен  ақпараттық  қарым-
қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда 
педагог  өзі  білетін,  жақсы  меңгерген,  бейімделген 
техникалық  құралдарды  сабақта  тиімді  қолданады. 
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы 
жасалып  жатқан  оқыту  процесі  оқушының  жаңаша 
ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік 
байланыстар  мен  заңдылықтарды  табуға  итеріп, 
нәтижесінде  -  өздерінің  кәсіби  потенциалдарының 
қалып-тасуына жол ашуы керек. 
Қорытындылай  келе,  жоғары  оқу  орын-дарында 
оқу  үрдісінде  жаңа  ақпараттық  тех-нологияны 
пайдалану  білім  алушы  оқушы,  студенттердің 
шығармашылық  жұмысының  өнімділігін,  білім 
сапасын  көтеруге  өз  ықпалын  тигізетінін  айтқымыз 
келеді.  Дегенмен  естен  шығармау  қажет,  қандай 
озық  технология  бол-масын  оқытушының  орнын 
баса  алмайтыны  ақиқат.  Жаңа  дәуірде  білім 
жүйесіне  жаңа  формат,  құрылым  жасау  үшін 
телекоммуникация  жүйелерімен  толықтырылуы 
қажет-ақ,  сондай-ақ  білім  үрдісіне  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  үйлестіруде 
білікті мамандар-дың ат салысқаны абзал. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет