Е. Т. Шертаев 2022ж. «Автоматтандырылған басқару жүйелері»


Оқу сабақтарын өткізу нысандары



бет9/12
Дата03.01.2023
өлшемі100,71 Kb.
#60312
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Силлабус-САУ -2022 каз111

2. Оқу сабақтарын өткізу нысандары:
Дәрістер: онлайн-форматта, бейне-дәрістер, тренингтер, қонақ лекциялары, вебинарлар, бейнеконференциялар, белсенді интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы, дискуссиялар, университеттің ПОҚ және ҚР жетекші жоғары оқу орындары мен шетелдік жоғары оқу орындары әзірлеген ЖАОК.
Лабораториялық сабақтар: виртуалды зертханалық жұмыстар, зерттеу, эксперименттік, зертханалық жұмыстарды жеке орындау, зертханалық жұмыстарды топтық орындау, кәсіпорындардағы сабақтар, далалық зерттеулер және т.б.
Практикалық сабақтар: стартаптарды, жобаларды әзірлеумен практикалық-бағдарланған тәсіл, практикалық жағдайларды талдау (case-study), виртуалды практикалық тапсырмаларды орындау және т.б.
СӨЖ тапсырмаларына жатады: лекция конспектілерін құрастыру, есептерді шешу, бақылау жұмыстарын орындау, глоссарий, эссе, реферат, портфолио жазу, презентациялар дайындау және т.б. *СӨЖ тақырыптары СӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқауларда берілген.
3.1. Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімдерін бақылауды қамтиды: лекциялардағы сұрау, практикалық сабақтарындағы сұрау және сабақ айту, үй тапсырмасын орындау, лабораториялық жұмыстарды орындау және қорғау, СӨЖ қорғау.
3.2. Аралық бақылау коллоквиумдарды тапсыру, ауызша сұрау жүргізу, жазбаша жұмыстарды, тест тапсырмаларын қорғау және т.б. үлгілер. (оқытушының қалауы бойынша).
4.1. Оқытушының талаптары
4.1.1. Студент өз бетінше және уақытында тапсырмаларды орындауға міндетті, тізімі мен санын пән бойынша кредиттер санына сәйкес кафедра анықтайды.
4.1.2. Дедлайнның бұзылуымен тапсырылған тапсырмалар белгіленген бағадан 20% төмен бағаланады.
4.1.3. Сабаққа қатаң түрде кесте бойынша қатысу.
4.1.4. Ауырған жағдайда сабақта болмағаны үшін анықтама ұсыну.
4.1.5. Жіберілген сабақтарды студент кафедрада бекітілген ОСӨЖ кестесі бойынша тапсырады.
4.1.6. Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау.
4.1.7. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда оқытушы студентті аудиториядан шығарады (онлайн сабақтар кезінде – студентті осы сабақтан блоктайды) және сабақтан себепсіз қалу фактісін тіркейді.
4.1.8. Академиялық адалдық ережелерін сақтау: жазбаша жұмыстарды ұсыну кезінде плагиатқа, көшіріп алу және алдаудың өзге де түрлеріне жол бермеу.
4.1.9. Жазбаша емтихандарда плагиатқа тексеруден өтпеген жауаптар есептелмейді, бұған қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет