Айына 500. 000 теңге табуға мүмкіндік беретін



Pdf көрінісі
Дата09.06.2023
өлшемі207,6 Kb.
#99963
Байланысты:
2021 жылғы айына 500



2021 жылғы
айына 500.000 теңге
табуға мүмкіндік беретін
мамандықтар


Сәлем, байланыста Қуаныш Шонбай. Дәл осы чек - листті
оқып отырсаңыз, бизнес бастауға және оны дамытуға
қызығасыз. Бірақ кез келген бизнесті жүйелеп, сол арқылы
мол қаражат табу үшін әрбір істі өз саласының маманына
тапсырып үйрену керек. Ал сіздің бизнесіңізді жүйелейтін,
барлығын өз ретімен орындайтын маман деген кім?
Олардың нишалары қандай? Дәл осы сұрақтың жауабын
осы чек-лист арқылы білетін боласыз. 
Сәттілік!


САЙТ ЖАСАУ МАМАНЫ
2021 жылы кодсыз-ақ кез келген бизнес түріне арналған landing
page жасайтын мамандар сайт жасау мамандары деп аталады.
Бұл мамандардың код арқылы сайт жасайтын мамандардан ең
басты айырмашылығы - жылдамдық. 1-3 күн аралығында кез келген
кәсіп түріне арналған сайт жасау мамандары айына орташа есеппен
кемі 150 000-200 000 теңге аралығында табыс табады. Ең бастысы,
сайт жасау мамандарының жұмысы нақты бір мекенге, уақытқа,
адамға тәуелді емес. Әлемнің кез келген нүктесінде отырып жұмыс
жасай алады. Ең бастысы, интернет пен ноутбук болса жетіп жатыр.
Бұл мамандардың қызметі жасалатын сайттың күрделілігіне
байланысты. Нарықтағы 1 сайттың құны орташа есеппен
20 000 теңгеден басталады. 
Адамдар теледидарға қарағанда телефонда көбірек уақыт өткізетін
заманда әлеуметтік желі арқылы өз ойын жеткізу, блог жүргізу мен
бизнес жасау трендте. Дәл осы тұста өнімді немесе қызметті
жарнамалап, оны халыққа түсінікті жеткізу үшін сатылым мәтіндерін
жазатын маман копирайтер деп аталады. Яғни копирайтердің
міндеті сатылым мәтіндерін жазудан бастап, сайттың мәтіндері,
чек - листтер, гайдтар, кітапшалар жазуға жалғасады. Копирайтерлер
айына орташа есеппен кемі 100 000-150 000 теңге табады. Ал
олардың бір мәтінінің құны жұмыстың ауқымына байланысты.
Жазатын мәтіннің ауқымы мен кұрылымы қиындаған сайын ақшасы
да өсе береді. 
САЙТ ЖАСАУ МАМАНЫ


МОБИЛОГРАФ
Қолыңыздағы смартфонды сіз инстаграмға кіру үшін, достарыңыздан
келген кезекті бір күлкілі картинаны көру үшін ғана қолданып
жүргеніңізде біреулер сол арқылы айына кемі 200 000 теңге тауып
жүр. “Қалай?” деп ойласаңыз түсіндіріп берейін. Мобилограф - тек
қана телефонның көмегі арқылы сатылым әкелетін видеолар мен
фотолар түсіріп ақша табатын креативті мамандар. Бұл мамандардың
ең басты қаруы - телефон мен жылдамдық. Артық техникаларсыз,
тез арада видео түсіріп, монтаждап беру олардың ерекшелігі.
Мобилографтар әртүрлі форматта видео түсіреді. Мысалы: action,
динамика, stop motion, fashion, жарнамалық видеолар. Нарықтағы 
мобилографтар түсіретін видеоның орташа бағасы 15 000-50 000
теңге.
Марк Цукерберг пен оның адамзат баласына сыйлаған үлкен
туындысы Facebook жайлы ең көп ақпарат білетін маманды
таргетолог деп атайды. Нақтырақ айтсам, таргетолог белгілі бір
аудиторияға бағытталған жарнаманы жіберетін маман. Таргетолог
мамандар айына орташа есеппен 100 000-150 000 теңге табыс
табады. Таргетолог болу үшін базалық білім мен ноутбук, интернет
қажет. Сіздің google, yandex, instagram, facebook әлеуметтік
желілерден көретін барлық жарнамаларыңызды басқарушы дәл
осы таргетолог.
ТАРГЕТОЛОГ


САТУ МАМАНЫ
Сату маманы - қызмет көрсету саласында жұмыс жасайтын адам.
Адамзат баласы пайда болған сәттен бастап сауда-саттық пен үнемі
сату мамандары, саудагерлер болған. Олар уақыт өткен сайын
формасы мен жұмыс жасау стилін ғана ауыстырды. Олардың басты
мақсаты - сатып жатқан өнімі мен қызметін халыққа дұрыс ұсыну.
Нарықтағы сату мамандарды ай сайын шамамен 100 000 - 150 000
теңге табыс табады.
Графикалық дизайнер - қашан да сұраныста болып келе жатқан
маман. Нарықтың үлкеюмен қоса бұл мамандарға да сұраныс күн
сайын артып жатыр. Графикалық дизайнер дегеніміз баннерлер,
анимациялық видеолар, видеоларға арналған обложкалар
жасайтын маман. Әдетте бұл мамандар Pearl, Java, Adobe photoshop
қосымшаларымен жұмыс жасайды. Ең қызығы, графикалық
дизайнерлер өз тәжірибесіне және жұмыс істеу ұзақтығына қарай
3 топқа бөлінеді. Олар: junior, middle, senior. Өзіңіздің командаңызға
графикалық дизайнер алатын уақытта немесе тапсырыспен кезекті
рет баннер жасататын уақытта оның қай дәрежедегі маман екенін
сұрап алыңыз. Junior - енді бастап келе жатқан графикалық
дизайнер, middle - практик графикалық дизайнер, senior - ең
жоғары дәрежедегі графикалық дизайнер. Бұл мамандар шамамен
айына кемі 150 000 - 200 000 теңге табады.
ГРАФИКАЛЫҚ ДИЗАЙНЕР


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет