Еббқ адамдарға қоғамдық қатынастың модельдері



бет1/2
Дата23.09.2024
өлшемі6,06 Mb.
#145289
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
6 дәріс


ЕББҚ адамдарға қоғамдық қатынастың модельдері
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғам көзқарасы өзгерген сайын оларға әлеуметтік көмек көрсетудің қолайлы түрлерін іздеуге мүмкіндік тудырады. Әлеуметтік көмек мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекетгік-әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Жәбірленген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамына кіреді.
ҚР "Білім туралы" Занындағы 6 бапқа сәйкес білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті- дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету. Ал білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктері бойынша даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедек балалар әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатына кіреді. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылай шағыстарын толық немесе ішінара өтейді. Әлеуметік көмектің мөлшерін, көздерін және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Әлеуметтік тексеру - тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, дене кемтаршылығына, жинақтылығы, әдеттегі қызметпен айналысу қабілеті, экономикалық дербестігі мен қоғамға кірігу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтайды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ұзақ уақыттық экономикалық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік және экономикалық көмек көрсетіліп отырады.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет адамның өмірлік жағдайларымен, экономикасымен және саясатты тығыз байланысты.
Әлеуметтік бейімдеу - нысаналы әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеру мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.
Әлеуметтік жұмыс - жекеленген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет