Әбдісәмет Диана жхм-912 Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар


Жүсіп Баласағұн – “Құтты білік” еңбегінің тәрбиелік мәні



бет2/4
Дата07.01.2022
өлшемі51,33 Kb.
#17392
1   2   3   4
Байланысты:
Әбдісәмет Диана этнопед4

Жүсіп Баласағұн – “Құтты білік” еңбегінің тәрбиелік мәні

Үшінші, Орта ғасырлық ғұлама ғалым, ойшыл ақын, Юсуп Баласағұн 1015-1016 жылдары қазыргі Жетісу өлкесіндегі Шу өзенінің жағасында Қарахан әулеттері мемлекетінің орталығы болып саналатын Баласағұн (құз,орда) шаһарында өмірге келген. Ол 1069-1070 жылдары 54 жасында Қашқарияда бітірген еңбегін түрікше “Құдатғу білік” деп атаған. Кіріспеде автор “оқушыға бұқл еңбек құт әкелсін, өмір жолына меңзесін” деген мақсат қойған. Еңбек өлең түрінде жазылған. Философиялық ой толғаныстарына құрылған. Шығарманың композициясы ел басқарып отырған патша Күнтуды мен уәзірі Айтолды арасындағы диалогқа (сұрау-жауапқа) құрылған. Ел билейтін Күнтудың сөзі әділдікті, шындықты жақтаушы ақылды патшаның символы болып келсе, ал уәзір айтолды бейнесінен бақ-дәулеттің символын байқаймыз. Шығарманың әр тарауы белгілі бір моральдық, этикалық, философиялық мәселені сөз етеді, “құтты білік” дастаны Қарахан әулеті үстемдік құрып келген орта ғасырдағы аса маңызды қоғамдық-саяси мәселелерге арналған. Жүсіп Баласағұн мемлекет пен патшаның, әкімдер мен қарапайым халықтың, патша сарайы қызметкерлерінің қарым-қатынасы туралы оқырманға ой салады. Мемлекет басқарушы жандар бектерді сол кездегі хан сарайында кең жайылып етек алған парақорлық пен маскүнемдіктен, ләззатқа берілушіліктен сақтандырады.

Бек–ішкілік ішпейтін,

Біреуге жаманшылық ойламайтын,

Адал кісі болуы керек.

Бұл екі қылмыстан қашан да құт қашады, -дейді.

Мемлекеттің күш-қуатын нығайтып, ұлыстар мен кенттерді гүлдендіру үшін, әкімдікті нығайтып, елдің дәулетін арттыру үшінхан айналасында халық қамын жайтін, әділдікті жақтайтын, ақылды көмекшілер болуы керек дегенді мегзейді. Ақын уәзір мен әскербасы қандай адам болу керектігін сипаттап береді. Ақын ел билейтін әкімге қарап: “Ей, әкім, халықтың сенде үш түрлі ақысы бар, сен сол ақасын төле, сөйтіп, өз жаныңа жәбірлік жасама. Оның бірі–ақшаның нарқын көтеру, екіншісі ел сенетін берік және әділ заң шығару, үшіншісі–елді қарақшылардан, кісі өлтірушілерден сақтай білу.”

Жүсіп Баласағұнидің ғалымдық, ұстаздық, ақындық еңбектерінен бізге жеткені “Құтадғу біліг” (“Құтты білік”) дастаны. Дастан 6520 бәйіттен (екі жолды өлеңнен) тұрады. Бұл кітап бүкіл түркі тілдес халықтарға түсінікті ортақ тілде жазылған. “Бұл дастан – мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік нұсқаларын, қоғамдық – саяси мәні бір түрлі ережелер мен заңдарды, әдет – ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды” (Н.Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті, 1-том,159-бет). Кітап 1971

Жылы өзбек ғалымы Каюм Каримовтың анықтамасымен Ташкентте, 1986 жылы қазақ ақыны Асқар Егеубаевтың қазіргі қазақ тіліне келтіруімен Алматы қаласында жарық көрді.

“Құтты білік” дастанында (ол 85 тараудан тұрады), негізінен, төрт салада тәлімдік мақсаттар орындалады. Біріншіден, әрбір елді, яғни мемлекетті басқару үшін сол мемлекеттің қара қылды қақ жаратындай әділ заңы болу керек. Әділ заңды іске асыратын, мемлекеттің әділетті басшысы болу керек. Ақын әділетті басқарушының бейнесінде Күнтуды патшаны дастанда мадақтай жырлайды. Елді әділ заңмен әділетті басқару үшін елдің басшысы білімді болу керек дейді ақын.

Екіншіден, елге құт, ерге бақ-дәулет қону үшін әрбір адам адал еңбек ету керек, білімдіні құрметтеп, тірлік еткенмен бірлік құрып, іс істеген адам ретін тауып басшыға, үлкенге елге қымсынбай қызмет ете білген адам-бақытқа жетеді дейді ақын. Бақ- дәулетке жетудің үлгі-өнегесі дастанда Айтолды бейнесі арқылы беріледі.

Үшіншіден, адамның адамдығы оның ақыл-парасатымен бағаланады, ақылды адам әрқашан да ардақты, сыйлы, білімге құштар деп, ақын ақыл-парасаттың қоғамдық мәнін уәзірдің баласы Уғділміш бейнесінде көрсетеді. Төртіншіден, ел басшысынан бастап барлық адамда қанағат-нысап болу керек дейді ақын. Дүниеге тоймайтын қанағатсыз адам елді басқара алмайды, ал жай адамдар бақытты, байыпты өмір сүре алмайды. Қанағатшылдықтың өзі – ақылдылық деп түйеді ақын. Дастанда уәзірдің туысы Одгүрміш дәруіш арқылы ақын әрі ақылды, әрі іскер, әрі білімді адамның дүние қуып, мансап іздеуден аулақ қашып, өмірінің соңында дәруіш болып кеткенін суреттейді. Дастан каһармандарының сөздері, әңгімелері, хат алысулары арқылы данышпан ұстаз өсиет-уағыздарын, моральдық, этикалық, философиялық ой қисындарын оқырмандар қабілетіне шебер жеткізеді. “Ақын ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейінгі барлық хан сарайы қызметкерлерінің түр-сипаты, мінез-құлқы, ақыл-парасаты, міндеттері, жауапкершілігі қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады” … “Автор әңгімені әмірші патшаның өзінен бастайды. Ел- жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт. Білім мен өнерден құралақан жандар әділ билік жүргізе алмайтынын айтады” (Бұл да сонда). Бұл ретте Жүсіп Баласғұни әлемнің екінші ұстазы әл Фараби бабамыздың “Қайырлы қала” деген еңбегіндегі ел басқарушының, яғни әкімнің қандай болуы керек екендігі туралы қисынды тұжырымдарын жалғастырып, дамыта түседі.

Ақын ұлттық әдепке, әсіресе тіл әдептілігіне ерекше назар аударып:

Тіліңді бақ, басың аман болады,

Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады, –
деп, жақсы мінез-құлық, әдептілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тәлім тәрбиесіне байланысты болады да, оның көріністері әрбір адамның сөйлеу тілінен, дауыс ырғақынан байқалып қалады деген пікірді айтады. Әдепті адам мәнерлі, мәнді, сыпайы сөйлейді дейді.

Ақынның бәйіттері (Егіз ұйқасты екі тармақтан құралған немесе 4-6 тармақпен түйінделген өлең шумақтары) көркемдігі жоғары, әуезді, шешендік шеберлікпен жазылған. Ақынның әрбір бәйіті жеке бір тәрбиелік мақсаттарды орындайды:




  1. Өскен елді туған жерді ардақтау:

Өскен ұрпақ туған жердің бойында,

Өледі тек туған елдің қойнында.

(883-бәйіт)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет