жұмыскердің міндеттері: Еңбек міндеттерін еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;
Еңбек тәртібін сақтауға;
Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, тазалық талаптарын сақтауға;
Жұмыс барысында жұмыс берушіге мүліктік зиян келтірмеуге;
Еңбек қорғау ережесін, өрт қауіпсіздігі және жұмыс орнының тазалығына, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын орындауға;
Жұмыс берушінің коммерциялық құпияларына қатысты оған сеніп тапсырылған мәліметтерді жария етпеуге және берілген мүліктерге материалдық жауапты болуға;
Жұмыс берушінің талаптары мен мүдделеріне сәйкес әрекет етуге;
Осы шарт бойынша міндеттердің орындалуына байланысты Жұмыс беруші арқылы берілген мүліктерге толық материалдық жауапты болу туралы шартқа қол қоюға міндетті;
7.9. Адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін жағдайда хабарлауға;
8. Жұмыс берушінің құқықтары: 8.1. Жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
8.2. Жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы Еңбек Кодексінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
8.3. Өз өкілетттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
8.4. Жұмыскерден еңбек, ұжымдық шарттар тараптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларын және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
8.5. Еңбек Кодексінде белгіленген тәртіппен жұмыскерді көтермелеуге, оған тәртіптік жаза қолдануға, жұмыскерді материалдық жауаптылыққа тартуға;
8.6. Еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге;
8.7 Жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге.
8.9. Жұмыскерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге.
8.10. Шартқа сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге.