Еңбекті қорғау



бет1/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
treatise36891


Еңбекті қорғау


Тулепов М.И.

КІРІСПЕ

Химиялық зертханада жұмыс істеу қауіпті категориялар қатарына жатпайды. Ортағасырлық алхимиктердің уақытынан бастап, қазіргі күнге дейінгі ғылымның тарихында ауыр жағдайлар өте көп, зертханадағы жарылыс пен өрт салдарынан адам өлімі де кездеседі. Әрқашанда қауіп-қатер химиктың тұрақты серіктесі болып табылады.


Қазіргі уақытта химия ауылшаруашылығының кең дамыған саласының бірі. Қоғамның талаптары бір ғана энтузиастар мен зерттеуші топтардың күшімен қанағаттанбайды. Жыл сайын ғылыми-зерттеу, аналитикалық және оқу зертханаларын, институт бітірген жас қыздар мен балалар толықтырады. Техниканың дамуына байланысты, адамның еңбек жағдайы өздігінен қауіпсіз болмайды, керісінше – жаңа, белгісіз қауіпті факторлар пайда болады. Қазіргі заманғы химияны электрэнергиясынсыз, жоғары қысымды және терең вакуумсыз, жоғары және төмен температураларсыз, әртүрлі агрессиялық және токсиндық байланыстарсыз елестету мүмкін емес, олардың барлығына жарылғыш немесе өрттік қасиеттер тән.
Ғылым мен өндіріс саласында еңбектің қауіпсіздігі мен зиянсыздығын арттыру мақсатында қажетті деңгейде еңбек қорғаудың жүйесін енгізу қарастырылған. 12.0.00-80 МЖЕС сәйкес еңбек қорғау «заңнамалық актілердің, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар мен құралдардардың жүйесі, адамның еңбек процесіндегі денсаулығын сақтау мен еңбекке қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етуші ретінде анықталады.
Еңбек қорғауға бірнеше өзіндік өзара байланыстағы бөлімдер кіреді, ондағы ең басты проблема – еңбек етушілердің денсаулығын сақтау:

  1. еңбек қорғаудың құқықтық және ұйымдық мәселелері;

  2. еңбектің өндірістік санитариясы мен гигиенасы;

  3. қауіпсіздік техникасы;

  4. өртке қарсы қауіпсіздік.

Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдық мәселелеріне еңбекті қорғау бойынша заңдылықтар, өндірістік жарақаттарды зерттеу, тіркеу мен сараптау, еңбекті қорғау бойынша стандарттар мен ережелерді өңдеу, қызметшiлерді жұмыс қауiпсiздігі әдiсін үйретуді ұйымдастыру, техникалық қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылаулар және т.б. кіреді.
Өндірістік санитария деп жұмысшыларды ауыруға немесе жұмысқа қабілеттілігін төмендетуге алып келетін факторлар т.с.с, зиянды өндірістік факторларлардың мөлшерленген әсерету деңгейіне дейін төмендетілетін немесе сақтап қалатын, техникалық құралдар мен ұйымдастырушы шаралар жүйесін айтады. Химиялық зертханалар жағдайында өндірістік санитария міндетіне кәсіби уланудың алдын алуын ескерту, жұмысшыларды улы және ушықтыратын заттардың әсерінен, өндірістік шаңдардан, ионданатын сәулелерден, шулардан және басқада зиянды факторлардан сақтау, ауадағы зиянды заттардың шекті концентрациясын анықтау мен өндіріс орындарындағы ауаны бақылау, жеке қорғаныс құралдарын тасымалдау мен өңдеу, жылыту мен желдеткіш жүйесі, рационалды жарықтандыру және т.б. кіреді.
Еңбек гигиенасы- профилактикалық медицина саласында өңделген ғылыми негіздерін, жоғары жұмыс қабілетімен қамтамасыздандыратын тәжірибелік шараларынжәне кәсіптік ауырулардың алдынала ескеруін шешеді.
Зиянды факторлардан қауіпті өндірістік факторлардың айырмашылығы адамға әсер ету барысында жарақаттанғанда, күйгенде-денсаулықтың лезде нашарлауына алып келеді. Жұмысшыларды қауіпті өндірістік факторлардын қорғау техника қауіпсіздігі жүйесіне тапсырылған.
Өртке қарсы қауіпсіздігі өрттен сақтандыру, оның таралуын шектеу, өртті сәтті сөндіру үшін жағдай жасау, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мен құнды материалдарды сақтау. Сол уақытта химиялық зерттханалар жағдайында тотықтырғыштар, көп мөлшерде әртүрлі жанғыш заттардың, тотықтырғыштардың бар болуы, сонымен қатар өрт профилактикасының тұтану көздері техникалық қауіпсіздікпен тығыз байланысты болады. Қайталанған қателіктер, мысалы электр жабдықтарының бұзылуы салдарынан, біруақытта, қауіпті өндірістік фактор және өрттің шығу себебі болады. Сондықтан химиялық зерттханаларда өрт профилактикасын қауіпсіздік техникасымен бірге меңгеру керек.
«Еңбекті қорғаудың» жеке бөлімі, тығыз өзарабайланыста болады және олардың арасында нақты шекара жүргізу мүмкін емес, «еңбекті қорғау» мен «техника қауіпсіздігі» түсінігін араластыруға болмайды. Өйткені еңбектi қорғау қызметінің функциялары бойынша көптеген химиялық өнеркәсіп бөлімдерінде орындалатын техника қауіпсіздігінің қызметтері дәстүрлі түрде аталады.
Оқулықта еңбек қорғаудың құқықтық және ұйымдық мәселелері
қарастырылмаған, тек өндірістік санитария туралы ең негізгі ұсыныстар көрсетілген. Бұл кітапта автор химик-тәжірибешілердің тұтынушылығын қанағаттандыруға ұмтылған. Қазіргі уақытта техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғауға қатысты әдебиеттердің көптеп шығуына қарамастан, оның басым бөлігі химиялық өндіріске арналған.
Зертханалық практикумдар мен жұмыстардағы нұсқаулықтарға жүйелік сипаттар тән емес болғандықтан қауіпсіздіктің жалпы ережелері қарастырылмайды.
Мұндай шағын кітапта зертханалардағы қауіпті жұмыстардың барлығын бірдей қамту мүмкін емес. Сондықтан кітапта жиі орындалатын операцияларда кездесетін жарақаттар мен апаттар туралы кеңінен жазылған. Мұндай жұмыстардың қатарына, мысалы, шыны ыдыспен, электржабдықтармен, органикалық ерітінділермен және т.с.с. жұмыс істеу кіреді. Жарақат кезінде, сонымен қатар сынаппен жұмыс істеу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек туралы тарауларда кеңірек қамтылған.
Автор рецензенттер Г.Н. Титов пен В.С. Полонскийге пайдалы ескертулері мен кеңестері үшін алғысын білдіреді. Оқырмандардың кез-келген тілектері мен ұсыныстарын автор жылы ниетпен қабылдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет